Қамтамасыз ету кезінде комиссия жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге

749
Комиссия төрағасы үшін мамандар тартуға құқылы техникалық есептерді жүргізу, зерттеулер, сараптама жұмыстарының себептерін анықтау үшін жазатайым оқиға

ҚР ЕК 323-бабының 3-тармағына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:

Жұмыс беруші қамтамасыз етеді:

1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің,
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы
мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
4) мыналарды:
- жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік
факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды,
эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген
фото- және бейнематериалдарды және т.с.с);
- нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен
адамдардың ЕҚжЕҚ жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, жаза-
тайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған
хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен,
мамандардың сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді;
- зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
- зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың
сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы,
алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы)
туралы медициналық қорытындыны;
- зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа
да жеке қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың
көшірмелерін;
- аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен
аумақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының
(егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде
орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді,
сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған ЕҚжЕҚ
жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы
нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;
- комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да
құжаттарды береді.
Комиссия төрағасы жазатайым оқиғаның шынайы себептерін анықтау
үшін техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, басқа да
сараптамалық жұмыстарды орындау және жүргізу үшін мамандарды тартуға құқылы. Сараптамалық жұмыстардың нәтижелері қорытындымен ресімделеді, оған тартылған мамандар қол қояды. Бұл қорытынды тергеп-тексеру материалдарына қоса беріледі.
Кәсіпорында еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын ұйымдастыру еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша ережелер мен нормалар, технологиялық карталар, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, инженер-техникалық қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, кәсіптер санаттары бойынша еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, нұсқамалар, жұмыстың қауіпсіз әдістері жөнінде нұсқамалар өткізу бағдарламалары сияқты бірқатар құжаттармен регламенттеледі.
Кәсіпорын әкімшілігі ұсынған құжаттар қолданыстағы және осы кәсіпорында қолданылатын құжаттар болуы тиіс.
Зардап шегушінің денсаулығына келтірілген зақымданудың ауыртпалық
дәрежесі мен сипаты туралы медициналық қорытынды денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті орган бекітетін «Өндірістік жарақаттардың ауыртпалығын белгілеу сұлбаларына» сәйкес белгіленген форма бойынша беріледі.
Бұл қорытындыны жұмыс берушінің сұратуы бойынша мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде (сұрату түскен сәттен бастап үш күннен көп емес) зардап шегушілерді емдеу жүзеге асырылатын емдеу-профилактикалық мекемелердің дәрігерлері береді.
Өндірістік жарақат ауыртпалығын анықтау кезінде орын алған зақымдану-
лардың сипаты мен орындары, олардың зардап шегушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіптілігі есепке алынады.
Әртүрлі оқшауланған ауыр өндірістік жарақаттар қатарына мыналар жа-
тады:

I. МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУЛАР

1.1. Бас, бет, мойын
1.1.1. Бассүйек негізі мен күмбезінің ашық және жабық сынулары.
1.1.2. Жоғарғы және төменгі жақсүйектердің сынулары.
1.1.3. Бассүйек ішіндегі жарақаттанушылық сипаттағы қан құйы-
лулар, мидың жаншылуы мен шайқалуы.
1.1.4. Қөрудің бұзылуымен қатар жүретін көз алмасының ішкі
жарақаттануы мен соғылулары.
1.1.5. Мойын күрежолдық ірі тамырларының жаралануы, жұтқын-
шақ, ас жолы, трахеялардың ішкі жарақаттары.
1.1.6. Бұдан кейін бұл жерлердің бейнесі бұзылуларымен бастың,
беттің, мойынның кең көлемді жарақаттанулары.
1.2. Кеуде
1.2.1. Кеуде және жамбас қуыстары органдарының, жамбастың
жабық және ашық зақымданулары.
1.2.2. Өкпе жарғағының зақымдануымен қабырғалардың сынуы,
кеуде сүйектерінің сынуы, кеуденің жаншылуы.
1.2.3. Омыртқа денелерінің, доғашалары мен сүйектік өскіндерінің,
омыртқалардың екі және одан көп мұртшалы өскіндерінің сынуы.
1.2.4. Жұлынның зақымдануымен және зақымданусыз омыртқа-
лардың шығып кетуі немесе сынуы.
1.2.5. Жамбас сақинасының бүтіндігін бұзумен және бұзбастан жам-
бас сүйектерінің сынуы, жамбас құрамдастарының ажырауы.
1.3. Қолдар мен аяқтар
1.3.1. Қол, аяқтардың ірі буындарының шығып кетулері мен сыну-
лары.
1.3.2. Қол, аяқтардың ұзын сүйектерінің, тізенің, жауырын мойын-
шасының ашық, жабық, оқшауланған және көптеп сынулары.
1.3.3. Білезік пен білек сүйектерінің көптеп сынуы, білезік және
білек алды сүйектерінің оқшауланған және көптеп сынуы.
1.3.4. Білезік, табан және олардың бөліктерінің мыжылуы.
1.3.5. Білезіктің тереңдік және беткі иілгіштері сіңірлерінің, иық
бұлшық еттерінің, ахилл сіңірінің, тізе және тобық
буындарының байланыстыру аппаратының зақымданулары.
1.3.6. Қол мен аяқтардың жарақаттық толық және жартылай үзілуі.
1.3.7. Аяқ-қолдардың күрежолдық ірі буындары мен жүйкелік
бағандарының зақымданулары.
1.3.8. Аяқ-қолдардың жұмсақ тіндерінің жаншылуы.

II. БАСҚА ДА ЗАҚЫМДАНУЛАР (ЖЫЛУЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ, ЭЛЕКТРЛІК,
СӘУЛЕЛІК, БӨГДЕ ДЕНЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМІ)

2.1. I-II дәрежелі жылулық және химиялық күйіктер, дене беті
ауданының 20%-дан астамымен, III дәрежесі-дене беті ауданының
1% -дан астамы, IV дәрежелі күйіктер, сәулелік күйіктер.
2.2. III-IV дәрежелі үсіктер, ағзаның жалпы тоңуы.
2.3. Электр тогының сананы бұзумен, тыныс алу мен жүрек-қан тамыр-
лары қызметін бұзумен қатар жүретін әсері.
2.4. Аралас зақымдану (жылулық, химиялық, электрлік, сәулелік,
механикалық жарақаттардың үйлесімі).
2.5. Кейінге қалдыруға болмайтын жан сақтау көмегін талап ететін жұт-
қыншақтағы, ас және тыныс алу жолдарындағы бөгде денелер.
Басқа зақымданулар өндірістік ауыр жарақаттар қатарына жатпайды.
Өндірістік жарақаттардың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыда зар-
дап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты, жасы, атқаратын лауазымы, осы емдеу профилактикалық мекемеге түскен (жүгінген) уақыты көрсетіледі, зақымдану орны мен сипаты көрсетілген толық диагноз және орын алған зақымданудың өндірістік ауыр жарақаттарға жататын-жатпайтыны туралы қорытынды келтіріледі.
Жарақаттың ауырлығы туралы берілген қорытындыда емдеу мекемесінің
мөртабаны мен мөрі, емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісінің (немесе бас дәрігердің) қолы, берілген күні болулары тиіс.
Өндірістік жарақаттың ауырлығы туралы қорытындыны емдеу мекемесі
«Амбулаториялық, стационарлық (астын сызу) науқастың ауру тарихынан үзінді көшірме» бланкісінде ресімдеуі мүмкін. Бұл ретте қорытындыны ресімдеуге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау қажет.
Берілген қорытындыдағы ауру тарихында (амбулаториялық науқастың жеке картасында) емдеуші дәрігер зақымданулардың ауырлығын және қорытынды берілген күнді көрсете отырып, тиісті жазба түсіреді.
Жедел және кейінге қалдырылмайтын көмек көрсететін дәрігерлер, тек
алғашқы жәрдем көрсететін немесе емдеу мекемесіне көлікпен жеткізуді жүзеге асыратын медициналық қызметкерлер өндірістік жарақаттың ауырлығы туралы қорытынды бермейді.
Зардап шегушінің өлімі туралы медициналық қорытынды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.20.05 № 368 бұйрығымен бекітілген сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес беріледі.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль