Справочник кадровика

Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шартын бұзу ерекшеліктері

  • 20 августа 2018
  • 799
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шартын бұзу ерекшеліктері

Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерді Еңбек Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартының алдағы бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті.


Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.
 

Еңбек шартын тоқтату негіздері


Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерлермен еңбек шарты, Еңбек Кодекстің 52-бабында көзделген негіздерден басқа:

1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан артық мерзімге тоқтатыла тұрған;
2) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан бір ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

Алғашқысын жұмыс беруші өндірістік, экономикалық және осы тектес себептерге байланысты жұмыс тоқтатылған жағдайда қолданады және ол екі аптадан аспайтын мерзімге жалғасуы тиіс.
Жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан бір ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша маусымдық жұмыскермен еңбек шартын бұзуға тек жұмыскер уақытша еңбекке қабілетсіздік парағын көрсеткеннен кейін жол беріледі. Алайда, аталған жағдайда ҚР Еңбек Кодексінің 52-б. 1-т. 20) тарм. басшылыққа алу керек, мұнда жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша:

  • жұмыскер жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған;
  • егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды («Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығы) қоспағанда бұзылуы мүмкін; 
  • өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады.
 

Қызметкердің бастамасы бойынша шартты бұзу


Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскердің бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқығы бар.
Еңбек шартында жұмыскердің еңбек шартын бұзу туралы ескертудің барынша ұзақ мерзімін белгілеуге рұқсат етіледі. Осы тармақпен қарастырылған ескерту мерзімі ішінде тараптардың келісімі бойынша ескерту қайтарып алына алады.
Ескерту мерзімі өткеннен кейін жұмыскер толық материалдық жауапкершілік туралы шарт бойынша материалдық жауапты тұлға болып табылатын жағдайларды қоспаған, жұмысты тоқтатуға құқылы. Осы жағдайда жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдап-өткізуді аяқтау күні еңбек шартын бұзу күні болып табылады.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Жұмыс беруші жұмыс кестесін өзгертіп, ауысым кестесінің орнына (2/2), аталмыш мамандық зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларын көздейтінін ескере отырып, басқа кестені – 7/7 – белгілей ала ма?
Sadueva

Гульжан Садуева 

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», магистр юридических наук, директор Института профессиональных экспертов и криминалистов РК, профессиональный бухгалтер РК, г. Алматы

Еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушінің міндеттері


 Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерді осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартының алдағы бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
Жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда немесе жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерді еңбек шартының алдағы бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда ескертудің барынша ұзақ мерзімі қарастырылмаса.
Еңбек шартын бұзу жұмыскердің жазбаша келісімімен ескерту мерзімі өткенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.



Еңбек шартын бұзған кезде өтемақы төлемдері


Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төлейді.
Маусымдық жұмыскерлер, әдеттегідей, еңбек демалысын ресімдемейтіндіктен, алайда өзге жұмыскерлер секілді Еңбек кодексімен еңбек демалысына деген құқығы қарастырылғандықтан, еңбек демалысының ұзақтығы еңбек шартында нақтылануы тиіс, бірақ жұмыс істеген жылына кем дегенде 24 күнтізбелік күнді құрауы тиіс болғандықтан, маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шартын бұзғанда, жұмыс беруші жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде қолданылмаған еңбек демалысына өтемақы төлемін төлеуді жүзеге асырады.
Егер маусымдық жұмыскер бір маусым – алты ай жұмыс істесе, онда оған қолданылмаған еңбек демалысының 12 күнтізбелік күні үшін өтемақы төлемі қарастырылған. Сондықтан жұмыс беруші маусымдық жұмыскерді жұмыстан шығарғанда маусымдық жұмыскер жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде қолданылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлемін төлеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шартын бұзу ерекшеліктері
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шартын бұзу ерекшеліктері


Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты Еңбек Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде екі апталық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді.
Еңбек Кодексінің 131-б.

• жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған;
• жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқан;
• жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;
• жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда, жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде орташа айлық жалақы мөлшеріндегі өтемақы төлеуді қарастырады.

Алайда, жоғарыда аталған себептер бойынша маусымдық жұмыскермен еңбек шартын бұзғанда жұмыс беруші тек екі апталық орташа жалақы мөлшеріндегі өтемақы төлеуге міндетті. Сонымен бірге, еңбек шартына немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес оның мөлшері көбейтілуі мүмкін.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться