Ұсыныстар үшін кәсіптік аурулардың алдын алу

736
Мақалада ертерек айқындау әдісінің, осыған орай, зиянды өндірістік ортаның этиологиялық факторлары жағдай жасайтын кәсіптік аурулар профилактикасының тұжырымдамалық моделі ұсынылған

Президент Жарлығымен қабылданған, Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасына сәйкес, аса маңызды міндеттердің бірі – кәсіптік тәуекелді төмендету мен жұмыс істеушілерді сауықтыруды қамтитын, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орнықты дамуды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде Еңбек кодексінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасы мәселелеріне жауап беретін ережелер мен талаптар толық көлемінде регламенттелген. Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бірқатар ғылыми жарияланымдарда да көрсетілгендігін және баяндалғандығын атап көрсету қажет [1, 2].

Бүгінгі күні «кәсіптік тәуекелдер» негізінде жұмыскер ағзасына өндірістік ортаның әсер ету көріністерінің күрделі табиғатына ғалым-гигиенашылардың, кәсіптік патологтардың, токсикологтардың, сондай-ақ әлеуметтанушылар мен экономистердің заманауи көзқарасы жатыр. Адам қызметінің кез келген саласы сияқты, өндірістік қызметтің адам үшін жойылмайтын тәуекелдің орын алуымен қатар жүретіндігі күдік туындатпайды.

Тәуекел салаларының әрқайсысында орын алған тәуекелдердің түрлері мен деңгейлерінің өзара әрекетін нәтижелеуші әсер позициясынан зерделеу мен талдау маңызды:

  • қалыптастырушы кәсіптік тәуекел (техникалық және технологиялық жүйелер);
  • тәуекелді қабылдаушылар (жұмыскерлердің кәсіптік топтары);
  • бағалаушы тәуекел (медициналық қызметтер мен қауіпсіздік техникасының қызметі).

Ғалымдар кәсіптік тәуекелдердің зиянды әсер етулерінің арасынан еңбек қабілеттілігінен айырылу (уақытша немесе тұрақты) мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан  өліммен аяқталатын оқиғалармен қатар, кәсіптік ауруларды да бөліп көрсетеді.

Қазіргі уақытта кәсіптік аурулардың дамуын, сондай-ақ олардың критерийлерін Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық еңбек ұйымының заманауи тұжырымдамаларына орай болжамдау үшін кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың қағидаттық тәсілдері мен әдістері әзірленді. Кәсіптік тәуекелді бағалау жүйесі денсаулық бұзылуын априорлы (гигиеналық критерийлер бойынша), сондай-ақ апостериорлы (медициналық-биологиялық критерийлер  – денсаулық көрсеткіштері бойынша) болжамдауды қамтиды.

Кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың қолданыстағы отандық жүйесі жұмыс істеушілердің еңбек жағдайларына өндірістік орта мен еңбек процесінің жекелеген факторлары бойынша талдау жасауға, априорлы болжамдау көмегімен зиянды және қауіпті факторлардың нақты  әсер етуін олардың регламенттермен белгіленген деңгейлерімен салыстыру жолымен бағалауға – жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау рәсіміне негізделген.

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың – экономикалық жағынан шығынды рәсім екендігін атап өткен жөн, бұл ретте оның кейбір проблемалық тұстары да болады [3, 4]. Мұны назарға ала отырып, бұл қымбат тұратын рәсім нәтижелерін барынша пайдалану қажеттігі айқын болып табылады [5, 6].

Жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу тұтастай алғанда жұмыс істеушілердің үлкен кәсіптік топтары үшін тәуекелдің жекелеген факторлары бойынша кәсіптік тәуекелдер деңгейлері туралы жалпы түсініктер алуға мүмкіндік береді, мысалы:

  • жекелеген кәсіптер үшін тәуекелдің сипатты факторларының деңгейлері;
  • тәуекелдің жекелеген факторлары бойынша (микроклимат, жарықтық орта, шу, діріл, шаңданғандық, газданғандық, әртүрлі сәулеленулер және т.б.) еңбектің қолайсыз жағдайларымен қамтылған жұмыскерлердің меншікті үлесі.

Алайда аттестаттаудың мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді. Ол жұмыскерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер ету шараларына сандық (сапалық) бағалау жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бұған қоса, жұмыс орындарын аттестаттаудың қолданыстағы жүйесі өз арсеналына адам ағзасына тәуекелдің барлық факторларының үйлесімді (кешенді) әсер ету деңгейін бағалауды қамтымайды.

Сондай-ақ гигиеналық бағалау арсеналының жеке деңгейде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін бағалауды жүргізуге мүмкіндік бермейтінін және жекелеген жұмыскер денсаулығының жай-күйіне өндірістік ортаның ерекше зиянды және ерекше қауіпті факторларымен жанасу уақытының өн бойында бақылау жасауды және оның денсаулығына елеулі залал келтірілу ықтималдылығын есептеуді көздемейтіндігін атап көрсеткен жөн.

Бұл ретте кәсіптік тәуекелдің жоғары деңгейлері бар өндірістермен қамтылған жұмыскерлерде денсаулығының зақымдануы мен еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі есепке алынбайды. Мұнда жүйелік кемшіліктер сипаты бар, өйткені жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелді бағалау нәтижелері мен жұмыскерлердің денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігіне зақым келтірілуін тіркеу нәтижелері бірыңғай жүйеге біріктірілмеген.

Осылайша, кәсіптік тәуекел деңгейін анықтауда гигиеналық критерийлер бойынша еңбек жағдайларын бағалау алдын ала (априорлы), бағдарлаушы бағалау болып табылады және оны тәуекелді нәтижелеуші бағалаумен (апо­стериорлы) бекіткен жөн.

Жұмыс ортасының зиянды факторларының жұмыс істеушілердің денсаулық жай-күйінің көрсеткіштеріне әсер етуінің нәтижелеуші белгілеріне олардың негізінде интегралдық көрсеткіштерді есептеумен кәсіптік және өндірістік-жағдайластырылған ауруға шалдығушылық деңгейлері жатады.

Кәсіптік тәуекелді түпкілікті бағалау үшін мерзімдік медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері, еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылумен ауруға шалдығушылық мәліметтері, биологиялық жасты төлқұжаттық жаспен салыстыру, өлімге ұшырау, мүгедектік, ұрпақты болу денсаулығының бұзылуы сияқты жұмыскерлер денсаулығының әлеуметтік маңызды көрсеткіштеріне де талдау жасауды жүргізу мақсатқа лайық болады.

Жоғарыда баяндалғандарды назарға ала отырып, кәсіптік аурулардың профилактикасы мен ертерек айқындау әдістемесінің тұжырымдамалық моделін ұсынамыз.

Жұмыскерлер денсаулығы үшін тәуекелді талдау

Жұмыскерлер денсаулығы үшін тәуекелді талдауда өз кезегінде, бірнеше құрамдастар болады.

1. Априорлы бағалау жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жолымен жүргізіледі.

2. Апостериорлы бағалау өзіне мынаны қамтиды:

  1. еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылумен ауруға шалдығушылық.

Еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылумен ауруға шалдығушылықты (бұдан әрі – ЕҚУА) талдау мен зерделеу үшін мыналарды ескерген жөн.

Еңбекке қабілетсіздік парақтарын көшіруді жүргізудің алдында жеке есепке алу карточкасынан (кадрлар бөлімі)  – Т.А.Ә., сауалнамалық деректерді, белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі кәсібін, жұмыс орнын, жалпы өтілін, кәсіп бойынша өтілін және басқаларын көшіріп алу қажет (айтпақшы, ғалымдар өз тәжірибесінде ЕҚУА-ны бір жыл ішінде зерделеуді қолданбайды). Одан кейін әрбір күнтізбелік жыл үшін «…жылы қабылданғандар», «…жылы жұмыстан босатылғандар, «жыл бойғылар» топтарын құру қажет. Тек содан кейін ғана, әрбір зерделенетін күнтізбелік жылға «жыл бойғылар» үшін еңбекке қабілетсіздік парақтарын көшіріп алу жүргізіледі.

Бұдан кейін бастапқы материалмен жұмыс басталады, ол өзіне мынадай ақпарат алу үшін жеке есепке алу карточкаларымен еңбекке қабілетсіздік парақтарын әлденеше рет сұрыптауды қамтиды:

  • жұмыскерлердің жас және жыныстық құрамы (жалпы, цехтар бойынша);
  • ауруға шалдығушылық сипаты (жынысы, жасы, цехтар бойынша 100 адамға, жұмыс және күнтізбелік күндерге  шаққандағы оқиғалар);
  • ауруға шалдығушылықты жылдың айлары, тоқсандары бойынша бөлу (кәсіпорын, цехтар, жынысы, жасы бойынша);
  • аурулардың жиілігі мен ұзақтығы (кәсіпорын, цехтар, жынысы, жасы бойынша).

Сондай-ақ ауруға ұшыраушылықты жеке есепке алу кезінде мыналар бағаланады:

  • аурулардың кәсіпорын, жынысы, жасы, цехтар бойынша дүркіндігі;
  • кәсіпорын, цехтар, жынысы, жасы бойынша жиі ауыратындардың (жылына 4 рет және одан көп) меншікті үлесі;
  • кәсіпорын, цехтар, жынысы, жасы бойынша ұзақ ауыратындардың (жылына 40 күннен көп) меншікті салмағы.

ЕҚУА зерттеуінің келесі кезеңдері:

  • ауруға шалдығушылықтың экономикалық залалы;
  • емдеу-сауықтыру іс-шараларының тиімділігін анықтау;
  • диспансерлеудің тиімділігін анықтау;
  • ауру себебінен кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғалар санын анықтау;
  • жұмыс істеушілердің ауруы себебінен кәсіпорын, цехтар жұмыс істемеген күндер санын анықтау;
  • ауруға шалдығушылықтан туындайтын, жоғалтылған жұмыс уақытын анықтау.

ЕҚУА зерттеуді ірі кәсіпорындарда жүргізген жөн, бұл жас-жыныстық, өндірістік және нозологиялық топтар бойынша статистикалық нақтылық (t және Р) үшін қажетті таңдап алуды (n) қамтамасыз етеді. Өткізілген зерттеулердің айтарлықтай көлеміне қарамастан, үш жылдан аз кезең ішінде ЕҚУА зерттеуді өткізу аз ақпарат береді;

2) кәсіптік ауруға шалдығушылық.

Жұмыс өтіліне қарай жұмыскерлерде кәсіптік ауру пайда болуының тәуекелін бағалау үшін саланың зерттелетін кәсіпорындарында айқындалған кәсіптік аурулар жөніндегі мәліметтерді пайдалнған жөн;

3) өндірістік жарақаттану.

Жарақаттанушылықты зерттеу әдістері:

  • калық әдіс – жазатайым оқиғаларды әртүрлі белгілері: зардап шегушілердің жынысы, жасы, кәсібі, жұмыс өтілі, біліктілігі, еңбекке қабілетсіздігінің ұзақтығы бойынша бөлу заңдылықтарын айқындау.
  • ялық әдіс – жазатайым оқиғаларды оқшаулауды анықтауға арналған.
  • калық әдіс – өндірістік жарақаттанушылық профилактикасына бағытталған шығындардың тиімділігін айқындау.

Жарақаттанушылықтың бағалаушылық көрсеткіштері:

Жарақаттанушылық жиілігінің коэффициенті – есепке алынған кезең ішінде 1000 жұмыс істеушіге шаққандағы жазатайым оқиғалар саны.

Ауырлық коэффициенті – зардап шеккендердің еңбекке қабілетсіздігінің орташа ұзақтығы.

Жұмыс уақытын жоғалту коэффициенті – есепке алынған кезең ішінде 1000 жұмыс істеушіге шаққанда еңбекке қабілетсіздік күндерінің саны.

Өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті.

3. Кәсіптік ауруға шалдығушылық тәуекелін сандық бағалау (заманауи, ақпараттық әдістемелер ауқымы).

Кәсіптік ауруға шалдығушылық тәуекелін сандық бағалаудың бірыңғай біріздендірілген әдістемесін әзірлеу және оны бұдан кейін пайдалану мүмкіндігі күдік туындатады. Сондықтан денсаулық үшін кәсіптік тәуекелді сандық анықтаудың, кәсіптік патология дамуын болжамдаудың, зиянды өндірістік факторлармен жанасу кезінде жұмыскерлердің жол берілетін өтілін есептеп шығарудың тек кейбір әдістемелерінің тізбесін келтіреміз.

Көрсетілген тізбеге нақты зиянды факторлар немесе нақты салалар үшін кәсіптік ауруларды айқындауға арналған «тар шеңберлі» әдістемелердің енгізілмегендігін атап өткен жөн.

Жұмыскерлер ағзасының функциялық жай-күйінің ерекшеліктерін зерттеу және денсаулық бұзылулары қалыптасуының ерте критерийлерін анықтау

      Жұмыскерлер ағзасының функциялық жай-күйінің ерекшеліктерін зерттеу және денсаулық бұзылулары қалыптасуының ерте критерийлерін анықтау мынаны қамтиды:

1.    Медициналық тексеріп-қараулар. Емдеу-профилактикалық мекемелер мен кәсіптік патологиялық көмек орталықтарының мерзімдік және тереңдетілген медициналық қарап-тексерулерді өткізуі.

2. Тәуекел критерийлеріне жататын, айқындалған көрсеткіштерді есепке алумен тәуекел топтарын қалыптастыру. Кәсіптік қарап-тексеруде кәсіптік аурулардың бастапқы көріністері, жекелеген белгілері бар тұлғалар айқындалған кезде  «тәуекел тобы» қалыптастырылады. Бұл топқа қатысты мынадай шаралар жүзеге асырылуы тиіс: денсаулық пунктінде, кәсіпорын профилакторийіндегі, медициналық оңалту орталығындағы емдеу-профилактикалық шаралар, санаторийлік-шипажайлық емдеу (жұмыс берушінің есебінен).

Денсаулық бұзылулары дамуының (кәсіптік аурулардың) тәуекелін төмендету жөніндегі шаралар

Денсаулық бұзылулары дамуының (кәсіптік аурулардың) тәуекелін төмендету жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:

1. Медициналық-профилактикалық іс-шаралар:

  • Медициналық қарап-тексерулерді оңтайландыру.

Соңғы жылдары ТМД елдерінің көптеген мамандары бір жағынан, гигиеналық регламенттерге сәйкес келмейтін еңбек жағдайларымен қамтылған жұмыскерлер үлесінің өсуі, екінші жағынан – кәсіптік ауруға шалдығушылық көрсеткіштерінің төмендеуі аясында мерзімдік медициналық қарап-тексерулердің (бұдан әрі – ММҚ) сапасы мен тиімділігінің төмендігіне назар аударып отырғанын атап өту қажет. Мұндай жағдаят ММҚ тиімсіздігінің себептеріне талдау жасауды және ММҚ сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар әзірлеуді талап етеді.

Қазіргі уақытта ММҚ өткізу практикасында олардың нәтижелерін бағалау үшін әдетте,  «жұмыскерлерді ММҚ-мен қамту пайызы» және ММҚ-ның нормативтік құқықтық актіге сәйкес өткізілуінің толықтығы сияқты көрсеткіштер пайдаланылады.

ММҚ сапасын бағалау үшін қосымша критерийлерді пайдалануға болады.                                    

ММҚ сапасын бағалауға арналған қосымша критерийлер

ММҚ өткізілуінің өз уақыттылығы:

белгіленген уақытта медициналық қарап-тексеруден өткен жұмыскерлер саны

х 100

медициналық қарап-тексеруге жататындардың жалпы саны

Кәсіптік патология саласындағы маман-дәрігерлердің кәсіптік дайындық деңгейі:

кәсіптік патология саласында кәсіптік дайындығы бар маман-дәрігерлердің саны

х 100

ММҚ өткізуге қатысатын маман-дәрігерлердің жалпы саны

Медициналық ұйымның медициналық қарап-тексерулер өткізу үшін зертханалық диагностика құралдарымен және әдістерімен жарақталу деңгейі:

медициналық қарап-тексерулер жүргізу үшін емдеу-профилактикалық мекеме иеленген зертханалық диагностика құралдары мен әдістерінің саны

х 100

Медициналық қарап-тексерулерді нормативтік құқықтық актіге сәйкес өткізу үшін қажетті, зертханалық диагностика құралдары мен әдістерінің саны

Бұл көрсеткіштер қарап-тексерулерді ұйымдастыру сапасын сипаттауға мүмкіндік береді, бірақ олардың тиімділігін толық мөлшерінде бағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені ММҚ нақты нәтижелері мен түпкі мақсатына қол жеткізу дәрежесін бейнелемейді деп есептеледі.

ММҚ нәтижелілігінің коэффициенттері ретінде кәсіптік патология орталықтарының (бұдан әрі – КПО) және медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелерінің ақпараттық мәліметтері негізінде есептелген көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады.        

ММҚ нәтижелілігінің коэффициенттері

ММҚ кезінде кәсіптік аурулардың айқындалу коэффициенті:

ММҚ нәтижері бойынша КПО-на жіберілгендің ішіндегі сол жылы кәсіптік ауру диагнозы қойылған тұлғалар саны

х 100

сол жылы КПО анықтаған кәсіптік аурулары бар тұлғалардың жалпы саны

Сол жылы ММҚ  нәтижелері  мен КПО-нда кәсіптік аурулардың бастапқы сараптамасы нәтижелерінің  сәйкестік коэффициенті:

КПОнда кәсіптік ауру диагнозы бірінші рет қойылған тұлғалар саны

х 100

сол жылы КПО-та тексеріп-зерттелген, кәсіптік ауру күдігі бар тұлғалардың жалпы саны

Кәсіптік аурулары бар науқастарды бастапқы медициналық-әлеуметтік куәлендіру кезіндегі мүгедектік көрсеткіші:

сол жылы бастапқы медициналық-әлеуметтік куәлендіру кезінде мүгедектігі анықталған, кәсіптік аурулары бар тұлғалар саны

х 100

сол жылы КПО анықтаған, кәсіптік аурулары бар тұлғалардың жалпы саны

  • Ағзаның жалпы  резистенттілігін арттыру жөніндегі шаралар (өзіндік ерекшелігі жоқ әсер ету әдістері: адаптогендер, дәрумендендіру, озон дық және фитотерапия және басқалар).
  • Кәсіптік және кәсіптік-жағдайластырылған патологияның профилактикасына арналған емдеу арқылы әсер ету (тамырлық патология терапиясы, антиоксиданттық, дәрумендік терапия, физиологиялық емдеу және басқалар).
  • Жұмыс істеушілердің денсаулығы туралы мәліметтерді тіркеу және мониторингі, жұмыскерлер денсаулығы қорын (төлқұжатын) жасау.
  • Заманауи медициналық технологияларды енгізу, патогенетикалық жағынан негізделген емдеу-оңалтушылық құралдар мен әдістерді қолдану.
  • Жұмысшыларды салауатты өмір салтына уәждеуді арттыру.

2. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар:

  • Құрылымдаушылық-технологиялық шаралар (жаңа технологияларды, өндірістік жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру).
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау.
  • Персоналды кәсіптік іріктеу.
  • Қауіпсіздік техникасына оқыту.
  • Еңбек жағдайларына мониторинг (жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды қосқанда).
  • Ұжымдық және жеке қорғану құралдарын тиімді пайдалану.

                

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтық, заңнамалық негіздер мен нормативтік материалдарды жетілдіру

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтық, заңнамалық негіздер мен норм ативтік материалдарды жетілдіру мынаны құрайды:

  1. Еңбектің зиянды жағдайларымен қамтылған жұмыскерлерге медициналық көмек беру мен медициналық профилактика жүйесін жетілдіру.

Еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларымен қамтылған жұмыскерлерді диспансерлеу мен міндетті мерзімдік ММҚС сапасын жақсарту мақсатымен мамандарда біліктілігін арттыру туралы сертификаттар мен тиісті аспаптық жарақтандырудың міндетті түрде болуы есепке алынумен, медициналық ұйымдарды міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулер өткізуге лицензиялау рәсімін қайта қараған жөн.

  1. Заңнамалық актілерді әзірлеу.

Оған жеткеннен кейін жұмысшы зиянды өндірістен шығарылатын, жұмысшылар жұмысының ең көп ұзақтығын (қауіпсіз өтілді) анықтау (есептеп шығару) жөніндегі заң актісін әзірлеу қажет, бұл кәсіптік аурудың туындауын болдырмауға, еңбек қабілеттілігінен айырылғандығы үшін өтемақыларға кететін материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

  1. Еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдердің жай-күйі туралы мәліметтер жинаудың ақпараттық жүйесін жетілдіру.

Жүйе еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдерге қатысты мәліметтерді жинау, талдау жасау, жалпылау үшін пайдаланылуы тиіс. Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға шалдығушылықтың жай-күйі туралы мәліметтердің бірыңғай электрондық базасын қалыптастырған жөн. Жүйе аттестатталған (аккредиттелген) ұйымдардан өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нәтижелері туралы мәліметтердің келіп түсуін көздеуі тиіс. Бұл ұйымдарда жұмыс орындарында өткізілген  еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау рәсімі бойынша есептік материалдардың сапасына, дұрыстығына талдау мен сараптама жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, аттестаттайтын ұйымның аспаптық базасын қосқанда кәсіпқойлық деңгейін, адалдық дәрежесін, сондай-ақ материалдық жарақтанғандық деңгейін анықтау мүмкіндігін береді.

Қорытындыда кәсіптік ауруларды ертерек айқындау мен профилактикасы әдістемесінің тұжырымдамалық моделінің көрсеткіштері бойынша кәсіптік тәуекелдерді бағалау мен талдау өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне еңбектегі ұзақ жылдылықты сақтау мен еңбекшілер арасында өндірістік-жағдайластырылған және кәсіптік аурулар дамуының тәуекелін болжамдау мақсатымен кәсіптік тәуекелді жою немесе азайтуға бағытталған профилактикалық шаралар кешенін өз уақытында әзірлеуге мүмкіндік беретіндігін атап өту қажет.

Әдебиет тізімі

1.    Дуйсенова Т. Б. Основные направления обеспечения безопасности и охраны труда в РК // Охрана труда. Казахстан, 2014. – № 6. –  53–60 б.

2.    Бисакаев С. Г. Научные исследования в области охраны труда: задачи, результаты, перспективы // Охрана труда. Казахстан, 2014. – № 8 (104). – 52–55 б.

  1. Хан А. В., Жумалиев Б. С. Свидетельство о государственной регистрации прав на объект авторского права № 105 от 01 февраля 2013 года «Рекомендации для разрешения проблемных вопросов подготовительного этапа процедуры аттестации рабочих мест по условиям труда».
  2. Хан А. В., Жумалиев Б. С. Свидетельство о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности № 1652 от 13 декабря 2013 года «Рекомендации для разрешения проблемных вопросов процедуры аттестации рабочих мест работников-инвалидов по условиям труда».
  3.  Хан А. В., Жумалиев Б. С. Свидетельство о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности № 556 от 01 июля 2009 года «Использование результатов аттестации рабочих мест по условиям труда для определения процента страховых тарифов, дифференцированных по видам экономической деятельности в зависимости от класса профессионального риска и категории персонала».
  4. Хан А. В., Жумалиев Б. С. Свидетельство о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности № 781 от 12 ноября 2012 года «Использование результатов аттестации рабочих мест по условиям труда для определения продолжительности дополнительного отпуска работников».

 

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы  «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» № 1057 бұйрығы.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль