text
Справочник кадровика

Жеке еңбек дауын қарау тәртібі

  • 15 августа 2018
  • 549
Жеке еңбек дауын қарау тәртібі

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын - келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.



Еңбек талашы дегеніміз не


ҚР Еңбек Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;
Еңбек кодексімен көзделген еңбек шартынан туындайтын еңбек даулары соттан тыс келісім комиссиясымен, сондай-ақ тікелей сотпен де қарастырыла алады.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек дауының кез-келген санаты келісім комиссияларымен қарастырыла алады.
Келісім комиссиясының шешімімен келіспеген, сондай-ақ ол орындалмаған жағдайда, еңбек дауының тараптары сотқа арызбен жүгіне алады (ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 9 нормативтік қаулысы)
Келісім комиссиясына жүгіну, еңбек дауы тараптарының міндеттері емес, ол осы тараптардың құқығы болып табылады. 
Жұмыскер және (немесе) жұмыс беруші жеке еңбек дауын шешу үшін ҚР ЕК белгіленген тәртібімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар (ҚР ЕК 22-бабы 1-тармағының 16) тармақшасы және 23-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы).


 


Келісім комиссиясы: құрамы, жұмыс тәртібі, шешім қабылдау



Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында туындайтын дауларды қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Келісу комиссиясы тікелей ұйым өзінде, сондай-ақ оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылады.
 Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.
Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.
Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыруға, техникалық және бухгалтерлік тексерулерді өткізу үшін мамандарды, кәіподақ өкілдерін шақыруға құқылы.


ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Жұмыскерлердің жекелеген санаттарын іссапарға жіберу шарттары
elemesova

Маржан Елемесова 

автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», Master of Business Administration, профессиональный бухгалтер-практик, г. Алматы

Қандай даулар даулы

 Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс.
Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.
Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге жатады. Әдетте, жұмыскерлердің өтініштері журналда тіркеледі. Аталған тіркеуді сондай-ақ арнайы карточкаларда, электрондық үлгіде жасауға жол беріледі.
Жұмыскер келісу комиссиясының отырысында немесе келісу комиссиясының жұмыс барысында жазбаша түрде өзінің өтінішін кері қайтарып алуға немесе жұмыс берушіге қойған талаптарынан бас тартуға құқылы.
ҚР ЕК сәйкес, жұмыскер оның өтініші қарауға байланысты келісу комиссиясының отырысына қатысу үшін жұмыстан босатылмайды. Сондықтан комиссия отырысы жұмыстан бос уақытта өткізілуге тиіс.
 Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті.
Келісу комиссиясының міндеті дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарау және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беру болып табылады. Отырысты өткізетін күнді келісу комиссиясымен белгіленеді.



Келісу комиссиясының шешімі туралы не білу қажет


Келісу комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді, ол жерде:

• отырыс өткізілетін күн;
• жұмыскердің, жұмыс берушінің, куәгерлердің, мамандардың келгені туралы мәліметтер, олардың берген мәліметтері;
• жұмыскер жасаған қосымша мәліметтер;
• жазбаша дәлелдерді көрсету және т. б.

Хаттаманың нысаны ерікті болады.
Хаттамаға комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды және мөрмен куәландырады. Төраға болмаған кезде хаттамаға оның орынбасары қол қояды.
Келісу комиссиясының шешімі қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
Комиссия қабылдаған шешімге оның барлық мүшелері және дауды қарағанда қатысқан адамдар қол қояды.
Комиссия шешімінің қол қойылған және куәландырылған көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап үш күннің ішінде тараптарға беріледі.
Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.
Егер жеке еңбек дауы тараптарының ешқайсысы келісу комиссиясының шешіміне шағым түсірмесе, ол, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.
 Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.
Сотқа жүгіну тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-тарауының 148-154-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мәртебе

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ 
Жеке еңбек дауын қарау тәртібі

Г. Б. Дүйсенбаев

Қазақстан Республикасы Жоғары сотының төрешісі

Комиссия сондай-ақ оқып жатыр



Келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті.
Осы тармақ келісу комиссиясының тараптарының келісу комиссиясының мүшелерін ҚР еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізу міндетін анықтайды.
Консенсустың негізін қалайтын қағидаттар:

• шешімді қабылдаған кезде қатысушылардың оны қолдағаны;
• қатысушылардың бірінің шешімді қабылдауға қарсылығының болмағаны.

Конценсусты шешім қабылдауға қатысты жалпы келісім болып табылады.
Келіссөздерді білікті сауатты жүргізу еңбек дауы тараптарының арасында өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты нығайтады.
Келіссөздерді сауатты жүргізу тараптардың қайшылықтарын жеңуге әкелетін жалғыз және тиімді әдіс болып табылады. Келіссөздер барысында жанжалды болдырмайтын негізгі мықты қағидатты ұстану қажет. Бұл қағидат өте қарапайым, бірақ, маңызды элементтердің пайдалануын көздейді, атап айтқанда:

1) бір бірінің құқығын мойындау;
2) әріптесінің көзқарасын түсінгенін көрсету;
3) жалпы көзқарастарды бекіту;
4) жалпы шешім іздеу.

Қазіргі уақытта Қазақстанның нарығында келіссөз жүргізу және консенсусқа қол жеткізу қабілетін дамыту бойынша өздерінің қызметін ұсынатын, мамандандырылған ұйымдар бар.

 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты