text
Справочник кадровика

Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу

  • 8 августа 2018
  • 802
Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу

Сағаттық жалақы өнермен реттеледі. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 106-бабы


Жұмыс күні толық болмаған немесе жүктемесі толық болмаған кезде нақты орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде еңбекке сағат бойынша ақы төлеуді белгілеуге болады. Осы Кодексте көзделген жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы кезінде еңбекке сағат бойынша ақы төлеу белгіленеді.

Сағаттық жалақы

Ұйымдарда толық емес жұмыс күнін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстардың орындалуын белгілейтін жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бұл норма жұмыскерге нақты орындалған жұмыстар үшін сағаттық еңбекақыны қолдануға рұқсат береді. 

Одан басқа, заңнама ҚР 2015.23.11 № 414-V Еңбек Кодексі 69-бабы жұмыскерлердің жеке санаттарына сағаттық еңбекақымен бірге жұмыс уақытының ұзақтығына қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген.

Мұндай ақы төлеуді қолдану еңбек және (немесе) ұжымдық шарттарда, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде регламенттеледі.


Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекақы төлеу

 
Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, уаскелерде және өндірістің жағдайлары бойынша жұмыскерлердің осы санатына күн сайынғы немесе апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы сақталмайтын, жұмыстардың кейбір түрлерінде жұмыс уақытының жиынтық есебі қолданылады.

Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ 

Ауысымдық жұмыста істейтін қызметкерлерді ай сайынғы лауазымдық айлықтан сағаттық тарифтік ставкаға ауыстыру заңды ма?


 

Тарифті қалай есептеу керек

Тиіст күнтізбелік жылға жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес, сағаттық тарифтік мөлшерлеме, тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық айлықақыны) бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасында, ағымдағы айдағы жұмыс сағаттарының санына бөлу арқылы есептеледі.

Жұмыс уақытының жиынтық есебі жүргізілетін ұйымдарда, үстеме жұмыстардың есебі (олар бар болғанда) есептік кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі еептік кезең деп оның шегінде жұмыскерлердің осы санатына белгіленген күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы сақталуға тиіс кезең танылады.


Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең деп бір жылдан аспайтын кез келген күнтізбелік кезең (ай, тоқсан) немесе белгілі бір жұмысты орындау кезеңі болуы мүмкін.

Жұмыскер есептік кезеңдегі жұмыс істеген үстеме сағат саны нақты істелген сағаттар саны мен осы кезеңдегі жұмыс уақытының теңгерім бойынша сағат саны арасындағы айырма ретінде белгіленеді.

Бұл ретте, уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты, еңбек демалысында болуына байланысты және т.с.с. жұмыскерге жұмыс сағаттары нормаларына түзету жүргізіледі, яғни, жұмыс уақыты кесте бойынша жұмыс істемеген жұмыс күндерінің және сағаттарының санына сәйкес азайтылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль