Справочник кадровика

Ақы төленетін еңбек демалысынан жұмыскерді кері шақыртып алуды ресімдеу қағидасы мен тәртібі

  • 29 августа 2018
  • 1044
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный бухгалтер, г. Алматы
Ақы төленетін еңбек демалысынан жұмыскерді кері шақыртып алуды ресімдеу қағидасы мен тәртібі

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу қалайша және қандай қағидалар бойынша жүргізіледі. Еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін ақы төлеу.

Әрбір қызметкердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алуға құқығы бар, бірақ өндірістік қажеттілік себебінен жұмыс беруші жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алуға мәжбүр болатын жағдай туындауы мүмкін. Мақалада жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын қалай және қандай жағдайда ақшалай өтемақымен алмастыруға болатынын қарастырамыз.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Алдымен мына сұраққа жауап берейікші: жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы дегеніміз не? Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2018.24.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен ҚР ЕК белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.

Еңбек демалысының орнына ақшалай өтемақы беру еңбек заңнамасын бұзу болып табылады – өндірістік қажеттілік себебінен жұмыс беруші жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алуға мәжбүр болатын жағдайды қоспағанда, жұмыскерді ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып ала отырып, жұмыс беруші ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасының ережесін бұзады.

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес өндірістік қажеттілік – дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау.

Сондай-ақ ҚР ЕК 94-бабының 3) тармақшасына сәйкес пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынатынын атап өтейік.

ВНИМАНИЕ

Жұмыс беруші жұмыскерге еңбек демалысын бермеуге құқығы жоқ, тіпті жұмыскер өз бастамасы бойынша қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын алуға өтініш жазбаса да, оны көндіріп, құрметті демалысқа жіберу керек.

ҚР ЕК 95-бабында көрсетілген қағидаларға сәйкес:  

1. Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысын қараңыз.

2. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.

3. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.

Яғни, жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде, жұмыс беруші кері шақыртылып отырған жұмыскердің кері шақыртып алуға жол берілмейтін жұмыскерлер санатына жатпайтынына көзі жету керек.

Жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алғанда өтемақыны есептеу және төлеу қалай жүзеге асырылады?»

 
Ақы төленетін еңбек демалысынан жұмыскерді кері шақыртып алуды ресімдеу қағидасы мен тәртібі

Гульжан Садуева

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», магистр юридических наук, директор Института профессиональных экспертов и криминалистов РК, профессиональный бухгалтер РК, г. Алматы
«ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесінің пайдаланушысы 22.04.2016 жылғы «Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы» тақырыбында вебинарды көрді, онда жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алған жағдайда және ол өтемақыны таңдағанда, оған: 1) еңбек демалысын өтемақысын толық көлемде (лектордың сөзі: «есептелді ме, төленді ме, оларға тиіспеңдер»); 2) еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы (бұл пайдаланылмаған 20 күн үшін, шамамен 1,4 күн көзделеді; 3) жұмыс істеген күндері үшін жалақы төленеді. Пайдаланушының мынандай сұрағы туындады: «Іс-тәжірибеде барлық бухгалтерлер (біздің бухгалтерияны қосып алғанда) алдымен еңбек демалысының төлемақысын толық есептейді, содан кейін кері шақыртып алған кезде өтемақының сомасын қайта есептейді (еңбек демалысының 4 күні және 20 күн – өтемақы). Сонда еңбек демалысының пайдаланылмаған 20 күні үшін (ол шамамен 1,4 күн) өтемақы деген не? Жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алғанда өтемақыны есептеу және төлеу қалай жүзеге асырылады?»

ВНИМАНИЕ  
ҚР ЕК 90-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алғанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылатынын, сондықтан ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейтінін ескеру керек.

ВОПРОС ҚР ЕК 95-бабының талаптарын ескере отырып, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуды қалай дұрыс ресімдеу керек? 

Жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алу туралы бұйрықтың үлгісі үлгісі 

Ақы төленетін еңбек демалысынан жұмыскерді кері шақыртып алуды ресімдеу қағидасы мен тәртібі

Ең алдымен еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығару қажет, содан кейін жұмыскердің жазбаша келісімі бойынша оны еңбек демалысынан кері шақыртып алуға болады.


ВНИМАНИЕ Жұмыс берушінің еңбек демалысын үзу туралы ұсынысынан жұмыскердің бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайтынын жұмыс беруші ұмытпау керек.

Өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алу тәртібі:

1. Кері шақыртып алу жұмыскердің жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылатындықтан, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек демалысынан кері шақыртып алу туралы ниетін оған жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.


Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.
Толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2018 жылғы №8  оқыңыздар

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться