text
Справочник кадровика

Декреттік демалысқа шығатын қызметкер әйелді уақытша ауыстыру

  • 23 августа 2018
  • 2239
Декреттік демалысқа шығатын қызметкер әйелді уақытша ауыстыру

Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін негіздеме 035-1/у нысаны бойынша ДКК берген, медициналық қорытынды болып табылады


Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.
Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, ол орташа жалақысы сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылуға жатады.
Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін жалақысы сақталмай, қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындаудан босатылуға жатады.


★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

ҚР ЕК 38-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты медициналық қорытындымен расталған қарсы көрсетілімдер болған кезде, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Бұл, жұмыскерді бір цехтан екіншісіне, басқа құрылғыға және соған байланысты зияндылық тобы ауысатын жағдайлары бар өзге жұмысқа ауыстырған кезде жұмыс беруші жұмыскерді медициналық мекемеге тиісті анықтамаға жіберуге тиіс екенін білдіреді ме? Бұл ретте жыл сайынғы кәсіби тексеруден жұмыскер басқа лауазым бойынша міндеттерді орындай отырып өткен.
Декреттік демалысқа шығатын қызметкер әйелді уақытша ауыстыру

Лариса Степуро 

практикующий юрист, г. Алматы

Уақытша ауыстыру себептері


Жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстыру тек медициналық қорытынды негізінде жүзеге асырылады. ДКК ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы (2017.24.03 берілген өзгерістер мен толықтырулармен«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен бекітілген, 035-1/у нысаны бойынша, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін жұмыскердің денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды береді.
Жүктілік және босануына байланысты әйелдерге ең жеңіл жұмысқа ауыстыру қажеттілігі немесе демалыс беру туралы анықтамаларды, асқынған жүктілігі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын ауылдық учаскелік немесе орталық аудандық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері береді.
Жұмыс беруші жүкті әйелді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Декреттік демалысқа шығатын қызметкер әйелді уақытша ауыстыру
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Декреттік демалысқа шығатын қызметкер әйелді уақытша ауыстыру

Аударым кезеңіндегі жалақыны есептеу


Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың басталу мерзіміне дейінгі ауыстыру кезеңіне жүкті әйелдің орташа жалақысы сақталады. Орташа жалақы, ҚР ЕК 114-бабында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» № 908 бұйрығында белгіленген тәртіппен есептеледі.



Жұмыс беруші жүкті әйелге медициналық қорытындының негізінде бірден лайықты жұмыс бере алмаған жағдайда, ондажүкті әйелге басқа жұмыс бергенге дейін, ол негізгі жұмысынан босатылуға тиіс. Осы кезеңге оның орташа жалақысы сақталады.
Заң шығарушы жүкті әйелге ауыстырудан бас тартуға құқық береді, бірақ, медициналық қорытынды ретінде жұмыс беруші жұмыскерді бұрынғы жұмыс орнында қалдыра алмайтынын да түсіну қажет. Бұл жағдайда ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс бергенге дейінгі кезеңге міндетті түрде жұмыстан босатылуға тиіс, бұл ретте жалақысы сақталмайды.

 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты