Қашықтықтан жұмыс істеу: шартта нені көрсету керек?

2205
Курасова Анастасия Михайловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», кандидат экономических наук, специалист по вопросам труда и заработной платы, бизнес-тренер, г. Алматы
Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскермен еңбек шартын қалай дұрыс ресімдеу керек? Нені міндетті түрде ескеру қажет?

Әртүрлі дереккөздерде қашықтықта істелетін жұмысқа әртүрлі анықтама беріледі. Көбінесе ол үйде істейтін жұмысқа, тележұмысқа, фрилансқа және алыстағы жұмыстың басқа да түрлеріне ұқсайды. Жалпы оны, қазіргі замандағы байланыс құралдары арқылы жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшы бір-бірінен алыста болып, тапсырмаларды, еңбегінің нәтижелерін және ақысын беріп және қабылдай алатын, еңбекпен қамтамсыз ету нысаны ретінде анықтауға болады.

Еңбек процесін жүзеге асырудың

айрықша нысаны  

2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (2015.02.09 өзгертулер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 221-1- бабына сәйкес, қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып табылады.

Еңбекті ұйымдастырудың бұл нысанының, қызметкер үшін де, жұмыс беруші үшін де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Алайда, оның жылдам таратылып кетуі, оның әйгілілігін және талап етілгендігін білдіреді.  Superjob Зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, бүгінгі уақытта  әр бесінші компанияның  (22 %) штатта ресімделген, алыстағы қызметкерлері бар. Тағы 10 % ұйымдар алыстағы қызметкерлердің қызметін  аутсорсингте пайдаланады. Сондықтан Қазақстанда да  көптеген жұмыс берушілер бұған қызығушылық танытуда. 2012 жылы ҚР ЕК бұл мәселеге қатысты арнайы тарау пайда болды –  23-1 тарау «Қашықтықта жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері».

Қашықтықтағы жұмыстың тартымдылығына қарамастан, мұндай режимде қызметкерді жұмысқа қабылдағанда жұмыс беруші ойланатын нәрселер де бар.  Қашықтықтағы жұмыс режимін пайдалану туралы шешім қабылдау алдында, барлығын ақылға салып, ойластыру қажет, өйткені Қазақстанда бұл режим әлі ерекше болып тұр, сондықтан басқа елдерге қарағанда, әлі кең тарамаған. Одан басқа қашықтықтағы жұмыс қызметкердің өзін жоғары ұстай білуін және жеке басының жауапкершілігін талап етеді, сондықтан жұмыс іздестірген азаматтардың бәріне жарамайды.

СЛОВАРИК Фриланс – жұмысты, тапсырмаларды қашықтықта орындау, жалшылық. Фрила́нсер (ағылш. freelancer  – ерікті жалданушы) – жеке маман (штаттан тыс қызметкер. Бір компанияның тұрақты штатынан тыс болғандықтан, фрилансер бір уақытта әртүрлі клиенттердің тапсырмаларын орындай береді.

СЛОВАРИК Аутсо́рсинг (ағылш. outsourcing: (outer-source-using) сыртқы дереккөзді  (қорды) пайдалану) – тиісті салада мамандандырылған басқа компанияның қызмет көрсетуіне, шарт негізінде, ұйымның белгілі бизнес-процестерін немесе өндірістік міндеттерін тапсыру.

Психологтардың бақылауы бойынша, жауапты қызметкерлер көп емес. Кейбір азаматтар, жұмыс беруші тарапынан бақылау болмаса, тіпті сағат 9.00 басталатын жұмысқа да уақытында тұра алмайды. Бақылап көріңізші, кеңсеге жұмысқа кешігіп келетін қаншама қызметкерлеріңіз бар, ал жұмыс орнына келгенде, жұмысын бастаудың орнына, олар шәй ішіп, телефонмен сөйлесіп, әріптестеріне жаңалықтарын айта бастайды.

 Демек, қашықтықта жұмыс істейтін режимге қызметкерді жұмысқа қабылдағанда, жұмыс беруші үміткерлерге мұқият іріктеу жасап, оның жеке басының қасиеттеріне де назар аударуы қажет.

Сондай-ақ қашықтықта жұмыс істейтін қызметкер көптеген шешімдерді өзі дербес қабылдауға тура келеді. Кеңседе көпшілікпен шешетін нәрселерді, қашықтықта жұмыс істегенде жалғыз шешеді, сондықтан қызметкердің кәсіби қасиеттерін тексеру өте маңызды. Қайткенде де үміткерлермен көзбе-көз әңгімелескен жөн, егер телефонмен хабарласып немесе ғаламторда хат алысу арқылы таныссаңыз, жалақыны босқа төлеу және соңында қызметкерді жұмыстан босату қаупі бар.

Еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар

Егер сіз компания штатына қызметкерді қабылдасаңыз, онымен, қашықтықта жұмыс істеудің сипаты жазылған, еңбек шартын жасасу қажет.

Егер қызметкер аймақта, яғни, басқа елді мекенде істесе, онда еңбек шартын жасасу үшін оған сіз тұратын қалаға барып, алдын ала ескертілген құжаттарды ұсынуы қажет. ҚР ЕК 31-бабына сәйкес, ол мына құжаттар:

1) жеке куәлiгi;

2) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

3) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

4) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);

5) тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

НА ЗАМЕТКУ Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат талап етілмейді, өйткені қашықтықта жұмыс істеу кезінде еңбек жағдайлары зиян емес, қалыпты.  

Еңбек шартының міндетті тармақтары

Егер ұсынылған құжаттар талаптарға сай болса, үміткермен, ҚР ЕК 28-бабында көзделген 15 міндетті тармақтардан тұратын еңбек шартын жасасады, одан көп жазуға да болады.

Еңбек шартының (бұдан әрі – ЕШ) міндетті тармақтарының әрқайсысын жеке қарайық.

1. Тараптардың деректемелері әдеттегідей ЕШ басында және соңында толтырылады, бірақ, 2014 жылғы маусымда 28-бапқа өзгертулер енгізілгенін ескеру қажет, тараптардың деректемелер тізбесі қайта редакцияланған, қазір олар мынандай:

Жұмыс беруші:

  • заңды тұлғаның атауы;
  • мекенжай;
  • мемлекеттік тіркеудің нөмірі мен күні;  
  • бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН).

Қызметкер:

  • тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
  • тұрғылықты орны бойынша мекенжайы және тұрғылықты орны бойынша тіркелгені туралы мәлімет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
  • жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).

2. Штаттық кесте бойынша қызметкердің позициясы. Белгілі бір мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша жұмыс (еңбек міндеті).

3. Жұмысты орындау орны. Қашықтықта жұмыс істейтін қызметкердің жұмыс орны, ол оның тұратын жері. Бірақ, өзінің мұндай қызметкеріне оның тұратын жерінде бір бөлмелі кеңсе жалдайтын да ұйымдар бар, ол кезде кеңсенің мекенжайы көрсетіледі.

4. Еңбек шартының мерзімі әдеттегі тәртіппен, ҚР ЕК 29-бабына сәйкес жазылады. Жұмыс режимі өте ерекше болғандықтан, міндетті түрде сынақ мерзімін белгілеу қажет, сонда алғашқы үш айда қызметкердің берілген тапсырмаларға деген жауапкершілігі байқалады.

5. Жұмыстың басталу күні. Қызметкер тікелей жұмысқа кіріскен күн жазылады. Ол ЕШ жасасқан күн болуы мүмкін, және дәл сол күні жұмыс беруші бірден қызметкерге іссапарды ресімдеуі де мүмкін.

6. Жұмыс уақытын және демалыс уақытының режимі. Бұл тарауға өте мұқият қарау қажет. Яғни, жұмыс режимі қашықтықта жұмыс істеу екенін жазып, көрсету қажет.

ПРИМЕР

       Жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат, 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Түскі ас – бір сағат, 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Жұмыс берушімен байланыс уақыты – күн сайын, жұмыс күндерінде 10.00-де және 17.00-де.

Жұмыс уақытын есепке алу ЕШ көрсеткен уақыт бойынша жүргізіледі. Жұмыс уақытының режимін сақтауды бақылау жұмыс беруші Skype бағдарламасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

7. Еңбекақысының мөлшері мен еңбекақыны төлеудің өзге де шарттарын жұмыс беруші өзі дербес белгілейді.  

8. Еңбек жағдайларының сипаттамасы. Қалыпты еңбек жағдайлары.

9. қызметкердің құқықтары мен міндеттері ҚР ЕК 22-бабына сәйкес болуы қажет, бірақ, ерекшеленуі де мүмкін, мысалы: күн сайын немесе апта сайын істелген жұмыс туралы жазбаша түрде есеп беру.

ВНИМАНИЕ Қызметкердің міндеттеріне еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және оларды бұзғаны үшін жауаптылық міндетті түрде кіру керек.  

10. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері ҚР ЕК 23-бабына сәйкес болуы керек, бірақ, ерекшелігі болуы да мүмкін, мысалы: қызметкердің жұмыс орнында болғанын аңдаусыз тексеру.

11. Еңбек шартын өзгерту және тоқтату тәртібі. Бұл тарауда қашықтықтағы істейтін жұмыс режимі үшін ешқандай ерекшелікті қамтымайды. Алайда, қашықтықтағы жұмыс орын әдетте бірінші болып қысқарады: ол қажет болмайды, немесе шыққан шығынды өтемейді. Сондықтан еңбек шартында қасқарту кезінде қызметкерді алдын ала ескертудің мерзімін ұзартуды, мысалы, екі ай,  ескеруге болады.

12. Кепілдіктер мен өтемақылар, оларды төлеу тәртібі. Бұл тарауда жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдары) беру, оларды орнатуға, қызмет көрсетуге кететін шығындар туралы мәселелерді ескеру қажет: оларды жұмыс беруші ұсынып, шығындарын өзі төлей ме немесе қызметкер өзінің меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдалана ма. Соңғы жағдайда өтемақының мөлшерін, төлемақылардың мерзімділігі мен тәртібін анықтау қажет. Одан басқа, бұл тармақта қызметкердің басқа да, жұмыс беруші үшін жұмыстарды орындауға байланысты өзге де шығындарды (мысалы, электр қуатының, судың, жылудың, ғаламтордың, мобильді байланыстың т.с.с. құны) өтеу мөлшері көрсетілуі мүмкін. 

13. Қызметкерді сақтандыру. Жұмыстың қашықтықта істейтін сипатына қарамастан, жұмыс беруші қызметкердің денсаулығына залал келтіргені үшін оны сақтандыруға міндетті. Бұл ретте, зерттеу кезінде, жұмыс беруші талап етпеген, оның мүдделерімен байланысты емес, яғни, қызметкер өзінің бастамасымен істеген, оның міндетіне кірмейтін, жұмыстар барысында жарақаттанса, ол өндірістік жарақат пен қызметкер денсаулығының өзге де зақымдалуы ретінде ресімделмейді. Оның ішінде: демалуға және тамақ ішуге арналған үзіліс кезінде, сондай-ақ, алкогольды ішімдік, уландырғыш және еліткіш заттарды қабылдаған себептерге байланысты жарақаттану.  

Сондай-ақ, қашықтықта жұмыс істейтін қызметкер міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жатады. Медициналық және өзге де сақтандыру мәселелері тараптардың келісімімен шешіледі.

14. Шарт бойынша тараптардың жауаптылығы. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ЕШ талаптарын бұзғаны үшін тараптар тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тартылады.

15. Еңбек шартын жасасу мерзімі. ЕШ қол қойғаннан кейін, оны жасаған күн қойылады, содан соң шарт еңбек шарттарын тіркеу кітабына тіркеледі және оған реттік нөмір беріледі.

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, басқа да талаптар енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.

http://ekz-kadrovik.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль