Өндірістегі жазатайым оқиға. Басшының міндеттері

874
Жауапты тұлға денсаулық сақтау ұйымдарын хабарлауға тиіс жұмыс берушілердің және инспекциясы жөніндегі жергілікті органға еңбек туралы әрбір өтініш, жарақаттары

Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты әрбір бастапқы келген жағдай туралы жұмыс берушілерді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.

ҚР ЕК 323-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші:

1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және ҚР ЕК, өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
Жазатайым оқиға кезінде жұмыс беруші немесе жұмыстарды ұйымдастырушы зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету мен оны денсаулық сақтау ұйымына (денсаулық пункті, медициналық-санитарлық бөлім немесе басқа емдеу мекемесі) жеткізуді ұйымдастыруға міндетті. Бұған қоса, авариялық жағдайдың дамуы мен жарақаттаушы факторлардың басқа тұлғаларға әсер етуін болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Сондай-ақ жазатайым оқиғаны тергептексеру басталғанға дейін өндірісте ол оқиға болған кездегі жағдайды сақтаған
жөн, алайда ол басқа тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп  төндірмеуі және аварияға әкелмеуі тиіс. Егер мән-жайды сақтау мүмкін болмаса, онда оны сұлбалардың, фотосуреттердің және басқа да шаралар жүргізудің көмегімен тіркеу керек.

Алғашқы медициналық көмек

Ұйымда болып өткен жазатайым оқиға туралы хабар алған кезде оны тиісті дәрежеде тергеп-тексеру үшін жауапты лауазымды тұлға (әдетте жұмыс беруші, құрылымдық бөлімшенің немесе ҚжЕҚҚ басшысы) бірінші кезекте өзі жарақаттаушы өндірістік фактордың басқа адамдарға бұдан кейін әсер ету, сондай-ақ авариялық жағдаяттың дамуы мен туындау мүмкіндігінің жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс. Бұл үшін қауіпсіздіктің жан-жақты шаралары қабылдануы қажет (жабдықтарды пайдалануды тоқтата тұру, жұмыстар жүргізуге тыйым салу және т. б.).

Хабарлама нысаны

Жұмыс орнындағы жағдайды сақтау комиссия мүшелерінің оқиғаның қалай, қандай мән-жайларда және қандай себептерден болғанын объективті тұрғыдан анықтауы үшін қажет.
Солай болғанмен де, тергеп-тексеру басталғанға дейін оқиға орнындағы
жағдайды өзгеріссіз сақтап тұру әрқашанда мүмкін бола бермейді. Осыған байланысты оны тиісті құралдарды пайдаланумен барынша егжей-тегжейлі тіркеу қажет:
жазатайым оқиға болған жерді қарап шығу хаттамасын және оқиға орнының зардап шегушінің, жабдықтар, тетіктердің, басқа да мәнді бөлшектердің оқиғаға дейін және одан кейін нақты орналасқан жерлері көрсетілген сұлбасын (нобайын) жасау;
оқиға орнын суретке түсіру. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін неғұрлым объективті тергеп-тексеру мақсатында бұл жұмысты ұйымның кейіннен міндетті түрде тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына кіргізілетін лауазымды тұлғаларына (мысалы, ЕҚжЕҚ жөніндегі маманға) тапсырған мақсатқа лайық болмақ.
Өндірісте болған жазатайым оқиға туралы зардап шегушінің туыстарына дереу хабарлау қажет, сондай-ақ тиісті органдар мен ұйымдарға да хабар жіберген жөн.
Заңнамаға сәйкес жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы дереу, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
- еңбек инспекциясының жергілікті органына;
- қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде
төтенше жағдайлардан сақтандыру және жою жөніндегі жергілікті органдарға;
- кәсіптік ауру немесе улану оқиғалары туралы халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік
органның аумақтық бөлімшесіне;
- қызметкерлердің өкілдеріне;
- еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым
оқиғалардан сақтандыру шарты жасалған сақтандыру ұйымына хабарлай-
ды.
Хабарлама формасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
03.03.2009 № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө бұйрығына


1-қосымша
Өндірістегі жазатайым оқиға туралы
хабарлама


1. Ұйымның атауы ______________________________________________________________
            (ұйымның мекен-жайы мен деректемелері)
2. Жазатайым оқиға ______________________________________________________________ болды
                               (жылы, айы, күні, уақыты және болған орны)
3. Зардап шегушінің (лердің) Т.А.Ә. кәсібі, лауазымы және жарақат ауыртпалығы
 ______________________________________________________________
4. Жазатайым оқиға мән-жайының қысқаша сипаттамасы:
______________________________________________________________

5. Хабарлаған ______________________________________________________________
                               (Т.А.Ә., лауазымы, жылы, айы, күні, уақыты)
6. Қабылдаған ______________________________________________________________
                                  (Т.А.Ә., лауазымы, жылы, айы, күні, уақыты)
Бұдан бөлек, арнаулы тергеп-тексеруге жататын жазатайым оқиға (ауыр зардапты, өліммен аяқталған, топтық жазатайым оқиға) орын алған кезде жұмыс беруші ол туралы:
- жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
- өндірістік және ведомстволық бақылау және қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлауы тиіс.
Кәсіпорын ішінде, сондай-ақ мемлекеттік тиісті бақылаушы органдарда жазатайым оқиға туралы хабарламаларды беру мен тіркеу рәсімі әзірленуі және құжатпен ресімделуі тиіс.
Егер қызметкер душар болған жазатайым оқиға кәсіпорын тұрақты орналаспайтын жерде (іссапар, вахта) болса, онда хабарлама оқиға орын алған жердегі, сондай-ақ кәсіпорын заңды тіркелген жердегі мемлекеттік бақылау органдарына жіберіледі.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК)
89-бабына сәйкес кәсіпорын қызметкері душар болған жазатайым оқиға туралы мемлекеттік еңбек инспекциясының жергілікті огандарына өз уақытында хабарламау немесе жасыру ұйымның лауазымды тұлғаларына және заңды тұлғаның өзіне қатысты әкімшілік іс қозғау мен оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін.
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002.03.04 № 314-ІІ ҚР Заңының 11-бабының 14) тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғаларқауіпті өнеркәсіптік объектілердің иелері өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, жарақат алу және кәсіби аурулар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.
Қызметкерлердің өкілдері – кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің
органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 60) тармақшасы).
Өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті ор-
гандары ретінде жоғары тұрған ұйымдар мен министрліктер, олардың аумақтық органдары түсініледі.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль