Коммуналдық МҚК жұмыскерлерінің еңбекақысын есептеу

2065
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне демалыс ақысын, сауықтыруға арналған жәрдемақыны есептеуге арналған негіздер. Төлеу мерзімдері

     Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 100-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

    Орташа жалақыны есептеу

       Орташа жалақыны есептеу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығы (бұдан әрі – Ереже) негізінде жүргізіледі.

     Ереженің 6-тармағына сәйкес бес күндiк, сондай-ақ алты күндiк жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгiленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдерi ескерiле отырып, тиiстi кезеңдегi орташа күндiк (сағаттық) жалақының есебiнен нақты жұмыс iстелген уақыт үшiн жүргiзiледi.

     Орташа жалақыны есептеуде Ережеге қосымшаға сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерiлмейдi.

     Ереженің 7-тармағына сәйкес қызметкердiң орташа жалақысы орташа күндiк (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңiне сәйкес келетiн жұмыс күндерiнiң (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледi.

    Орташа күндiк жалақы

     Орташа күндiк (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есептi кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерiмiн негiзге ала отырып, тиiсiнше бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасының жұмыс күндерi (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

     Есеп айырысу кезеңi – төленуi тиiс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екi күнтiзбелiк айға тең кезең, не егер қызметкер жұмыс берушiде он екi күнтiзбелiк айдан кем жұмыс iстеген болса, орташа жалақыны есептеу үшiн пайдаланылатын нақты жұмыс iстеген кезең.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығымен аталған ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілген.

     ҚР ЕК 239-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

     Азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы).

     Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бекітілген.

     "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі – ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленген.

Уақыт бойынша еңбекақы төлеу

     Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі өзіне:

     1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімі;

     2) 2, 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;

     3) қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар төлемдері;

     4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды.

  Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі

      Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді (1-тармақ).

     Сондықтан, әр қызметкерге дербес белгіленетін және төленетін лауазымдық жалақысы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысы, оның еңбегіне, лауазымына, орныдайтын жұмысына және т.б. байланысты төленеді.

     Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда – ол берілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі (ҚР ЕК 105-бабының 5-тармағы).

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу


    
    



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях