Еңбекті қорғау саласындағы жеті сипатты қателік

842
Тексерулер мен сот іс-тәжірибесіне талдау жасаудың нәтижесінде жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласындағы сипатты қателіктерін бөліп көрсетуге болады.

Тексерулер  мен сот іс-тәжірибесіне талдау жасаудың нәтижесінде жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласындағы сипатты қателіктерін бөліп көрсетуге болады. Бұл саладағы бұзушылықтар немен қатер төндіреді; адам факторы мен жекелеген қызметкерлердің қате іс-әрекеттері қалай жағымсыз салдарларға әкелуі  мүмкін; сот дауласқан жағдайда оларды заңды деп тануы үшін жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бұзушыларға қандай шаралар қолдануға құқылы, сот еңбекті қорғау талаптарын бұзғандығы үшін қызметкерлерді жұмыстан босату туралы істі қалай қарайды?

Ұйымның мөлшеріне және қызметкерлердің санына қарамастан еңбекті қорғау саласы барлық жерде іс жүзінде тиісті деңгейде емес. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы  № 251-III  Еңбек кодексінің (06.04.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)  (бұдан әрі – ҚР ЕК) айқын талаптарына, сарапшылар мен мамандардың толып жатқан түсініктемелеріне қарамастан, жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қателіктер жасайды.

ҚР ЕК қызметкердің еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқылы екендігін бекітті, ал жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың 35 тараумен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарын сақтау міндетін жүктейді. Алайда барлық жерде де адам факторы қатысады, және де көпшілік жағдайларда нақты сол жұмыс берушінің еңбекті қорғауды ұйымдастыру саласындағы қате іс-әрекеттерінің себебіне айналады.

Еңбекті қорғауды ұйымдастыру саласындағы қателіктер

1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама өткізбеу.

ҚР ЕК 317-бабы, 1-тармағы, 4) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды. Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады (ҚР ЕК-нің 318-бабы).

Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді (ҚР ЕК 313-бабының 3-тармағы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексеру Қағидалары мен  мерзімін бекіту туралы» (18.10.2013 ж. берілген өзгерістерімен) № 1225 қаулысының 34-тармағына сәйкес  нұсқамалар сипаты мен өткізілетін уақыты бойынша:

1) кіріспе;

2) жұмыс орнындағы алғашқы;

3) қайталама;

4) жоспардан тыс;

5) мақсатты болып бөлінеді.

Осылайша, жұмыс орнындағы тағылымдаманың жоқтығы; тиісті нұсқамаларды, еңбекті қорғау талаптары жөніндегі білімін тексеруді өткізбеу; белгіленген тәртіппен еңбекті қорғау жөніндегі оқытудан, нұсқау беру мен тағылымдамадан өткізілмеген тұлғаларды жұмысқа жіберу:

– қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы талаптарын орындамауымен;

– қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын ұғынбастан бұзуымен;

– өндірістегі жазатайым оқиғалармен;

– мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымдарымен;

– Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 235-V кодексі (14.01.2015 ж. берілген өзгертулермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) 2 тарауына сәйкес еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылумен;

зардап шеккен қызметкерлермен соттағы дауласулармен;

еңбекті қорғауды бұзғандығы үшін жазаланған қызметкерлермен соттық дауласулармен қауіп төндіреді.

Мұндай бұзушылықтар бәрінен де өнеркәсіптік кәсіпорындарда жиірек орын алады.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль