Справочник кадровика

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы

  • 14 августа 2018
  • 1488
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы

Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.

Ұжымдық шартқа не кіреді

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар бас, салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды.
Ұжымдық шартқа:

1) еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу жүйелері, жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге арналған тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылар, үстемеақылар мен қосымша ақылар мөлшерлері туралы;
2) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
3) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
4) саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы;
5) кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасау туралы;
6) ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
7) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің ұжымдық шарттың орындалуын бақылауы және ол үшін жауаптылығы туралы;
8) жұмыс берушінің жұмыскерлер өкілдерінің пікірлерін есепке алуды талап ететін актілері туралы ережелер енгізіледі.
9) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жіберу тәртібі туралы ережелер енгізіледі.

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар бас, салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды.
Ең маңызды ережелердің тізбесі келтірілеген, бұл тізбе толық емес, өйткені Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 157-бабы 2-тармағының 18) тармақшасында ҚР ЕК тараптар және ҚР ЕК белгілеген басқа да мәселелерді көздейді.
 

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Ұжымдық шарттың міндетті шарттары

Ұжымдық шарттың талаптарын мазмұны бойынша міндеттемелік, нормативтік, ұйымдастырушылық-құқықтық және ақпараттық деп бөлуге блады.
Міндеттемелік – еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге, еңбекті қорғауды жақсартуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыруға негізделген.
Нормативтік – бұл еңбек және сонымен тығыз байланысты жұмыскердлердің өзге қатынастарын реттейтін, еңбек құқығының нормалары. Олар тараптардың міндеттері мен құқытарын айқындайды.
ҚР ЕК 157- бабының 3-тармғына сәйкес, ұжымдық шарт ҚР-ның еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
Ұйымдастырушылық-құқықтық – ұжымдық шарт жасасу қағидаларын, келіссөздерді, оларды жүргізу мерзімдерін, келіспеушілктерді шешу тәртібін, ұжымдық шарттың қолданылу мерзімін, оларды өзгерту және толықтыру тәртібін және т. с. с. айқындайды.
Ақпараттық – еңбек заңнамасының жекелеген актілерімен жұмыскерлерді таныстыруға арналған ұжымдық шарттың ережелері.
 


Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілді.
 

Қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері

 Ұжымдық шартқа:
1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы;
2) жалақыны индекстеу тәртібі туралы;
3) босатылатын жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;
4) даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтетін жұмыскерлерге, сондай-ақ жұмысты оқумен қоса атқаратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;
5) жұмыскерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
6) жұмыскерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың демалысы туралы;
7) кәсіптік одақ органдарына сайланған жұмыскерлерге, сондай-ақ сайланбалы өкілдерге кепілдіктер және олардың қызметін жүзеге асыру үшін жасалатын жағдайлар туралы;
8) кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын жұмыскерлермен еңбек шарты бұзылған кезде кәсіптік одақ органының уәжді пікірін ескерудің тәртібі туралы;
9) жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған жағдайдағы өтемақы төлемі туралы;
10) жұмыс берушінің орналасқан жерінен немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейін және кері қайтқанда жұмыскердің жолда болған уақыты үшін өтемақы төлемі туралы;
11) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлеу туралы;
12) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өздері келтірген нұқсан үшін жауаптылығы туралы;
13) ерікті зейнетақы жарналары туралы;
14) жұмыскерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
15) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жұмыскердің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;
16) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту жөніндегі іс-шаралар туралы;
17) жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы;
18) тараптар айқындаған және Еңбек Кодексте айқындалған басқа да мәселелер бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.


ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Өндірісте медициналық кабинетті қалай ұйымдастыру керек? Бұл ретте қандай нормативтік актілерді басшылыққа алу керек?
213311

Қызметкерлер құрамын басқару жөніндегі бөлім бастығы, Ақтау қ. 
Кәсіпорында кәсіподақ мүшелерінің атынан кәсіподақтық ұйымның төрағасы қол қойған ұжымдық шарт жасалды, ол мүдделерін қорғауға және ұжымдық шартқа қосылуға өтініш жазған кәсіподақ мүшелеріне және жұмыскерлерге қатысты. Жұмыс беруші кәсіподақтағы мүшелігіне қарамастан барлық жұмыскерлерге ұжымдық шартта көзделген барлық кепілдіктерді береді. Егер бірде бір жұмыскер ұжымдық шартқа қосылуы туралы жазбаса, жұмыс берушінің іс -әрекеттері заңды ма және бұл қандай құжатпен регламенттеледі?


 

Келісімшартқа қол қою кезінде не іздеймін

Ұсынылған мәселелер тізбесі толық болып табылмайды. Аталған тармақтардың көбісі ұжымдық шарт жасасқанда келіссөздер нысаны болуы мүмкін әсіресе босатылатын жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы тармақ.
Ұжымдық шартта жұмыс берушінің жұмыскерлер өкілдерімен бірлесіп қабылдайтын шешімдерге көбірек көңіл бөлген жөн, атап айтқанда: еңбек және өндірістік тәртіп бойынша еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндірістің тиімділігін арттыру, ерікті зейнетақы жарналары туралы және т. с. с.
Ұжымдық шартқа, еңбекті нормалауды, еңбекақы жүйесін, тарифтік мөлшерлемелер мен айлықтарды, жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда қамтылған жұмыскерлерге, қосымша ақы үстеме ақылар төлегенде, жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеру рәсімін енгізуге азар аударған жөн.
Сондай-ақ, жұмыскерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы мәселелерді қараған жөн.


Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться