Ұйымның есеп саясатын әзірлеудің ережелері

1485
Нургалиева Роза Сагингалиевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный менеджер Юридического департамента АО «Народный банк Казахстана», г. Алматы
Есеп саясаты – іс-тәжірибеде қолданғанда ұйым қызметкерлерінің қаржылық ақпаратты дұрыс өңдеуіне кепілдік беретін, нормалар мен ережелер ғана емес, сонымен қатар, құқықты жүзеге асыратын құрал.

Ұйымдағы маңызды құжаттардың бірі есеп саясаты болып табылады. Бұл қандай құжат, оның міндеттері қандай және ол қалай әзірленеді, осы мақаладан білесіздер.

Есеп саясаты дегеніміз не?

Есеп саясаты – ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдерін бекітетін құжат.

Есеп саясаты – іс-тәжірибеде қолданғанда ұйым қызметкерлерінің қаржылық ақпаратты дұрыс өңдеуіне кепілдік беретін, нормалар мен ережелер ғана емес, сонымен қатар, құқықты жүзеге асыратын құрал.

Құқықты жүзеге асыратын құрал ретінде, есеп саясаты, заңнамамен белгіленген бірқатар нұсқалардан еркін таңдауды нысандандыру үшін қажет.

Есеп саясаты не үшін қажет?

Есеп саясатын жүргізудің дұрыс тәсілдерін таңдау:

  • бизнестің көптеген процестерін регламенттеуге;
  • ұйым қорын пайдаланудың тиімділігін арттыруға;
  • салық органдарының тарапынан наразылықты азайтуға;
  • инвесторлар үшін есептілікті айқынырақ жасауға, ал бизнесті  тартымдырақ жасауға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, есеп саясаты:

  1.  Қаржылық мәліметтерді өңдеудегі реттілікке кепілдік береді.
  1. Салық органдарының тарапынан наразылықты азайтады;
  2.  Ақпараттың  бүтіндігін сақтайды.
  3.  Айқындылық пен реттілікті күшейту арқылы шығындарды қысқартады.
  4.  Аудит үдерісін оңтайландырады.

Ұйым есеп саясатысыз істеуі мүмкін бе?

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» № 234-III Заңының (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 6-бабына сәйкес, бухгалтерлiк есеп дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытудың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасымен, сондай-ақ есеп саясатымен регламенттелген тәртiпке келтiрiлген жүйесiн бiлдiредi.

Есеп саясаты бухгалтерлік құжаттарға жатады (Бухгалтерлік есеп туралы заңның 7-бабы). Сөйтіп, ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, бухгалтерлік есеп жүргізетін әрбір ұйым, бухгалтерлік есептеу мақсатында есеп саясатын әзірлеп, қабылдауы қажет.

Әзірлеу және бекіту

Есеп саясатын бас бухгалтер немесе ұйымдағы бухгалтерлік есептің жүргізілуіне жауапты басқа қызметкер әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ұйымның жарғысы (ереже) белгілеген тәртіппен басшылық (жеке кәсіпкер) бекітеді.

Басқаша айтқанда, егер қандай да бір заңды тұлғаның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы есеп саясатын кім бекітетінін белгілемеген жағдайда, бұл міндет ұйым жарғысында (ережесінде) көрсетілген адамдарға жүктеледі.

  1. Мемлекеттік мекемелер үшін есеп саясатын бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағы  (2015.15.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)).
  2. Сақтандыру ұйымының есеп саясатын ұйымның басқармасы әзірлейді және оны директорлар кеңесі бекітеді (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысымен бекіткен Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулығы (2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)).

Есеп саясатын неден бастау керек?

Есеп саясатын жасау алдында келесі нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу қажет бухгалтерлік есеп туралы заңды.

Перед созданием учётной политики необходимо внимательно изучить следующие нормативно-правовые акты:

  1. «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателер» Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (IAS) 8 ;
  2. 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 1 Хаттамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі қаржы Министрлігінің Сараптау кеңесі қолдануға ұсынған Ұйымның есеп саясатын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар);
  3. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі қаржы Министрлігі Әдіснама департаментінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 23-2-1/1584 «Есеп саясатын қалыптастыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» хаты.

 Есеп саясатын әзірлеу өте жауапты іс болып табылады

  1. Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, есеп саясатын қалыптастыру үшін ұйым басшылығы, ұйым қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, бухгалтерлік, қаржылық, техникалық бөлімшелер мамандарының, заңгерлердің және басқа да білікті мамандар арасынан комиссия құрады.
  2. Комиссия активтерге, міндеттемелерге, меншік капиталына, табыстарға, шығындарға қатысты есеп саясатын қалыптастырады:
  • бухгалтерлік есептілікті жүргізудің тиімді әдістері мен қаржылық есептілікті жасауға ықпал ететін факторларды анықтау, талдау және бағалау арқылы;
  • есеп саясатын құрудың бастапқы қалпын дәлелдегенде;
  • қалыптасқан есеп саясатын ұйымның ішкі нормативтік құжатының нысанына келтіргенде;
  • басшының жеке бұйрықтары немесе өкімдері ретінде ресімделетін, лауазымдық нұсқаулықтарды, ережелерді, жиналыс шешімдерін, құжат айналымының сұлбасын және т.с.с. әзірлегенде.

Есеп саясатының жобасын жасағанда негіз ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік мекемелерге арналған есеп саясатын ұсынуға болады (2014.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Нормативтік құқықтық актілер ретінде ұйымдардың кейбір жеке түрлері үшін есеп саясатының құрылымына белгілі бір талаптар айқындалады.

Сөйтіп, мысалы, сақтандыру ұйымының есеп саясаты бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттарын, негізін, шарттарын, ережелері мен іс-тәжірибесін қамтып қана қоймай, сонымен бірге:

  1. қызмет түрлері бойынша және динамикада ай сайынғы табыстарды (шығындарды) қадағалауға жауапты, құрылымдық бөлімшенің атауын;
  2. сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын есептеу тәртібін, сондай-ақ, олардың тізілімін жүргізуді;
  3. қаржы құралдарының құндылығын бағалауға қойылатын талаптарды;
  4. қаржы құралдарының нарықтық құндылығы және сақтандыру қорларын бағалаудың баламалылығы болмаған жағдайда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес, сақтандыру шарттары бойынша алдағы уақыттағы ақша қаражатының болашақ ағындарын бағалауды пайдалана отырып, қаржы құралдарын құнсыздануына тестілеуді жүзеге асыру әдістемесін қамтиды.   

http://ekz-delopro.mcfr.kz



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль