text
Справочник кадровика

Ұйымның аттестаттау комиссиясының жұмысы

  • 8 августа 2018
  • 460
Ұйымның аттестаттау комиссиясының жұмысы

Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен (2017.07.11. берілген өзгерістермен) бекітілді. 

Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамы және функциясы

Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелері және өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшысы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық (бұйрықтың ұсынылатын нысаны 1-қосымшада келтірілген) шығарады.

Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің маманы, сондай-ақ ұйым жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының сапасын арттыру мақсатында, аттестаттау комиссиясының мүшелері тиісті оқудан өтулері тиіс, өйткені оларға аттестаттауды дайындау және өткізу бойынша барлық жұмыстар жүктеледі. Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың жалпы мәселелері бойынша дайындықтан өтетін аттестаттау комиссиясы мүшелерінің санын дербес анықтайды.

Аттестаттау комиссиясы мынадай функцияларды орындайды:

1) орындалатын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;

2) өндірістік ортаның, технологиялық және еңбек үдерістерінің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;

3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

4) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу үшін қажетті нормативтік- анықтамалық базаны қалыптастырады; 

5) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;

6) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, білдектер (станоктар) мен жабдықтарды айқындайды.

Комиссия мүшелері арасындағы функция нақты бөлінуі тиіс. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасындағы қызмет көлемі мен түрлерін аттестаттау комиссиясының төрағасы бөледі.
 


Мамандардың міндеттері

Аттестаттауды жүргізу жоспарлаған құрылымдық бөлімше басшысына:

  • аттестаттау жұмыстары жүргізілер алдында әрбір жұмыс орнында дайындық іс-шараларын жүргізу;
  • жұмыс орындарының тізбесін, өз құрылымдық бөлімшесінде аттестаттауды жүргізу кестесі бойынша ұсыныстарды қалыптастыру тапсырылуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің маманына:

  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды таңдау бойынша ұсыныстарды дайындау;
  • технологиялық үдерістің, өндірістік жабдық құрамының, қолданылатын шикізат мен материалдардың сипаттамаларына қарай өлшеу және бағалау қажет болатын өндірістік ортаның және еңбек үдерісінің факторлары, жарақат қауіпсіздігі мен қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі көрсетілген ұқсас жұмыс орындары ескерілген, аттестаттауға жататын зиянды және қауіпті жұмыс орындарының тізбесін алдын ала жасай отырып, ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша жұмыс орындарының тізбесін жинақтау;
  • цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар беру;
  • аттестаттау нәтижесі бойынша Еңбек жағдайларын жақсарту және салауаттандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылуы тиіс.

Ұйымда кадрлар мәселесімен айналысатын маманға:

  • тиісті еңбек және демалыс режимін белгілеу бөлігінде ұжымдық немесе еңбек шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ заңнамада белгіленген басқа да зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін кепілдіктер мен өтемақылар туралы ұсыныстарды (қажет болғанда) дайындау тапсырылуы тиіс.

Мәртебе

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
Bisakaev

С. Ғ. Бисақаев 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы, Астана қ.

Аттестаттауға жататын жұмыс орындарының тізімі және өндірістерге,
цехтарға, учаскелерге кодтар беру

Жұмыс орындарын атестаттауды жүргізер алдында, оларда зиянды және қауіпті өндірістік факторлар деңгейіне аспаптық өлшеулер жүргізілуі тиіс жұмыс орындарының тізбесін (ұсынылатын нысан 2-қосымшада келтірілген) жасау қажет.

Еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға ұйымда бар барлық өндірістік объектілер (бұдан әрі – жұмыс орындары) жатады.

Жұмыс орындары тұрақты, ұқсас және тұрақты емес болып бөлінеді.

Тұрақты жұмыс орындары – қызметкердің болуы немесе ол қызметтік міндеттерін орындауға байланысты келуі тиіс және жұмыс беруші тікелей немесе жанама бақылайтын орын.

Ұқсас жұмыс орындары мынадай белгілердің жиынтығымен сипатталатын жұмыс орындары болып табылады:
 

  1. бірдей аталатын мамандықтар немесе лауазымдар; бір үлгідегі технологиялық үдерістерді бірдей жұмыс режимінде жүргізу кезінде ұқсас кәсіптік міндеттерді орындау;
  2. ұқсас үлгідегі өндірістік жабдықтарды, аспаптарды, құралдарды, материалдар мен шикізаттарды пайдалану;
  3. бір немесе бірнеше ұқсас үлгідегі үй-жайлардағы немесе ашық ауадағы жұмыс;
  4. ауаны желдетудің, кондиционерлеудің, жылытудың және жарықтандырудың ұқсас жүйелерін пайдалану; 
  5. объектілердің (өндірістік жабдықтардың, көлік құралдарының т. б.) жұмыс орындарында бірдей орналасуы;
  6. бір сыныпты және дәрежелі зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың бірдей жиынтығы;
  7. жеке қорғану құралдарымен бірдей қамтамасыз етілу.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, барлық ұқсас жұмыс орындарын аттестаттаудың қажеті жоқ.

 

Осындай және стационарлық емес жұмыс орындарын бағалау

Ұқсас жұмыс орындарында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды бағалау, осындай ұқсас жұмыс орындарының жалпы санынан алғанда 20 % -дан кем емес, бірақ екіден кем болмайтындай жүргізілуі тиіс.

Ұқсас жұмыс орындары үшін бір хаттама толтырылады. Ұқсас жұмыс орындарының 20 %-нан алғандағы бір жұмыс орны үшін белгіленген еңбек жағдайлары және оларды жақсарту жөніндегі іс-шаралар барлық ұқсас жұмыс орындарының 100 %-на сәйкес келуі тиіс.
Тұрақты емес жұмыс орындарына аумақтық өзгеретін жұмыс аймақтары бар орындар жатады. Бұл жағдайда бір немесе бірнеше қызметкерлер (жөндеуші-слесарьлар, жүк түсірушілер, сантехник-слесарьлар, тас қалаушылар т. б.) сипаты жағынан ұқсас жұмысты немесе операцияны орындайтын, қажетті құралдармен жарақтандырылған жұмыс орнының бөлігі жұмыс аумағы болып саналады.
Тұрақты емес жұмыс орындарын аттестаттау зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың салыстырмалы және тұрақты жиынтығы бар үлгілік технологиялық операцияларды алдын ала анықтау және осы операцияларды кейіннен бағалау арқылы жүргізіледі.

Жұмыс орындарының тізімі

Жұмыс орындарын аттестаттауды тиісті деңгейде жүргізудің негізгі шарттарының бірі бақылауға жататын факторлар көрсетілген жұмыс орындары тізбесінің, қызметкерлердің белгілі бір аймақтарда болатын орындары мен уақытының дұрыс көрсетілуі болып табылады.

Факторлардың әсер ету уақыты негізінен қызметкерлердің қандай да бір жұмыс аймағында болу уақытына байланысты, ол өлшемдер жүргізу барысында емес, хронометраждық бақылаулардың негізінде анықталады. Сондықтан жұмыс орындарының тізбесін қалыптастыру кезінде қызметкердің түрлі жұмыс аймақтарында болу уақытын көрсеткен дұрыс. Нақты факторлар үшін жұмыс орындарының тізбесінде келтірілген қандай да бір аймақта болу уақыты саралануы мүмкін. Мысалы, тұру немесе қозғалу кезіндегі локомотив машинисінің жұмыс орнындағы шу т. б.

Өлшенетін факторлар көрсетілген аттестаттауға жататын жұмыс орындарының тізбесін аттестаттау комиссиясы жасайды және аттестаттау комиссиясының төрағасы бекітеді

Тізбе жасалғаннан кейін әрбір жұмыс орнына код беріледі, ол 1‒8 белгіден тұруы мүмкін. Код кемитін сандардан тұруы да мүмкін, ондағы:
 

  • бірінші сандар – өндірістің, филиалдың, қызметтің және т. б. құрылым бірлігінің коды;
  • екінші сандар тобы – цехтың, бөлімнің коды;
  • үшінші сандар тобы – бригаданың, звеноның, сектордың, топтың коды;
  • төртінші сандар тобы – жұмыс орнының реттік нөмірі.

Бұл ретте кәсіпорында бұрын болған нөмірлеу (кодтау) жүйесі қолданылуы мүмкін.

Әдетте, бұл тәсілді аттестаттау комиссиясы жұмыс орындарын аттестаттаудың қолайлы болуы және үдеріс нәтижесін автоматтандыру үшін пайдаланды.

МЫСАЛ:

 Ұйымда 6 жүргізуші жұмыс істейтін көлік бөлімі бар. Олардың жұмыс орнын нөмірлеу ретімен қойылуы тиіс. Егер жұмыс орны тізімде 6-шы болса, оны 6ұ нөмірімен белгілеу қажет (аталған жағдайда «ұ» «ұқсас» дегенді білдіреді). Келесі рет бойынша жүргізушінің екінші ұқсас жұмыс орны 7ұ (6ұ), үшінші – 8ұ (6ұ) болып т. б. белгіленеді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль