Қауіптіліктердің халықаралық ақпараттық парақтары

535
Статьи по теме
Халықаралық еңбек ұйымы дайындаған, қатысты қауіптіліктер, тәуекелдер мен оларды болғызбау жөніндегі шаралар туралы мәліметтер бар.

Әйнекші дегеніміз кім? Бұл терезелерге, есіктерге, витриналарға, жақтауларға немесе қабырғаларға, төбелерге, үстелдердің қақрақтарына және т.б. әйнек орнататын жұмыскер. Орнатудың алдында әйнекші әйнекті кесуі, реңктер беруі, әшекейлеуі және т.б. мүмкін.

Бұл жұмыста не нәрсе қауіпті?

• Әйнекшілер табақтардың өткір шеттерінен және әйнек сынықшаларынан, өткір құралдардан және т.б. жиі зақымданады.

• Әйнекшілер әйнекті терезеге, қабырғаларға және төбелерге орната отырып, биіктіктен құлаулары мүмкін.

• Әйнекшілер әйнектің ауыр табақтарының құлауынан елеулі жарақаттар алулары мүмкін.

• Кейде әйнекшілер күшті химикаттарды пайдаланады және олардың булары денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Әйнек табақтары ‒ көлемді және ауыр, олармен жұмыс істеу әйнекшілерді жарақаттануға, арқа мен қолдардағы ауырсынуларға ұшыратуы мүмкін.

Кәсіптік қауіптіліктер

Кәсіптік қауіптіліктер:

Терезелерге, қабырғаларға, төбелерге және т.б. әйнек орнату кезінде елеулі жэарақаттарға, кейде өлімге әкеп соғатын биіктіктен құлаулар.

Тегіс беттерден, әсіресе әйнек табақтарын тасымалдау кезінде ылғал, тайғанақ және майлы едендерден тайғанақтаулар және құлаулар.

Әйнек орнатудың кәдімгі жұмысы кезінде құлаған заттардан туындайтын жарақаттар.

Ауыр табақтың немесе әйнек табақтары қаттамасы салмағының жаншуы.

Жарақаттар, әсіресе қолдарды айтарлықтай кесіп алулар мен оларды кесу, жылжыту, орнату және басқа операциялар кезінде әйнек табақтарының өткір шеттерімен немесе әйнектің өткір ұштарын басып кетуден болатын жарақаттар.

Жұмыс аспаптарымен, мысалы, кескіштермен, әйнеккескіштермен, пышақтармен және т.б. кесіп алулар.

Әйнекті қырлау және осыған ұқсас міндеттер үшін күшті реактивтерді (мысалы, фторсутекті қышқылды) пайдалану нәтижесінде қатты улану және/немесе химиялық күйіктер.

Жанғыш материалдарды пайдалану кезінде өрт шығу тәуекелі.

Ақаулы электр жабдықтарымен жанасу кезіндегі электрлік есеңгіреу.

Жазатайым оқиғалар имен жарақаттар:

Әйнек сынықтарынан көздер мен терінің жарақаттанулары.

Тікелей күн сәулесінің астында жұмыс істеген кезде тері мен көздердің ультракүлгін сәулеленумен жанасуы.

Ашық ауада жұмыс істеген кездегі жылулық немесе суықтық ширығу (тиісінше температуралық қолайсыздықтан бастап жылулық соққыға немесе үсіп қалуға дейін әсер туындататын).

Физикалық тәуекел:

Өтпе желдердің және т.б. денсаулыққа әсері (мысалы, ревматизмдік, тыныс алушылық проблемалары және т.б.).

Қорғасынмен (жөндеу кезінде құрамында қорғасын бар әйнек сынықтарынан), күшәнмен және басқа да уытты элементтермен жанасу нәтижесінде созылмалы уланулар және (немесе) тері аурулары.

Талшықтарды өңдеуші дегеніміз кім?

 Талшықтарды өңдеуші – бұл тоқыма өндірісінде (мақта, зығыр, жүн, кендір және т. б.) талшықты өңдеу бойынша тарау, тоқу және басқа жабдықтарға қызмет ететін, тоқыма өнеркәсібінің қызметкері.

 Бұл жұмыста не нәрсе қауіпті?

1)     Өрттер мен жарылыстар.

2)     Жабдықтардан немесе электрмен есеңгіреуден туындайтын жарақаттар.

3)     Қауырт жұмыстан арқадағы ауырсынулар.

4)     Шаңмен және ластанған ауамен тыныс алу.

5)     Ұшқан бөлшектердің көзге түсуі.

6)     Едендерге қонған тайғанақ шаңда тайғанақтау және құлаулар.

Кәсіптік қауіптіліктер

 Кәсіптік қауіптіліктер:

  • Әсіресе ауыр және көлемді жүктерді тасымалдау кезінде заттар үйілген немесе ылғал едендерден тайғанақтау және құлаулар.
  • Жабдықтардың қозғалыстағы бөліктерінде – беріліс құрылғыларында, аунақтарда, белдіктерде, қозғалтқыштардың шығып тұрған өзектерінде және т. б. оралып қалу немесе соққылар.
  • Ақаулы электрмеханикалық жабдықпен жанасудан туындайтын электрлік есеңгіреу.
  • Көздердің ұшатын бөлшектерден болатын жарақаттары немесе ауа құрамындағы шаңнан көздердің тітіркенуі.
  • Көп мөлшерде жанғыш материалдардың, әсіресе ауа-шаң қоспаларының болуынан жарылыс-өрт қауіптілігі.
  • Өткір құралдармен кесіп алулар немесе шаншып алулар.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль