Қызметкерлердің біліктілігі: мағынасы мен негізгі аспектілері

1322
Қызметкерлердің біліктілігі: мағынасы мен негізгі аспектілері

Біліктілік дегеніміз не

 «Біліктілік» (латын тілінен «qualification» – қандай сапада істеу керек) ұғымы жалпы мағынаның өзінде сапаны айқындауды, бір нәрсені бағалауды немесе сапаны белгілі бір санатқа жатқызуды білдіреді. Бұл ұғым еңбек заңнамасында кейде мамандық атауын (мысалы, слесарь мамандығын), ал кең мағынада үш негізгі көрсеткішті қамтиды:

  1.  кәсіптік даярлау деңгейі (белгілі бір арнайы білімнің болуы, яғни теоретикалық білім);
  2. осы мамандық бойынша жұмыс стажы (практикалық қызмет тәжірибесі, практикалық дағдылар, кәсіптік шеберлік);
  3.  арнаулы сертификаттардың, лицензиялардың, куәліктердің болуы және т.с.с.

Осы көрсеткіштерді жинақтай отырып, білікті қызметкер – бұл білікті еңбекті талап ететін мамандық бойынша табысты жұмыс үшін қажетті белгілі бір білімі мен біліктілігі, тәжірибесі, білімі, іскерлік қасиеті бар қызметкер деп айтуға болады.

Қызметкерлердің біліктілігі, бірінші кезекте, олар орындай алатын жұмыстар разрядын берумен айқындалады. Бұл ретте мамандыққа оқу курсынан өткен қызметкерлердің практикалық дағдылары мен білімдерінің көлемі және деңгейі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-м-ө бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі – Біліктілік анықтамалығы) ережелеріне сәйкес келуге тиіс.

Нормативтік құқықтық актілердің бір қатарында біліктілік санаттары (разрядтары, талаптары) деп аталып жүрген, Біліктілік анықтамасына енгізілген біліктілік сипаттамалары:

  • ұтымды бөлу мен еңбекті ұйымдастыруды негіздеуге;
  • кадрларды дұрыс іріктеу, орналастыру және пайдалануға;
  • қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу) және оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау кезінде бірлікті қамтамасыз етуге;
  • маманды кәсіптік даярлау (кәсіптік білім беру) деңгейімен және (немесе) олар өз бетінше орындайтын жұмыстардың қиындығымен келісілген біліктілік санатын беру немесе арттыру туралы дәлелді шешім қабылдауға;
  • аттестаттау жүргізу, үміткерлерді іріктеу, басшылар мен мамандар лауазымына конкурс жариялау кезінде немесе бос тұрған басшы лауазымына кандидатты іріктеу кезінде қызметкерлердің атқаратын лауазымдарға сәйкес келуі туралы қабылданатын шешімдерді негіздеуге арналған.

Арнайы дайындығы немесе біліктілікке қойылатын талаптарда белгіленген еңбек стажы жоқ, бірақ жеткілікті практикалық тәжірибесі бар және өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін толық көлемде және сапалы орындайтын адамдар комиссияның ұсынысы бойынша, ерекшелік ретінде, тиісті лауазымға арнайы дайындығы және еңбек стажы бар адамдар сияқты тағайындала алады (Біліктілік анықтамалығының 10-тармағы).

ҚР ЕК-де «біліктілік» және «білікті қызметкер» ұғымдарын айқындау келтірілмеген, тек жалғас ұғымдар берілген:

  • біліктілік санаты (разряды) – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағы 10) тармақшасы);
  • тарифтік разряд – жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші (ол кейбір нормативтік актілерде «біліктілік разряд» немесе «біліктілік санаты» деп аталады – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі) (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағы 72) тармақшасы);
  • тарифтік ставка (айлықақы) – қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағы 73) тармақшасы).

ҚР ЕК 125-бабында, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – БТБА), біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді деп көзделген. Сондай-ақ осы анықтамалықтарға сәйкес орындалатын жұмыстарды айқындалған күрделілік деңгейіне және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын және санаттарын беруге жатқызу жүргізіледі. 

Көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, апробациялауды (практикада тексеру), бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Лауазымдық нұсқаулық – қызметкер атқаратын лауазымына орай еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде компания қызметкерінің міндеттерін, негізгі құқықтары мен жауапкершілігін айқындайтын негізгі ұйымдастыру-құқықтық құжат.

 Барлық құжаттардағы жұмыс туралы жазба Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының шығарымдарымен қабылданған кәсіптер атауларына толық сәйкес жүргізіледі. Жаңа туындаған кәсіптер бойынша оларды белгіленген тәртіппен БТБА-ға қосқанға дейін жұмысшылар біліктілігі разрядын беру онда мазмұндалған атауларға және осындай кәсіптер мен жұмыстардың біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру

ҚР ЕК 139-бабының 4) тармақшасында, «біліктілікті арттыру» – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны деген ұғымды береді.

Келтірілген ұғымның мазмұнынан біліктілікті арттыру мақсаты айқындалады, оны қызметкерлердің теоретикалық білімдері мен практикалық дағдыларын қызметкерлердің кәсіптік шеберлігіне қойылатын әрдайым өсіп отыратын талаптарға сәйкес толықтыру сияқты, сондай-ақ бұрын алған білімдері мен иеленген дағдыларын келешекте жетілдіру сияқты тұжырымдауға болады.

 Біліктілігін арттыру курстарынан (семинарлардан) өткен қызметкерлерге тиісті сертификаттар немесе куәліктер беріледі.

ҚР ЕК 140-бабына сәйкес, ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.

ҚР ЕК 313-бабының 4-тармағында және 318-бабынада, өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мерзімді, үш жылда кемінде бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылатын оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті деп көрсетілген.

 Қызметкерлер өздерінің іскерлік қасиеттерін жақсарту мақсатында, ҚР ЕК 143-бабына орай, жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға құқығы бар. Бұл ретте олар жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан босатылуы мүмкін немесе жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындай алады.

Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлер ҚР ЕК-де, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, кәсіпорын басшылары мен кадр қызметкерлерінің жұмысқа қабылданатын мамандардың да, сонымен бірге жұмыс істеп жүрген мамандардың да біліктілік сипаттамаларын есепке алудың ерекше маңыздылығы мен заңдық мағынасын айта кету керек.

Білікті нормативтік-құқықтық актілер

 Біліктілік анықтамалықта мазмұндалған сипаттамалардың үш тарауы бар:

  1. «Лауазымдық міндеттер» – негізгі еңбек функциялары, олар осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық немесе ішінара тапсырылуы мүмкін.
  2. «Білуге тиіс» – арнайы білімдерді, сондай-ақ қызметкер лауазымдық міндеттерді орындау кезінде қолдануға тиісті заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқамаларды және басқа да жетекші материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қызметкерге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.
  3. «Біліктілікке қойылатын талаптар» – қызметкердің көзделген лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті кәсіптік даярлық деңгейі және жұмыс стажына қойылатын талаптар.
  • Әр түрлі экономикалық қызмет түрлері ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілердің үлгілі біліктілік сипаттамасын тиісті қызмет ету саласының уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімі бойынша әзірлейді және бекітеді, мысалы:
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы».
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары және оларды аттестаттау ережесі».
  • Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамалары» және т.б
  • Экономиканың барлық салаларына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 165-ө бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережелері пайдаланылады.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді пайдалану кезінде, оларда келтірілген жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасы тек жұмысшы мамандығы бойынша негізгі, барынша үлгілі жұмыстарды баяндауды қамтитынын ескеру керек. Осымен байланысты мұндай сипаттамалар технологиялық карталармен, жұмысшы нұсқамалармен немесе әр жұмыс орнында жұмыстарды орындаудың нақты мазмұны, көлемі мен тәртібі ашылатын басқа да құжаттармен толықтырылуы мүмкін.

Біліктілік және еңбекақы төлеу жүйесі

Қызметкерлердің біліктілігі тарифтік жүйенің маңызды құрамдасы болып табылады, ол:

  • бірыңғай тарифтік сетканы;
  • Біліктілік анықтамалықты;
  • тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес разрядтар белгілеу жолымен қызметкерлерді тарификациялауды;
  • әр лауазым үшін әзірленетін лауазымдық нұсқаулықтарды қамтиды.

Осымен байланысты, кәсіпорында ішкі корпоративтік (ішкі өндірістік) бірыңғай тарифтік сетка әзірлеу ұсынылады, ол әр түрлі деңгейдегі басшыларды қоса отырып, жұмысшыларға, сонымен бірге барлық санаттағы қызметшілерге еңбекақы төлеудің разрядтық жүйесін білдіреді. Еңбекақы төлемі ставкасын разряд бойынша жіктеу орындайтын жұмыстардың күрделілік белгісі бойынша және қызметкерлердің біліктілігін ескере отырып жүзеге асыралады.

Егер тарифтік сетка негізінде еңбекақы төлемін ұйымдастыру қандай да бір себептер бойынша тиімсіз болған жағдайда, мынадай белгілері бар, бестарифтік еңбекақы төлеу жүйесін пайдалануға болады, яғни:

1) жұмыстың ұжымдық нәтижелері бойынша есептелетін қызметкердің еңбекақы деңгейінің жалақы қорымен тығыз байланысы;

2) қызметкердің біліктілік деңгейін сипаттайтын және тұтас ұжымның еңбек нәтижесіне оның жеке еңбек үлесін айқындайтын әр қызметкерге тұрақты (салыстырмалы) коэффициенттер беру;

3) қызметкердің біліктілік деңгейін бағалауды толықтыратын әр қызметкердің қызметтің ағымдағы нәтижелеріне еңбек етумен қатысу коэффициенттерін айқындау.

 Біліктілік санаттарын (разрядтарын) беру қызметкерлерді аттестаттау жүргізу жолымен немесе біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен жүргізіледі.

Біліктілік және аттестация

ҚР ЕК 233-бабында, азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді, оны өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

«Аттестация» термині латынның attestatio (куәлік) сөзінен шығады және заңдық терминологияда бірнеше ұғымды білдіреді: біліктілікті айқындау, оқушылардың білім деңгейін айқындау, пікірлер, сипаттама және т.б.

Барлық айқындаулардың мазмұнын қорыта отырып, еңбек қатынастарына қатысты, мынадай жинақталған ұғымды тұжырымдауға болады: қызметкерді аттестаттау – бұл оның іскерлік біліктілігін, белгілі бір қызмет саласындағы кәсіптік білім деңгейін, атқаратын лауазымға сәйкес келуін және оның қызмет бабында өсу келешегін объективті айқындау тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Аттестациядан өтетін қызметкерлердің өздеріне жүктелген кәсіптік міндеттерді орындау қабілеті аттестаттау кезінде негізгі бағалау критерийі болып табылады.

Осыларды қорытындылай келе мынаны тағы да айта кету керек, яғни тек қызметкерлердің біліктілігін айқындау және арттыру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді міндетті түрде сақтау, білікті және табысты жұмыс істейтін еңбек ұжымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль