Кәсіптік және кәсіп себеп болатын аурулардың алдын алудың алдыңғы қатарлы құралдары

753
Еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыс кезінде адам ағзасы уытсыздандыруды қажетсінеді. Әдетте бұл мақсат үшін қызметкерлерге сүт немесе тең бағалы өнімдер беріледі.

Еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыс кезінде адам ағзасы уытсыздандыруды қажетсінеді.  Әдетте бұл мақсат үшін қызметкерлерге сүт немесе тең бағалы өнімдер беріледі. Алайда, сүтті мамандандырылған сусындармен алмастыру себептері бар. Бұл мақалада зиянды және ауыр жұмыстармен қамтылған қызметкерлер ағзасын уытсыздандыру және ағзаның қалыпты жағдайдағы қызметтерін қолдау үшін әзірленген сусындар туралы мәліметтер бар.

Қазақстанда бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысының негізінде жұмыс ауысымы ішінде 0,5 литр сүттің орнына тең бағалы өнімдерді, оның ішінде еңбектің зиянды жағдайлары кезінде емдәмдік профилактикалық тағамның (ТР ТС 027/2012)  мамандандырылған азық-түліктік өнімдерін таңдаудың құқықтық мүмкіндігі қарастырылған.

Қызметкерлерге еңбектің зиянды жағдайлары кезінде неліктен мамандандырылған өнімдерге назар аударулары керек? Мұндай өнімдердің негізгі мақсаты – кәсіптік және өндірістік-себеп болатын аурулар дамуы тәуекелінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешеніне қатысу. Азық-түліктік өнімнің әрқайсысы бұл мақсатқа жауап бере бермейді. VitaPRO сусындарының құрамында уытсыздандыру қасиеттеріне ие құрамдастар бар. Мұндай құрамдастардың үйлесуі уытсыздандыру әсерін қамтамасыз етеді және күшейтеді.

Еңбектің зиянды жағдайлары кезінде уытсыздандыру не үшін қажет? Кәдімгі өмірде адам ағзасына ауамен, сумен және тамақпен бірқатар зиянды заттар түседі және де әдетте адам өзінің ағзасына уытты заттардың әсер етуін бейтараптандыру немесе төмендету үшін жеткілікті теңгерімді тамақтануы және өз уақытында демалуы керек. Бірақ та егер адам еңбектің зиянды жағдайларында жұмыс істесе, онда оның ағзасына уытты заттардың әсер етуі бірнеше есе күшейеді. Мұндай жағдайда қарапайым тамақтану уытты әсер етуді бейтараптандыру немесе төмендету үшін жеткіліксіз болады. Одан адам ағзасын еңбектің зиянды жағдайларында қорғау үшін іс-шаралар кешенін жүзеге асыру керек. Ондай іс-шаралардың бірі қарапайым профилактика жолымен уытсыздандыру, яғни ағзаны тұтынатын тамақпен бірге қажетті заттармен қамтамасыз ету  болып табылады.

Уытсыздандыру үдерісінде Р450 цитохром ферменті маңызды рөл атқарады, ол эндогенді (стероидтер, өт қышқылдары, май қышқылдары, простагландиндер, лейкотриендер, биогенді аминдер), сондай-ақ экзогенді (дәрілер, улар, өнеркәсіптік ластану өнімдері, пестицидтер, канцерогендер, мутагендер және т.б.), соңғыларын ксенобиотиктер деп те атайды,  толып жатқан қосылыстарды тотықтандыру үшін жауап береді.

Өз-өзінен уытты болуы мүмкін зиянды заттар (ксенобиотиктер) метаболизмі кезінде ағзаға олардың алмасу өнімдері түседі, олар да уытты болуы мүмкін. Ксенобиотиктер мен олардың алмасу өнімдерін зиянсыздандыру және ағзаға оларды тезірек шығаруға көмектесу үшін ағзаға толып жатқан заттар: дәрумендер, минералдар, амин қышқылдары, биофлавоноидтер, майлар, көмірсулар, ақуыздар және т.б. келіп түсуі керек.

Егер зиянды заттардың әсер етуіне ұшырайтын адам нашар тамақтанса (теңгерімсіз), алкоголь тұтынса және темекі тартса, онда елеулі аурулардың даму тәуекелі айтарлықтай артады. Сондай-ақ, кейбір адамдардың өндірістік-себеп болатын аурулар дамуының тәуекеліне ұшырайтындығын ескерген жөн.

Өндірістік-себеп болатын аурулар – туындауына өндірістік факторлар белгілі бір үлес қосатын аурулар тобы.

Бұл аурулар үшін:

  • кең таралу;
  • аурулар дамуын анықтайтын еңбек жағдайлары сандық көрсеткіштерінің жеткіліксіз зерттелгендігі;
  • елеулі әлеуметтік салдарлар – негативное влияние на демографиялық көрсеткіштерге (өлімге ұшырау, өмір сүрудің ұзақтығы, еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылуымен жиі және ұзақ ауырулар) жағымсыз әсер ету тән.

Өндірістік-себеп болатын ауруларға:

  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы және басқалар);
  • невроз үлгісіндегі жүйкелік-психикалық аурулар;
  • тірек-қозғалыс аппаратының аурулары (мысалы бел-сегізкөз құяңы);
  • тыныс алу мүшелерінің бірқатар аурулары және басқалар жатады.

Өндірістік-себеп болатын ауруға шалдығушылық – әртүрлі сипаттағы жалпы соматикалық (кәсіптікке қатысты емес) аурулармен ауруға шалдығушылық, онда еңбектің қолайсыз жағдайларындағы жұмыс өтілінің артуына қарай өсу және зиянды факторлардың әсер етуіне ұшырамаған кәсіптік топтардан бұлардың артық болу үрдісі бар. Басқаша сөздермен айтсақ, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларында жұмыс істеушілерде кәсіптік аурулар тізіміне кірмейтін өндірістік-себеп болатын аурулар (жүрек-қан тамырлық, қолқа-өкпелік, тірек-қозғалыстық аппарат және басқалар) дамуының тәуекелі артады.

VitaPRO сусындары құрамының тұжырымдамасы адамның стандартты орта статистикалық тамақтануы кезінде оларды күн сайын тұтынғанда уытсыздану, яғни ағзаны зиянды заттардың әсер етуінен қорғау үшін ең қажетті заттардың барлығын алуын білдіреді. VitaPRO сусындарының тұтынушылар үшін артықшылығы сондай-ақ, зиянды өнеркәсіптік заттарды залалсыздандырудан бөлек, адам ағзасына келіп түсетін алкогольдік уыттанудың, темекі мен басқа да зиянды субстанциялардың залалсыздандырылуы немесе тым болмағанда жағымсыз әсерлерінің төмендеуі болып табылады.

 VitaPRO өнімдерінің ерекшелігібұл ағзаны зиянды заттар мен олардың ыдырау өнімдерінен уытсыздандыруды жүзеге асыру мақсатымен жасалған құрам, атап айтқанда:

  • ағзаға зиянды заттардың түсуіне қарсы әрекет етуге;
  • ағза жүйелерінің зиянды факторлардың әсер етуіне төзімділігін арттыруға;
  • ағзадан зиянды заттарды шығаруды тездетуге;
  • ағзаның зиянды факторларға сезімтал жүйелерінің қалпына келтірушілік қабілеттерін күшейтуге;
  • ағзаның жоғары метаболистік және энергетикалық шығындарының орнын толтыруға;
  • ағзаның қоршаған орта факторларының әсер етуіне жалпы төзімділігін арттыруға;
  • денсаулық пен жұмыс қабілеттілігін сақтауға арналған құрам.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль