Справочник кадровика

Ұсыным хат

  • 14 мая 2019
  • 22890
Қызметкерге ұсыныс хатты дұрыс ресімдейміз

Көп жағдайда жұмыс іздестіру кезінде жұмыс беруші ізденушінің кәсіби және жеке қасиеттерін жақсырақ білу үшін одан түйіндемеге қосымша ұсыным хат беруін сұрайды. Оны қалай дұрыс жасау керек екенін мақаладан білеміз.

Соңғы кезде жұмыс іздестіру үшін адамдар түйіндемеге қосымша ұсыныс хат жасауды дұрыс көріп жүр. Мағынасы бойынша бұл құжат жұмыс орнынан берілетін кең тараған мінездемеге жақын.

Қазақстанда бұл құжат жақында енгізілді және ұсыныс хат жазған адамның көзқарасы бойынша қызметкер туралы ақпарат (дәлірек айтқанда, пікір) беру үшін арналған.

Ұсыным хат жұмыскерге берілген мінездеме ретінде

 Ұсыным хат адамның кәсіби дағдыларының, жетістіктерінің, оқу немесе жұмыс кезіндегі негізгі табыстарының қысқаша мінездемесін, оның күшті жақтарының сипаттамасын қамтиды.

 Сөздік
Ұсыным хат (ағылш. «letterofreference» немесе «letterofrecommendation») – бұл, ізденушінің бұрынғы басшысының немесе қызметкердің кәсіби көзқарастары бойынша ізденуші туралы пікір білдіретін құжат.

Қазіргі уақытта ұсыныс хаттарды негізінде басшылар емес, қызметкерлер өздері  жазатынын, яғни, дайын үлгіні толтырып, басшыға қол қойғызуға апаратынын ескерсек, дәл сол қызметкерлер дұрыс және бәсекеге қабілетті ұсыныс хатқа мүдделі болуға тиіс.

Назар аударыңыз!
Қызметкерлер құрамы жөніндегі менеджерлер ұсыным хатты қызметкер өзі жазды деп түсінеді (өмір шындығы!), сондықтан оған немқұрайдылықпен қарайды. Бірақ, бұл, ұсыным хатты атүсті жазуға болатынын білдірмейді.  

Ұсыным хат – бұл, басқа жұмысқа ауысу үшін немесе стипендияға, грантқа құжаттарды тапсырып жатқан және т. с. с. адамның  өтініші бойынша, жұмыс берушілер, мұғалімдері, әріптестері немесе жай таныстары ұсынатын құжат. Бірақ, осындай хат жазып беруді өтінгенде, адамдардың уақыты болмаған жағдайда, онда үміткерлер өздері жазуға мәжбүр болады.

★Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны алған кезде тапсырыс берушінің әрекеті★

Қызметкерге ұсыныс хатты дұрыс ресімдейміз

Анастасия Курасова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», кандидат экономических наук, специалист по вопросам труда и заработной платы, бизнес-тренер, г. Алматы
Ұсыным хат бойынша жүгінгенде еңбек заңнамасы жұмыс берушінің келесі іс-әрекеттерін белгілейді: қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі бойынша жұмыс беруші өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын (біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті (ҚР ЕК 62-бабының 2-тармағы).

Жұмыскерге ұсыным хатты жазу

Кадр маманына жұмыскерге ұсыным хатты жазуға көмектесейік. Ұсыным хатты жеке тұлға да, заңды тұлға да жазады.

  1. тақырыбы;
  2. жүгінуұсыным хат жұмыс орнынан нақты бір жұмыс берушіге жасалып жатса. Егер хат кез келген ықтимал жұмыс берушіге жасалса, жүгінудің керегі жоқ;
  3. ұсыным хатты жасаушы сізді қаншалықты білетіні туралы ақпарат;
  4. компанияда жұмыс істегені туралы фактіні растау: қай жерде, қашан, не істеді (мысалы: «мынандай жерде, мына күннен бастап мына күнге дейін жұмыс істеді» немесе «...ретінде мынандай жобаға қатысты»);
  5. қысқаша мінездеме (жұмыс беруші сіздің қандай негізгі жетістіктеріңіз бен күшті жақтарыңызды белгілей алады);
  6. хат компанияның бланкілерінде ресімделіп, мөрмен (бар болған жағдайда) және  өкілетті адамның қолымен куәландырылады;
  7. байланыс координаттары: ұсыным хатқа қол қойған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, және оның байланыс телефоны.

 Есте сақтаңыз.

Ұсыным хатта бұрынғы компаниядан кеткен себебін де көрсетуге болады. 

 Хаттың келесі бөлігінде ұсынушының тікелей ұсынысдары мен тілегі жазылады.

 Мысал
«Комаровтың кәсібилігі оған осындай лауазымды алдағы уақытта да ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің компанияда жинаған білімі мен дағдылары Комаров мырзаға алдағы уақытта да құнды қызметкер болуға мүмкіндік береді деп сенемін. Оның бұдан кейінгі  шығармашылық қызметіне де зор табыстар тілеймін».

Соңында ұсынушының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын, байланыс телефонын және құжатты жасаған күнді көрсете отырып, қолы қойылады.

Аталған хат, мүмкіндігінше, компанияның басшысы немесе кадр қызметінің басшысының қолтаңбасымен және компанияның мөрімен куәландырылады.

Көлемі бойынша мәтін бір параққа сыю керек. Мынандай әдеттегі фразалардан аулақ болған жөн – ұқыпты, сенімді қызметкер және т.с.с. (мұндай хат бәрібір есте қалмайды, я болмаса әсер етпейді). Ең дұрысы фактілерді атап шығу: жобаға қатысты, 20 % сатуды көбейтті, келіссөзді табысты өткізді және т. с. с. Жұмыстың нәтижесін сандармен (пайызбен) көрсетуге тырысыңыз.

Егер хат нақты адамның өз атынан жазған ұсыныс хаты болмаса, әдетте мәтін хаттың ресми бланкісінде орналасады

 Ақпарат барынша шыншыл болу керек – көптеген жұмыс берушілер мәліметтерді анықтау үшін хатта көрсетілген телефондар бойынша жүгінеді.

 Ұсыным хаттың мақсаты

Ұсыным хаттың мақсаты нақты адам (жеке тұлға) немесе ұйым, кәсіпорын, мекеме (заңды тұлға) туралы объективті жан-жақты ақпарат беру болып табылады.

Көптеген жағдайларда ұсыным хат қызметкер туралы жұмыс берушінің жеке пікірін – қызметкер нақты немесе ықтимал жұмыс берушіге ұсынатын кепілдігін білдіреді

Маңызды! Ақпарат барынша әділ болу керек – көптеген жұмыс берушілер мәліметтерді анықтау және тексеру үшін хатта көрсетілген телефондар бойынша жүгінеді.

Ұсынымдар арқылы жұмыс беруші үміткердің кәсіби қызметін көзіне елестете алады, өзімен бірге жұмыс істеген әлде оқыған адамдардың пікірлерінен оны қызметкер ретінде көре алады. Ұсыным хатты барлық жұмыс берушілер талап етпейді, бірақ,  жаңа жұмыс іздестіру кезінде, оның бар болғаны абзал, оны ілеспе хат ретінде түйіндемеге қосып қойса – бұл ізденушінің кандидатурасына байсалдылық береді.

Кейбір дереккөздерде, құжаттың басында «Ұсыным хат» деп көрсету қажет деген мәліметтер бар. Біз шынымен құжаттың жоғарғы жағында сондай тақырыпты жиі кездестіреміз.

Есте сақтаңыз. Шетелдік ұсыным хаттарда бұл сөз тіркесі өте сирек көрсетіледі. Оларда ұсыным хат ілеспе хат сияқты ресімделеді: алдымен мекенжай, содан кейін хат жазылған күн және жүгіну («To whom it may concern» фразасының қазақша баламасы – «Мүдделі адамдарға» болады).

Нысаны: Әлібеков Марат мырзаға  арналған ұсыным хат

Ұсыным хат үлгісі. Оң пікір

Барлық мүдделі адамдардың назарына:

 Марат менің басшылығыммен редактордың ассистент ретінде 2013 жылғы 15 тамыздан бастап 2015 жылғы 7 қыркүйекке дейін жұмыс істеді. Оның міндеттері: зерттеулер мен интервью өткізу, кейбір кеңсе жұмысына байланысты міндеттерді орындаумен қатар, фактілерді тексеру және қысқаша кіріспе бөлімдерді жазу болып табылатын. Біздің компаниядағы жұмысының барысында Марат өзін өте қабілетті, жігерлі және талантты жазушы ретінде көрсетті.

Мараттың тапсырған жұмысты дер кезінде, кейде – мерзімінен бұрын, орындайтын қабілеті маған қатты әсер етті. Ол өткізген зерттеулер жан-жақты, жете және анық, ал тексерген фактілері айқындылығымен ерекшеленетін.

Кейде біз редакторлардың ассистенттеріне өздерін  жазушы ретінде сынап көруге мүмкіндік береміз, Марат өзінің қабілеті арқылы, жазбаша тапсырмаларды көзделген нормадан  көп алатын. Ол мақалаларды айқын, қысқа және мәнерлі жазады.

Жалпы, Маратты өте саналы және талантты қызметкер ретінде сипаттауға болады. Ол бойындағы қасиеттерінің арқасында күндердің бір күнінде керемет редактор болатынына сенемін, компаниямыздан кетіп бара жатқаны өкінішті. Мен Маратты баспада редактор лауазымына ұсынамын.

  

Мақсат Талдыбаев

бас редактор             __________________

                                        (қолтаңбасы)

 

Сауда өкіліне арналған ұсыныс хаттың үлгісі

Сауда өкілі А.О.Абильдинаға арналған ұсыныс хат

Абильдина Ангелина Олеговна 2011 жылғы 15 маусымнан 2015 жылғы 28 тамызға дейін «Трапеза» ЖШС менің басшылығыммен жұмыс істеді, оның ішінде 2011 жылғы 15 маусымнан 2013 жылғы 10  маусымға дейін – мерчандайзер лауазымында, 2013 жылғы 11 маусымнан 2015 жылғы 27 тамызға дейін – сауда өкілі лауазымында.

Мерчандайзер лауазымында оның міндеттері: тауарларды сөрелерге қою, жарнамалық материалдарды сауда орындарына орналастыру және оларды мақсатты пайдалану, қажетті тауар санын есептеп, қамтамасыз ету, істелген жұмыс туралы есеп беру болып табылатын; сауда өкілі лауазымындағы міндеті – клиенттік базамен жұмыс,  жаңа клиенттерді іздестіру және тарту, мекеме иелерімен келіссөз жүргізу, ынтымақтастық туралы шарттар жасасу, дебиторлық берешекті бақылау, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, маршруттық парақтарды әзірлеу және дистрибуция бойынша ай сайынғы есептерді дайындау.

Жұмыс барысында Ангелина өзін ұжымда беделі бар, ұқыпты, адал қызметкер ретінде көрсетті. Ол сауда орындарының иелерімен іскерлік келіссөздерді дербес және табысты жүргізіп, тауарды таныстыру рәсімін сапалы өткізіп жүрді. Өзін мерчандайзера лауазымында еңбекқор, бастамашыл және табысты қызметкер ретінде көрсетіп, екі жылдан соң сауда өкілі лауазымына ауыстырылды.

Абильдина Ангелина Олеговна көпшілік қолды тауарлардың нарығын біледі, тиімді сату технологиясын меңгерген, келіссөзді табысты жүргізе алады, жаңа ақпаратты тез игеруге қабілеті бар. Сондықтан басқа компаниядағы сату жөніндегі менеджер лауазымына үміткер бола алады деп санаймын.

 

«Трапеза» ЖШС сату жөніндегі директоры

Трофимов Василий Иванович                         ____________________

                                                                              (қолтаңбасы)

тел. +7(727) 323-24-66

 

                        Қызметкерге арналған ұсыным хат. Үлгісін жүктеу

Қызметкерге ұсыныс хатты дұрыс ресімдейміз

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы 

 

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться