Қызметкерге ұсыныс хатты дұрыс ресімдейміз

7846
Қызметкерге ұсыныс хатты дұрыс ресімдейміз
Ұсыныс хаттарды басшылар емес, қызметкерлер өздері жазатынын, яғни, дайын үлгіні толтырып, басшыға қол қойғызуға апаратынын ескерсек, дәл сол қызметкерлер дұрыс ұсыныс хатқа мүдделі болуға тиіс.

Соңғы кезде жұмыс іздестіру үшін адамдар түйіндемеге қосымша ұсыныс хат жасауды дұрыс көріп жүр. Мағынасы бойынша бұл құжат жұмыс орнынан берілетін кең тараған мінездемеге жақын. Қазақстанда бұл құжат жақында енгізілді және ұсыныс хат жазған адамның көзқарасы бойынша қызметкер туралы ақпарат (дәлірек айтқанда, пікір) беру үшін арналған.    

Ұсыныс хат

Ұсыныс хат (ағылш. «letterofreference» немесе «letterofrecommendation») – бұл, ізденушінің бұрынғы басшысының немесе қызметкердің кәсіби көзқарастары бойынша ізденуші туралы пікір білдіретін құжат. Ұсыныс хат адамның кәсіби дағдыларының, жетістіктерінің, оқу немесе жұмыс кезіндегі негізгі табыстарының қысқаша мінездемесін, оның күшті жақтарының сипаттамасын қамтиды.

Көп жағдайларда қызметкерлер құрамы жөніндегі менеджерлер ұсыныс хатты қызметкер өзі жазды деп түсінеді (өмір шындығы!), сондықтан оған немқұрайдылықпен қарайды. Бірақ, бұл, ұсыныс хатты атүсті жазуға болатынын білдірмейді.  

Қазіргі уақытта ұсыныс хаттарды негізінде басшылар емес, қызметкерлер өздері  жазатынын, яғни, дайын үлгіні толтырып, басшыға қол қойғызуға апаратынын ескерсек, дәл сол қызметкерлер дұрыс және бәсекеге қабілетті ұсыныс хатқа мүдделі болуға тиіс.

Ұсыныс хат– бұл, басқа жұмысқа ауысу үшін немесе стипендияға, грантқа құжаттарды тапсырып жатқан және т.с.с. адамның  өтініші бойынша, жұмыс берушілер, мұғалімдері, әріптестері немесе жай таныстары ұсынатын құжат. Бірақ, осындай хат жазып беруді өтінгенде, адамдардың уақыты болмаған жағдайда, онда үміткерлер өздері жазуға мәжбүр болады.

Ұсыныс хаттың мақсаты нақты адам (жеке тұлға) немесе ұйым, кәсіпорын, мекеме (заңды тұлға) туралы объективті жан-жақты ақпарат беру болып табылады.

Көптеген жағдайларда ұсыныс хат қызметкер туралы жұмыс берушінің жеке пікірін – қызметкер нақты немесе ықтимал жұмыс берушіге ұсынатын кепілдігін білдіреді

Ұсыныс хатты жеке тұлға да, заңды тұлға да бере алады.

        Ұсыныс хатта міндетті түрде

  1. Тақырыбы;
  2. Жүгінуұсыныс хат жұмыс орнынан нақты бір жұмыс берушіге жасалып жатса. Егер хат кез келген ықтимал жұмыс берушіге жасалса, жүгінудің керегі жоқ;
  3. Ұсыныс хатты жасаушы сізді қаншалықты білетіні туралы ақпарат;
  4. Компанияда жұмыс істегені туралы фактіні растау: қай жерде, қашан, не істеді (мысалы: «мынандай жерде, мына күннен бастап мына күнге дейін жұмыс істеді» немесе «...ретінде мынандай жобаға қатысты»);
  5. Қысқаша мінездеме (жұмыс беруші сіздің қандай негізгі жетістіктеріңіз бен күшті жақтарыңызды белгілей алады);
  6. Хат компанияның бланкілерінде ресімделіп, мөрмен (бар болған жағдайда) және  өкілетті адамның қолымен куәландырылады;
  7. Байланыс координаттары: ұсыныс хатқа қол қойған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, және оның байланыс телефоны.

Ұсыныс хатта бұрынғы компаниядан кеткен себебін де көрсетуге болады.

Хаттың келесі бөлігінде ұсынушының тікелей ұсыныстары мен тілегі жазылады.

«Комаровтың кәсібилігі оған осындай лауазымды алдағы уақытта да ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің компанияда жинаған білімі мен дағдылары Комаров мырзаға алдағы уақытта да құнды қызметкер болуға мүмкіндік береді деп сенемін. Оның бұдан кейінгі  шығармашылық қызметіне де зор табыстар тілеймін».

Ақпарат

Соңында ұсынушының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын, байланыс телефонын және құжатты жасаған күнді көрсете отырып, қолы қойылады.

Аталған хат, мүмкіндігінше, компанияның басшысы немесе кадр қызметінің басшысымен және компанияның мөрімен куәландырылады.

Көлемі бойынша мәтін бір параққа сыю керек. Мынандай әдеттегі фразалардан аулақ болған жөн – ұқыпты, сенімді қызметкер және т.с.с. (мұндай хат бәрібір есте қалмайды, я болмаса әсер етпейді). Ең дұрысы фактілерді атап шығу: жобаға қатысты, 20 % сатуды көбейтті, келіссөзді табысты өткізді және т.с.с. Жұмыстың нәтижесін сандармен (пайызбен) көрсетуге тырысыңыз.

Егер хат нақты адамның өз атынан жазған ұсыныс хаты болмаса, әдетте мәтін хаттың ресми бланкісінде орналасады

Ақпарат барынша шыншыл болу керек – көптеген жұмыс берушілер мәліметтерді анықтау үшін хатта көрсетілген телефондар бойынша жүгінеді.

Ұсыныстар арқылы жұмыс беруші үміткердің кәсіби қызметін көзіне елестете алады, өзімен бірге жұмыс істеген әлде оқыған адамдардың пікірлерінен оны қызметкер ретінде көре алады. Ұсыныс хатты барлық жұмыс берушілер талап етпейді, бірақ,  жаңа жұмыс іздестіру кезінде, оның бар болғаны абзал, оны ілеспе хат ретінде түйіндемеге қосып қойса – бұл ізденушінің кандидатурасына байсалдылық береді.

Кейбір дереккөздерде, құжаттың басында «Ұсыныс хат» деп көрсету қажет деген мәліметтер бар. Біз шынымен құжаттың жоғарғы жағында сондай тақырыпты жиі кездестіреміз.

Америкалық ұсыныс хаттарда бұл сөз тіркесі өте сирек көрсетіледі. Оларда ұсыныс хат ілеспе хат сияқты ресімделеді: алдымен мекенжай, содан кейін хат жазылған күн және жүгіну («To whom it may concern» фразасының қазақша баламасы – «Мүдделі адамдарға» болады).

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу»



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль