Санитарлық инспектор

605
Инспекциялар жүргізу кезінде санитарлық инспекторлар жергілікті басшылықпен немесе ұжыммен жанжалдасуы және қорқытулар мен шабуылдар жасауға ұшыраулары мүмкін.

Санитарлық инспектор дегеніміз кім? Бұл білім беру, өндірістік, коммуналдық, қоғамдық, жеке және басқа ұйымдарға, мекемелер мен кәсіпорындарға денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде көмек  және кеңес беретін қызметкер.

Бұл жұмыста не нәрсе қауіпті?

• Санитарлық инспекторлар сапарларға, қарап-тексерулер мен далалық инспекцияларға жиі қатысады, бұл жерде олар барған жерінде орын алған, денсаулық үшін әртүрлі қауіптіліктерге кез болулары мүмкін:

– улы газдар, зақымданған су, қоқыстар және т.б.;

– ауру адамдар мен жануарлардан, биологиялық қалдықтардан және т.б. жұқтырып алу қауіптілігі;

– беймәлім және қауіпті жерлерді қарап шығу кезінде құлап түсулер мен жарақаттанулар қауіптілігі;

– паразиттердің, кеміргіштердің, жәндіктердің және т.б. шағу, тістеу қауіптілігі.

• Санитарлық инспекторлар кейде зертханада жұмыс істейді, бұл жерде олар улы химикаттармен және басқа зертханалық қауіптіліктермен жанасулары мүмкін.

• Инспекциялар жүргізу кезінде  санитарлық инспекторлар жергілікті басшылықпен немесе ұжыммен жанжалдасуы және қорқытулар мен шабуылдар жасауға ұшыраулары мүмкін.

Кәсіптік қауіптіліктер

Сапарларға шығу орындарында және инспекциялық қарап-тексерулер кезінде сатылардан, сүйелмелі сатылардан, көтеріңкі платформалардан және т.б. тайғанақтаулар және құлаулар.

Тегіс беттегі тайғанақтаулар мен құлап түсулер.

Су құбыры мен арналық кәрізді қарап шығу кезінде ашық шұңқырларға, жинақтағыштар мен тесіктерге құлап түсулер.

Далалық инспекциялар кезінде сынықтарды, сынған әйнектерді, үшкір тастарды және т.б. басып кету қауіптілігі.

Механикалық және электрлік далалық жабдықтармен жұмыс істеу кезінде туындайтын электрлік есеңгіреу.

Инспекция және арналық кәрізді тазарту кезінде газдармен (мысалы, күкірттің қос тотығымен және сутек сульфидімен) жіті улану.

Ауызсуды және жүзу бассейндеріне арналған суды хлорлау және бромдау жабдықтары мен контейнерлерін жылжыту және басқару кезінде жіті улану.

Дезинсекция бойынша операциялар кезінде әртүрлі пестицидтерді пайдаланудан туындайтын жіті уланулар.

Жанғыш және жарылғыш заттардан (мысалы, еріткіштерден, бензиннен және т.б.) болатын өрттер, жарылыстаржәне улы булар.

Қоқыс өртеу бойынша операциялар мен қоқыс өртеу пештеріндегі жұмыстан күйіп қалулар.

Жазатайым оқиғалар және жарақаттар

Нашар жолдар мен жүретін жерлер бойынша машинаны ұзақ уақыт жүргізу нәтижесінде жолдардағы аварияларға ұшырау қауіптілігінің жеткілікті жоғарылығы.

Артық шуға кез болу (өндірістік гигиена, жылыту және желдету жүйелері салаларында және «шулы» салаларды тексеруде жұмыс істейтін санитарлық инспекторларға қатысты).

Иондандырушы сәулеленумен жанасу (радиоизотоптарды, рентгендік жабдықтар мен радиобелсенді қалдықтарды пайдалануды бақылау саласында жұмыс істейтін санитарлық инспекторларға қатысты).

Иондандырмайтын сәулеленумен жанасу (мысалы, суды ультракүлгін сәлеленумен стерильдендіру кезінде).

Физикалық тәуекел

Далада жұмыс істеген кезде қатал климатқа (шамадан тыс ыстық немесе суыққа) кез болу.

Дезинсекция немесе уытты петицидтер қалдықтарын жою кезінде уытты материалдармен, мысалы, пестицидтермен (инсектицидтер, гербицидтер, родентицидтермен (кеміргіштерге қарсы), фунгицидтермен (саңырауқұлақтарға қарсы), альгицидтермен (балдырларға қарсы), нематоцидтермен (нематод құрттарына қарсы) және т.б.), олардың булары мен аэрозольдерімен жанасудан созылмалы улану.

Ауызсу мен жүзу бассейндерін дезинфекциялау үшін пайдаланылатын күшті тотықтырғыштармен, әсіресе хлоринді құрамдармен жанасулар.

Арналық кәріз жүйесінде және желдетудің барабар емес жүйесі бар зауыттарда болатын уытты газдармен тыныс алу.

Химиялық тәуекел

Дезинсекция мен қоқыс өртеу үшін пайдаланылатын әртүрлі майлар мен еріткіштермен, немесе санитарлық мақсаттарда тұрақты пайдаланылатын басқа да химикаттармен жанасудан болатын дерматит пен қышыма.

Сұйық немесе қатты қалдықтармен жұмыс істеген кезде әртүрлі микроағзалармен жанасу.

Дала мен зертханада жұмыс істеген кезде әртүрлі жәндіктердің (шыбындар, бүргелер, кенелер, шіркейлер, аралар, соналар және т.б.), жыландардың, шаяндардың, кеміргіштердің және т.б. тістеулері мен шағулары.

Биологиялық тәуекел

Ауруханаларда жұмыс істеу кезінде ауру жұқтыру қауіптілігі.

Контейнерлер мен жабдықтың ауыр заттарын тасымалдау және жылжыту кезінде немесе жабық, не қолайсыз кеңістіктерде жұмыс істеген кезде туындайтын физикалық аса қауырттылық пен қолайсыз кейіптерден туындайтын жіті бұлшықеттік-қаңқалық жарақаттар мен жинақтаушылық жарақаттық бұзылулар.

Арқадағы ауырсынулар (әсіресе бүріккіштерде).

Пестицидтермен әлеуетті немесе шын мәніндегі артық жанасу мен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтпеуден үрейленуден болатын психологиялық ширығу.

Үйлерге, кәсіпорындарға және т. б. санитарлық инспекция  жүргізу кезінде күш көрсетушілік және (немесе) сөздермен қарсылық көрсетулер.

Эргономикалық, психлогиялық-әлеуметтік және ұйымдастырушылық факторлар:

Инспекция субъектілерінің негізделмеген шағымдар жасау әрекеттері, бұл психологиялық ширығуларға, жүйке тозушылыққа және т.б. әкеледі.

Болдырмау іс-шаралары

Сырғанамайтын табандары бар арнаулы аяқ киім киіңіздер.

Тұйық кеңістікке кіру кезінде тыныс алу мүшелерін қорғауды қосқанда қауіпсіздіктің ұсынылған барлық іс-шараларын сақтаңыздар.

Пестицидтерді бүрку немесе қауіпті газдармен, булармен немесе шаңмен жанасу кезінде аэрозольдер мен шаңмен тыныс алуды болдырмау үшін, тыныс алуға арналған тиісті қорғанысты киіңіздер.

Шудың тиісті деңгейі мен үлгісіне сәйкес келетін, естуге арналған қорғанысты пайдаланыңыздар (өнім берушімен немесе сарапшымен кеңесіңіздер).

Радиация көзіне жақындаудың алдында радиация деңгейін тексеріңіздер; жеке радиациялық дозиметр алып жүріңіздер. Жылдық (немесе басқа неғұрлым қысқа мерзім) радиацияның жол берілетін ең көп мөлшерінен аспаңыздар.

Ультракүлгін сәулеленумен жанасу мүмкіндігі кезінде ультракүлгін сәулеленуден қорғайтын линзалары бар арнаулы көзілдіріктер киіңіздер.

Қолдарыңызды химикаттарға төзімді қолғаптармен қорғаңыздар; егер бұл қолайсыз болса, қорғаныс кремін пайдаланыңыздар.

Қызметшілерді күш қолдану қатерін танып-білуге және оған жауап беруге үйретіңіздер; дабыл сигналдарын немесе көмекке шақырудың басқа да әдістерін  немесе қажет болған кезде  ‒ алып жүруді қамтамасыз етіңіздер.

Синонимдері: санитарлық бақылаушы, қоршаған орта жөніндегі техник, ластануларды бақылау жөніндегі техник, қоғамдық денсаулық жөніндегі инспектор, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, қоршаған ортаның жай-күйі жөніндегі инспектор, қоршаған орта жөніндегі техник/инженердің көмекшісі, дипломы бар санитарлық инспектор.

Анықтамасы және (немесе) сипаттамасы: денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын жоспарлайды, дамытады және орындайды; мектептер мен басқа топтар үшін денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту бағдарламасын әзірлейді және өткізеді; санитария мен денсаулық сақтау стандарттарын анықтайды және белгілейді; азық-түлік өнімдерін өңдеу мен беру, қатты қоқысты жинау мен жоюға, арналық кәрізді, суқұбырларын тазарту мен қызмет көрсетуге, векторлық бақылау, демалыс орындары, ауруханалар мен басқа да мекемелерге, шу, желдету, ауаның ластануы, радиация мен басқа да салаларға қатысты қағидалардың орындалуын қадағалайды. Денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды түсіндіру мен алға жылжыту үшін үкіметтік, қоғамдық, өндірістік, жеке ұйымдармен, эпидемияларды зерттеу мен бақылауда денсаулық сақтаудың басқа да персоналымен ынтымақтасады. Ресми тұлғаларға денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды дамыту жөнінде кеңестер береді.

Тектес және неғұрлым тар шеңберлі кәсіптер: санитарлық инженер, қоғамдық денсаулық жөніндегі инженер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер, азық-түліктік және дәрілік өнімдер инспекторы, шіркейлерді жоюшы, бүркуші.

Орындалатын операциялар: талдау, жинау және белгілеу, өртеу (қоқыс және т.б.), есептеу, ұстау (жәндіктерді, кеміргіштерді және т.б.), тексеру, өткізу (оқыту бағдарламаларын), құрылымдау, бақылау, жобалау, анықтау (санын, әдістемесін және т.б.), дамыту, қазу, дезинфекциялау, құтылу, тарату (ақпаратты), бөлу (ақпаратты немесе оқу материалдарын), машина жүргізу, оқыту, орындалуын қадағалау, жою (паразиттерді), бағалау (сапасын), қарап шығу, орындау, жою, жүргізу, қандай да бір нәрсемен жүгіну, куәлендіру, жақсарту (бақылау техникасын және т.б.), инспекторлық жасау, зерттеу, өлшеу, әрекет ету, жоспарлау, болғызбау, тергеу, баянат жасау, сынамалар алу, тазарту, бүрку, басшылық ету, ізденушілік жүргізу, сынау, жылжыту, сақтандыру.

Пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар: ауаның ластануынан сынамалар алуға (шаң мен газ сынамаларын қосқанда) арналған жабдықтар, барлық жерүстілік қозғалтқышты көліктік құралдар, жарықөлшегіш, компаратор (судың колориметриялық сынамалары мен хлорин қалдықтарына тесттер алуға арналған), компьютер, түтіндетіге және бүркуге арналған жабдықтар, өлшеу мен салмақ өлшеуге арналған жабдықтар, жеке қорғаныстық жабдық, пестицидтерге арналған контейнерлер, қышқылдықты есептегіш, шырпығыштар және т.б., құбырларға арналған айлабұйымдар, сорғылар, сынамаларға арналған бөтелкелер, шу деңгейін өлшегіш, тұзақтар, термометрлер, су құбыры мен арналық кәрізден сынамалар алуға арналған аспаптар, су сынамаларын алуға арналған жиындар.

Бұл кәсіп таралған салалар: үкіметтік офистер (оәсіресе Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің), қалалық басқару органдарының санитарлық және экологиялық бөлімдері, жекеменшік санитарлық ұйымдар, санитарлық оқыту орталықтары, үлкен зауыттар, өндірістік кешендер, ауруханалар және т.б.

Ескерту: Санитарлық инспектор зертханада тесттерді орындау кезінде ұшырайтын қауіптіліктер туралы ақпаратты зертханашыларға қатысты ақпараттық парақтан табуға болады.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль