Экологиялық демалыстар мен төлемақылар: кімнің құқығы бар?

1286
Хусаинова Диана Шайкемеловна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Костанай
Бұл жеңілдіктер мен өтемақыларға кімнің құқығы бар? Аталған Заңдар радиациялық қауіп пен экологиялық апат аймақтарынан басқа жерге тұру үшiн кетiп қалған азаматтарға қатысты ма?

    Мақалада, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787-ХII заңы мен Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1468-XII заңында көзделген, «экологиялық» төлемдерге жататын,  радиациялық қауіп пен экологиялық апат аймақтарында тұратын азаматтарға арналған, әлеуметтік қолдаудың еңбекке қосымша ақы төлеу мен жыл сайынғы  қосымша ақылы еңбек демалысы сияқты шараларды қарастырамыз. 

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қолдау

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787-ХII заңының (2014.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – № 1787-ХII заңы) 2-бабына сәйкес, осы Заңның 10-бабында аталған азаматтар категориясының өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын № 1787-ХII заңының 12–15-баптарымен айқындалған мөлшерде толтыртуға құқығы бар.

Сөйтіп, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мыналар жатады:

  • әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;
  • 1966 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;
  • 1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;
  • осы баптың екiншi және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте.

ВНИМАНИЕ № 1787-ХII заңының  14-бабына сәйкес, ядролық сынақтар әсеріне ұшырған аумақтарда тұратын әйелдердің қалыпты босану жағдайында 170 күнтізбелік күн, босануы ауыр болған реттерде және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 184 күн жүкті болуы мен босануы бойынша демалыс алуға құқығы бар.

№ 1787-ХII заңының 15-бабына сәйкес, ластанған аумақтарда әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген кезде әскери қызметшілер және осы органдардың қызметкерлері осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.

№ 1787-ХII заңының 13-бабының негізінде, осы Заңның 5–6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұрып жатқандар қосымша демалыс пен қосымша еңбекақы алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787-ХII заңының 5-9 баптарына сәйкес, қосымша демалыс пен қосымша еңбекақы

Радиациялық қауіп аумағы

Радиациялық ластануға ұшыраған аумақ

Аумақтар бойынша айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі қосымша ақы  

Аумақтар бойынша жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс

(күнтізбелік күндер)

Радиациялық қаупі ерекше аумақ

Ең жоғары сейсмикалық әсер белдеуiне кiретiн аумақ:

  • Абай ауданының Сарыжал ауылдық округі;
  • Бесқарағай ауданының Долон ауылдық округі;
  • Шығыс Қазақстан облысының Жаңасемей ауданының Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары

2 АЕК

14 күн

Радиациялық қаупі барынша көп аумақ

Елді мекендер:

  • Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай және таратылған Жаңасемей аудандарының, Семей қаласы Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат ауылдық округтерінің;
  •  Павлодар облысы Май ауданы Ақжар және Малдар ауылдық округтерінің елдi мекендерi

1,75 АЕК

12 күн

Радиациялық қаупі            ең жоғары аумақ

Елді мекендер:

  • Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандарының елдi мекендерi, Семей қалалары;
  • Шығыс Қазақстан облысының Курчатов, Өскемен және Риддер қалалары;
  • Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы таратылған Қазыбек би ауданының аумағы шегінде;
  •  Павлодар облысының Май ауданы

1,5 АЕК

10 күн

Зона минимального радиационного риска

Елді мекендер:

  • Шығыс Қазақстан облысының Уржар, таратылған Таскескен, Көкпектi, Ақсуат, Зырян, Зайсан  және Тарбағатай аудандарының;
  • Қарағанды облысының таратылған Қазыбек би ауданының аумағын қоспағанда, Қарқаралы ауданының;
  • Павлодар облысының Лебяжi ауданының елдi мекендерi

1,25 АЕК

7 күн

Территория с льготным социально-экономическим статусом

Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ - бүкiл сынақ кезеңiнде тиiмдi эквиваленттi сәулелену мөлшерi әртүрлi себептерден 0,1 бэрден төмен болған, бiрақ радиациялық қауiптi және сейсмикалық қауiптi аудандарға жақын тұруға байланысты елеулi психикалық-эмоциялық терiс әсерi бар ең төмен радиациялық қауiптi аймаққа таяу жатқан аумақ (әкiмшiлiк аудандардың шекарасы шегінде): Павлодар облысының Баянауыл ауданы

1 АЕК

5 күн

№ 1787-ХII заңының 11-бабының негізінде, осы Заңның 10-бабында аталған адамдарға куәлiк берiледi, ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерге құқықты растайтын құжаттар болып табылады.

       Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және оларға куәлiктер беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылды.

Сол кезде, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 02-01/ФЛА02730/0 хатына сәйкес, № 1787-ХII заңы 11-бабының нормасы зардап шеккендерге ғана емес, сондай-ақ Заңның 5-9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрып жатқан халыққа да қатысты, олар аталған аймақтарда тұрып жатқан факт туралы құжат берсе болғаны.

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан

зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау

Енді Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау және экологиялық апатқа ұшыраған аймақта тұратын халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қарастырамыз.

6-8-баптарға сәйкес, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1468-XII Заңының (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – № 1468-XII заңы), қорғауына келесі азаматтар жатады:

экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер 

  • белгіленген тәртіппен экологиялық апат аймағы статусын алған аумақта 1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса);
  • экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 3 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.

экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккендер

  • белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс аймағы статусын алған аумақта 1975 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 15 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (15 жасқа дейінгі балаларды қоса);
  • экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 5 жыл тұрып жатқан немесе тұрғын азаматтар.

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау салдарынан зардап шеккендер

  • белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ статусын алған аумақта 1975 жылдан осы кезге дейін кемінде 20 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қоса);
  • экологиялық қасіретке себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 7 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.

№ 1468-XII заңының 9-бабына сәйкес, экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тұратын жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады

№ 1468-XII заңының 13-бабына сәйкес, экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа:

1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:

  • экологиялық апат - 1,5;
  • экологиялық дағдарыс - 1,3;

2) еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге:

1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде орындармен қамтамасыз етуде артықшылық алуға құқық беріледі.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-XII заңына сәйкес, экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға берілетін қосымша демалыстар мен еңбекке ақы төлеу

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» (Заңның 13-бабы)  

Экологиялық апат аймағы

Экологиялық дағдарыс аймағы

Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ

Экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу

1,5

1,3

1,2

жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне) аймақтар бойынша

12 күнтізбелік күн

9

күнтізбелік күн

7

күнтізбелік күн

№ 1468-XII заңының 15, 16-баптарына сәйкес,  экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен адамдар тұратын үйін меншігіне тегін алуға құқығы бар.

Экологиялық апат аймағынан кетіп қалған адамдардың  жаңадан қоныстанған жерде өздерінің кәсібі мен біліктілігіне сәйкес бірінші кезекте жұмысқа орналасуға, немесе ондай жұмыс жоқ болған жағдайда өз тілектері ескеріле отырып басқа жұмыс немесе жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) оқып-үйрену мүмкіндіктеріне, оқыту кезеңінде белгіленген тәртіппен жалақысы сақталуға құқығы бар.

Экологиялық қасірет салдарынан І және ІІ топтағы мүгедектердің Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын және астанасын қоспағанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар (№ 1468-XII заңының 17-бабы).

Экологиялық қасірет аймағына ерікті түрде жалдану бойынша жұмысқа жіберілген немесе көшкен адамдар, экологиялық қасірет аймағында кемінде бес жыл жұмыс істеген, тұрғын үйге мұқтаж мамандардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша бірінші кезекте үй алуға құқығы бар (№ 1468-XII заңының 18-бабы).

№ 1468-XII заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) қаржы және материалдық қаражаттарды жаңа жұмыс орындарын құруға, ақы төлейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға басым бағыттауды;

2) экологиялық апат аймағынан көшіп-қонушыларды республиканың экологиялық жағынан қолайлы аймақтарында жұмысқа орналастыру жағдайын;

4) Арал өңірі проблемаларын шешу үшін қажетті аса зәру кәсіптерді иелену жөніндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ, оқу кезеңінде міндетті түрде жатақхана беретін кәсіптік оқытуға арналған курстарға артықшылықты пайдалана отырып (мөлшер белгілеу жолымен) түсуді қамтамасыз етеді.

№ 1468-XII заңының 20-бабына сәйкес, өтемдер төлеу мен жеңілдіктер беру аумақтың статусы мен азаматтардың статусы осы Заңда белгіленген тәртіппен өзгерген ретте өзгереді және тоқтатылады.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын және Арал өңірінің Қазақстан бөлігіндегі экологиялық апат немесе экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтар осы Заңда көзделген барлық жеңілдікті қабылданған мемлекетаралық келісімдерге сәйкес пайдаланады (№ 1468-XII заңының 20-бабы).

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль