Қазақстан Республикасындағы мүгедектерге арналған салық жеңілдіктері

7842
Қазақстан жеңілдіктер ұсынады жеке мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға түрлері бойынша салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер.

Біз осы мақалада барлық топтағы мүгедектер үшін заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді қарастырып, сондай-ақ жәрдемақылар алу жөнінде ұсынымдар береміз.

Салық жеңілдіктері

Жеке табыс салығы. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 156-бабының 1-тармағының 13-тармақшасында, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек-бала, «мүгедек-бала» санатындағы тұлғаның ата-аналарының бірі, олар он сегіз жасқа толғанға дейін және «бала күнінен мүгедек» болу себебі бойынша мүгедек деп танылған тұлғалардың ата-аналарының бірі үшін – осындай баланың өмір сүру кезеңінде жалақының 55 есе төменгі көлемі шегінде табыстың жеке табыс салығынан босату қарастырылған.

Көлік құралына арналған салық

ҚР СК 365-бабының 3-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес барлық топтағы мүгедектер өздерінің меншігіндегі мотоколяска және автокөліктер бойынша (бір көлік құралы бойынша) көлік құралына салынатын салықтан босатылады.

Жер салығы

ҚР СК 373-бабының 3-тармағының 4)-тармақшасына орай барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала күннен мүгедек жанның ата-аналарының бірі төмендегілер бойынша жер салығын төлемейді, яғни:

  • тұрғын үй қоры орналасқан жер телімдері бойынша, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар үшін де;
  • үй маңындағы жер телімдері бойынша;
  • жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бақша өсіру және саяжай құрылысы үшін берілген жер телімдері бойынша, құрылыстар орналасқан жерді қоса алғанда;
  • көлік тұрағы орналасқан жер телімдері бойынша.
Мүлік салығы

І және ІІ топтағы мүгедектер – меншік құқығындағы салық салынатын барлық нысандардың жалпы құнынан айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1500 есе көлемі шегінде мүлік салығынан босатылады (ҚР СК 403-б. 2-т. 3)-тармақшасы).

Жеке кәсіпкерлерді тіркеу үшін алымдар

ҚР СК 457-бабының 1-тармақшасында, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер жеке кәсіпкерлерді тіркеу үшін алымдар төлеуші болып табылмайтындығы қарастырылған.

Жылжымайтын мүліктерге құқықты және олармен жасалған мәмілелерді тіркеу үшін алымдар

Барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала күннен мүгедек жанның ата-аналарының бірі жылжымайтын мүлік құқығын және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу кезінде алымдар төлеуден босатылады (ҚР СК 457-б. 2)-тармақшасы).

Соттағы мемлекеттік баж салығы

ҚР СК 541-бабының 12)-тармақшасына сәйкес барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала күннен мүгедек жанның ата-аналарының бірі барлық істер мен құжаттар бойынша соттарда мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.

Мемлекеттік нотариалдық кеңселерде нотариалдық істер жасағаны үшін мемлекеттік баж салығы

ҚР СК 542-бабының 4)-тармақшасына орай барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала күннен мүгедек жанның ата-аналарының бірі барлық нотариалдық істер бойынша мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.

Құжаттау кезіндегі мемлекеттік баж салығы

Барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала күннен мүгедек жанның ата-аналарының бірі Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының тұруға белгі қағазы мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке куәліктерін беру кезінде тұрғылықты мекенжайын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады (ҚР СК 546-б. 1) және 6)-тармақшалары).

Көлік құралын тіркеу кезіндегі мемлекеттік баж салығы

Барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала күннен мүгедек жанның ата-аналарының бірі автокөлікке, автокөлік тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін беру кезінде мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады (ҚР СК 546-б. 7)-тармақшасы).

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях