text
Справочник кадровика

Еңбекті қорғаудағы нөлдік төзім: әдістер мен технологиялар

  • 16 августа 2018
  • 699
Еңбекті қорғаудағы нөлдік төзім: әдістер мен технологиялар

Қауіпсіздікті басқару – бұл тек қауіпті әрекеттерге және жарақаттануға мүлде жол бермеу мақсаты көзделетін үздіксіз үрдіс. Мақалада «Өскемен ЖЭО» ЖШС-да бұған қалай қол жеткізіліп отырғанын баяндаймыз.

Еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігі төмен болған кезде


Кейде кәсіпорындағы мінсіз көрінген еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігі төмен болып жатады. Мұның себептері қандай?
1. Басшылық халықаралық еңбекті қорғау стандарттарында қабылданған шараларды нақты көрсетуді басты бағыт санайды, бірақ «нөлдік жарақаттануға» қол жеткізуді негізгі міндет деп қабылдамайды және оған ұмтылмайды да.
2. «Нөлдік жарақаттануды» өндірістік бөлімнің әрбір жеке басшысы түрліше түсінеді. Біреулер егер оларға тікелей бағынатын адамдарға ештеңе болмаса, онда «нөлдік жарақаттану» деген осы деп санайды. Екінші біреулер мердігерлерді де қадағалайды және статистикаға оларды да қосады, ал ол жерде әлдеқашан жазатайым оқиғалар көп орын алған. 
3. Қос стандарт жүйесі жұмыскерлердің ненің жақсы, ненің жаман екенін анық түсінбеуіне әкеледі. Кейбіреулер қауіпсіздік техникасы қағидаларының кез келген түрде бұзылуына жол бермеу керек деп санаса, кейбіреулер мұндайға рұқсат береді немесе өзі де бұзады.
4. Сондай-ақ қатардағы қызметкерлер мен басшылардың ұйымның құндылықтар жүйесіндегі басты нәрселер туралы түсініктері де өзгеше.

 

Мұндай жағдайда қандай тұжырым жасалуы мүмкін?


1. Басшыларды еңбекті қорғау қағидаларының сәл де болса бұзылуына жол бермеуге міндеттейтін хаттама қабылдау қажет, яғни кез келген бұзушылыққа «нөлдік төзім» болуы тиіс.
2. Басшы немесе маман еңбекті қорғау қағидаларының бұзылуына жол берген, не болмаса адамның кінәсінен немесе техниканың кесірінен адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп факторын жоймаған жағдайда материалдық жауапкершілік туралы бұйрық шығару.
3. Кәсіпорынның басым құндылықтарының айқын жүйесін: бизнестің тиімділігі қай орында, ал еңбек қауіпсіздігі қай орында екенін анықтау.
Қолайсыз «адам факторын» бақылау және пайда болуының алдын алу үшін қызметкерлердің психологиялық-физиологиялық аман-саулығына мониторинг қолдануға болады. Бұл еңбекті қорғау талаптарының бұзылуын жоспарлы түрде үнемі жойып тұру үшін стратегиялық мақсаттарды бекітуге мүмкіндік береді.
Келтірілген талдау еңбекті қорғау ісінде екіұштылық пен қиындық болмауы керектігін көрсетеді. Ал басшылар мен еңбекті қорғау жөніндегі мамандарда нақты бір бизнес объектісінің барлық даму кезеңдерінде тұтас нақты жауаптары мен нақты міндеттер шешімдері (қарапайым әрі қолжетімді) болуы тиіс.


ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

50-ден астам жұмыскері бар ұйымда еңбекті қорғау жөніндегі қызмет құрыла ма немесе бұл талап өндірістік қызметпен айналысатын ұйымдарға ғана қатысты ма? Тек ҚТ және ЕҚ үшін жауапты тұлғаны тағайындауға бола ма? 
Ashirov

Абылкасым Аширов

независимый эксперт по вопросам охраны труда и трудовых отношений, г. Алматы

Нөлдік төзім саясаты


Біздің кәсіпорын – «Өскемен ЖЭО» ЖШС (бұдан әрі – ЖЭО) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ең басты қағидалар мен нормаларды бұзуға «нөлдік төзім» саясатын ұстанады.
 

Нөлдік төзім саясаты – қауіпсіздік техникасының негізгі қағидаларының бұзылғаны үшін шартты (еңбек шартын, мердігерлік ұйыммен жасасқан шартты) бұзуға дейінгі белгілі бір жауапкершілік деңгейі.


Нөлдік төзім саясаты қауіпсіздік техникасының негізгі қағидаларының бұзылғаны үшін, ең басты қағидалардың бұзылғаны үшін жауапкершілік бар екенін білдіреді, мысалы, алкогольді ішімдіктер ішу фактісінің анықталуы (қанда нөлден жоғары промилле болуы) еңбек шартын бұзу мәселесін шешуге негіз болады. 
Мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлері үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ) қағидалары бұзылғанда қолданылатын шаралар бізде стандартты «Тапсырыс берушінің аумағындағы жұмыстарға (қызметтерге) арналған ҚТ және ҚОҚ жөніндегі қосымшада» айқындалған. Әрбір қызметкер кәсіпорында қолданылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нормалар мен қағидаларды сақтауы және басқалардан да сақтауын талап етуі керек.
ЖЭО-дағы еңбекті қорғауды қандай әдістермен және технологияармен қамтамасыз етеміз?
 

Еңбекті қорғаудағы озық тәжірибелер туралы біліңіз


Жұмысты тоқтату құқығы. Бұл – ЖЭО-ның және мердігерлік ұйымның әрбір жұмыскеріне олардың пікірінше қауіпсіз емес жағдайды байқаған сәтте жұмысты тоқтату құқығын беретін және міндетін жүктейтін үрдіс. Жұмысты тоқтату құқығына сондай-ақ қызметкер немесе мердігер өзінің жұмысты тоқтату құқығын қолдана отырып, жұмысты тоқтатуды өтінген сәтте барлық қызметкерлер мен мердігерлердің өз жұмысын тоқтату міндеттемесі кіреді. Жұмысты тоқтату оқыс оқиғалардың және ізінше ауыр жарақаттардың әрі адам өлімімен аяқталуының алдын алу үшін соңғы мүмкіндік болып саналады. Жұмысты тоқтату құқығы қолданылған сәтте:


  • жұмыс тез арада тоқтатылуы;
  • тоқтатылу себебі түсіндірілуі (қауіпсіздікті арттыру жөніндегі ұсыныстар);
  • қауіптерді анықтау мақсатында және қажет болған кезде қауіптерді азайту бойынша қосымша бақылау шараларын айқындау мақсатында жұмыстың қауіпсіздігіне талдау жүргізілуі тиіс.

Мұндай жағдайларда жұмыскердерді көтермелеп, қауіптерді анықтағаны және қауіпсіздік үшін жұмысты тоқтатқаны үшін алғыс айтылады.


Алдын алу қауіпсіздігі. Жұмыстың әрбір кезеңін сапалы түрде зерттеу үшін қауіпті бағалау мақсатында, жұмыстың әрбір кезеңіндегі елеулі және болуы ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді анықтау мақсатында жұмыс қауіпсіздігін талдау бланкісін пайдалану және қауіпті азайту әрі жою үшін қауіпті бақылау шараларын айқындау. ЖЭО-да отпен орындалатын жұмыстарға, биіктіктегі жұмыстарға, жүк көтергіш машиналарға, тұйық кеңістіктерге және т.с.с. чек-парақтар әзірленіп, қолданылуда.
1C:Safety Walk. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы аралап тексерулерді тіркеу бағдарламасы. ЖЭО жұмыскерлерінің аралап тексеру барысы, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер бригадалардың жұмыс орындарында қауіпсіз емес әрекеттер мен жағдайларды анықтау үшін, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды есепке алу үшін Safety Walk тіркеу бағдарламасына енгізіледі. 1 С жүйесіне:

  • наразылық актілерін ресімдеу;
  • жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) беру және есепке алу үрдісі біріктірілді.

Мұның барлығы ресімдеу үрдісі мен электрондық есепке алуды жылдамдатады әрі оңайлатады, сондай-ақ:

  • қызметкерлердің аралап тексерулерінің санын жүйеге келтіруге (кәсіпорын бойынша бұйрыққа сай белгіленген аралап тексерулерді орындау нормасы ескеріледі);
  • тексерулер барысында анықталған ескертулерді фотосуреттер қоса отырып есепке алуға;
  • қызметкерлерге қауіпті факторларды жою туралы уақтылы хабарлауға (ескертуді жою туралы хат жауапты тұлғалардың электронды поштасына жолданады);
  • біліктілік емтиханын тапсырған кезде тест жүргізуге;
  • жауаптылар тағайындалатын тексерудің барлық түрін (мемлекеттік, ішкі және сыртқы аудиттер, бұйрықтарды және басқа да тапсырма беретін құжаттарды орындау), жою мерзімдерін және іс-шара жоспарларын енгізуге;
  • түрлі есептер: апта сайынғы, мердігерлер бойынша есеп, аралап тексеру жоспарын орындау есебін, инспекторлар анықтаған ескертулер тізімін және басқаларын жасауға;
  •  жазатайым оқиғаларды тіркеуге мүмкіндік береді.

Safety Walk жүйесімен 2018 жылға мыналар жоспарланып отыр:

- бюджеттендіру кезінде ЖҚҚ-ға деген қажеттілікті бағдарламамен жасақтау;
- еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша есептерді әзірлеу, есепке алу және жасау (деректерді кеңінен талдауға мүмкіндік береді);
- өкімдер ресімдеу үрдісін жетілдіру: Жөндеу   сарапшысы (бағдарлама оқыту бойынша деректерді, қолданыстағы шарттарды және т. с. с. автоматты түрде толтырады).

Еңбекті қорғаудағы нөлдік төзім: әдістер мен технологиялар
 

LOTO жүйесін қолдану (lock out tag out/бекіту және таңбалау). Жыл сайын әлемде өнеркәсіп жабдығына жөндеу жұмыстарын жүргізген немесе техникалық қызмет көрсеткен кезде өндірістің түрлі салаларындағы мыңдаған жұмыскерлер бақылауға келмейтін энергия берумен байланысты жазатайым оқиғалар кезінде опат болады немесе жарақат алады. LOTO жүйесі – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жабдықты қорғау және оның үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында қауіпті энергия көздерін бақылау жүйесі. Жүйе қауіпті энергия көздерінен тиісінше ажыратуды қамтамасыз ету мақсатында құзыретті және уәкілетті тұлғалар жүзеге асыратын қауіпті энергия көздерін бақылаудың әрбір маңызды кезеңіне қайта-қайта жүргізілген тексеру үрдістеріне негізделген және Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) оны ең тиімді жүйе ретінде қолдануға ұсынды. Жүйенің мәні жабдықты кездейсоқ немесе өздігінен ашылып кетуден қорғап бекітуде және оны таңбалауда.
LOTO жүйесі – бекіткіш арматураға және коммутациялық аппараттарға кездейсоқ әсерлермен байланысты өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алудағы тиімді құрал.





Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 8, 2018  

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты