text
Справочник кадровика

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы

  • 20 августа 2018
  • 844
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Еңбек заңнамасының негізі Қазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, заңдар және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
 

Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу қалай
жүзеге асырылатыны жайлы?


Қолданыстағы ҚР еңбек заңнамасы келесі негізгі конституциялық ережелерге негізделеді:

  • Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
  • Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады;
  • Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады (ҚР Конституциясының 4-бабының 4-тармағы);
  • нормативтік құқықтық актілердің заңдық күшіне қарай олардың қатаң сатысы белгіленеді ( Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» № 213 заңының 4-бабы);
  • қолданыстағы еңбек заңнамасы заңдылық қағидатына негізделеді.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Бұл, бір жақтан заңға қосымша актілерге қатысты заңның үстем екенін, екінші жағынан – барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, жұмыс берушілер, лауазымды тұлғалар және азаматтар заңдардың негізінде, соларға сәйкес және соларды орындау үшін іс-әрекет жасауға міндетті екенін білдіреді.
Еңбек қатынастарымен тікелей байланысты еңбек және өзге қатынастарды құқықтық реттеу, ережелері ҚР ЕК және еңбек туралы барлық өзге нормативтік құқықтық актілердің негізгі бастамаларын белгілейтін, ҚР Конституциясына сәйкес жүзеге асырылады. Заңдар және еңбек туралы барлық өзге нормативтік құқықтық актілер ҚР Конституциясының 24-бабындағы ережелерге нақтыланады, ол бапта келесі негізге алынатын қағидаттар қамтылған: Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.
ҚР ЕК еңбек және тікелей еңбек қатынастарына қатысты өзге қатынастарды құқықтық реттеудің бастапқы принциптік ережелерін белгілейді, сонымен қатар, еңбек саласындағы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында пайда болатын мәселелерді шешеді.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Ұйымда қиын мінезді бухгалтер жұмыс істейді (ұрысқақ, агрессияшыл, ұжымда адам төзгісіз жағдайлар тудырады). Қызметкерлер ұжымы осы қызметкерді жұмыстан босату туралы бірнеше рет жазбаша және ауызша түрде басшыға арызданды. Алайда, басшы қызметкердің жұмыстан өз еркімен босатылуын күтуде. Жұмыс беруші өз бастамасымен қызметкерді жұмыстан босатуы мүмкін бе және бұл рәсімді заңды түрде қалай жүзеге асыруға болады?
Kulinkova

Виктория Кулинкова 

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда

Еңбек қарым-қатынастарын тағы не реттейтіні жайлы

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. Осылайша, құқық қолданылатын тәжірибеге теріс келетін заңнамалық қайшылықтар жойылады.
Еңбек және тікелей еңбек қатынастарына қатысты өзге қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жүйесіне, сондай-ақ ҚР Үкіметінің қаулылары кіреді. Ол қаулылар ҚР ЕК қайшы келмеуге тиіс. Еңбек құқығының нормаларын қамтитын, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР атқарушы билігінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін шығарылады. Көптеген жағдайларда ҚР Үкіметінің қаулылары ҚР ЕК көзделген ережелерді жүзеге асыру үшін қабылданады.
Осылайша, ҚР ЕК 15-бабына сәйкес, ҚР Үкіметі:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
5) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және жұмыскерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
6) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
7) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Еңбек қатынастарын реттеу сондай-ақ министрліктердің және өзге атқарушы билік органдарының заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерімен жүзеге асырылады. Бұл актілер ҚР ЕК және ҚР Үкіметінің қаулыларына қайшы келмеуге тиіс. ҚР ЕК еңбек қатынастары саласындағы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдардың құзыретін көздейді. 
 


Халықаралық шарттардың басымдығы туралы

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады.
Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
Түсіндірме беріліп отырған тармақта халықаралық актілердің және ұлттық еңбек заңнамасының бірлігі мен арақатынасы туралы маңызды мәселе қаралады. ҚР Конституциясының 8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады (ҚР Конституциясы 4-бабының 3-тармағы).

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы

Баптар бойынша практикалық түсіндірме –
Еңбек кодексі жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексіне осы Баптар бойынша практикалық түсіндірме – «МЦФЭР–Казахстан» ЖШС сандық баспасы шығарған екінші кітап (бірінші кітап – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексіне Баптар бойынша практикалық түсіндірме 2008 жылы шыққан).
Тәжірибелік сипаты бар бұл кітап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек қатынастары, жалақы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сарапшылар мен мамандардың, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМКК-ның, тәжірибеші заңгерлердің, еңбек заңнамасының нормаларын дұрыс қолдануға себеп болатын және еңбек заңнамасының даулы мәселелері бойынша берілетін, түсіндірмелерін қамтиды.
Сонымен бірге, Түсіндірмеге тамаша қосымша ретінде «МЦФЭР–Казахстан» ЖШС әзірлеген, Еңбек кодексі сүйенетін барлық заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды, халықаралық Конвенцияларды; кадрлық рәсімдерді қатесіз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қадамдық нұсқаулықтарды; қажетті құжаттардың үлгілері мен мысалдарын, сондай-ақ әртүрлі мәселелер бойынша ұйымда туындайтын даулы жағдаяттарды шешуге мүмкіндік беретін,
«ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесін атап өткен жөн.
Кітап барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың басшылары мен жұмыскерлеріне, заңгерлерге, кадрлық қызметтің, еңбек құқығының мамандарына, ғалымдарға, оқытушыларға, аспиранттарға, заң және экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ оқырмандардың кең ауқымына арналған.
 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты