Жауаптылық: материалдық және толық

2490
Материалдық жауапты адамдарға әр ұйымда тиісті құжаттардың толық пакетін әзірлеу қажет. Әңгіме жергілікті нормативтік актілер туралы.

Бірінші кезекте қызметкердің материалдық жауапкершілігін реттейтін қажетті құжаттарды әзірлеу қажет. Материалдық жауапты тұлғалар үшін, әрбір ұйымда қажетті құжаттардың толық топтамасы әзірленуі тиіс. Сөз, материалдық жауапкершілік туралы жергілікті нормативтік актілер (ережелер, шарттар және т. б.) жөнінде болып отыр.

 ТОЛЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА

Материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасар алдында қызметкер оның қызметін регламенттейтін, олардың бұзылуы материалдық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін барлық құжаттармен қол қоя отырып таныстырылуы тиіс. Мысалға, бұндай құжаттарға қызметкердің лауазымдық нұсқаулығы; кассалық операцияларды жүргізудің бекітілген тәртібі; тауарларды есепке алу мен оларды қабылдау, сақтау және беру, операцияларын ресімдеудің және т. б. ережелері жатуы мүмкін.

Толық материалдық жауапкершілік жағдайларында (бұл талап еңбек шартында немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта көрсетілмеген жағдайларды қоспағанда) жұмысқа қабылдау кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы жеке шарт жасалуы тиіс. Бұндай шарт өндіріс процесінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда жасалады (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 168-бабының 1-тармағы).

Толық материалдық жауапкершілік туралы жеке шарттың жасалуы – жұмыс берушінің қызметкерден ол келтірген залалды өндіріп алу мүмкіндігінің кепілі. Бұл ретте бұндай шартты қызметкерді жұмысқа қабылдағаннан кейін емес, жұмысқа қабылдау кезінде жасаған дұрыс.

Толық материалдық жауапкершілік туралы жеке шартты жасау қызметкерді жұмысқа қабылдағаннан кейін туындайтын болса, (оның ішінде шарт жұмысқа орналасу кезінде жасалмаған болса), бұл жағдайда барлығы жұмысқа қабылдау кезінде материалдық жауапкершілік туралы келісілді ме жоқ па соған байланысты болады. Егер бұл жағдай жазбаша түрде (мысалы еңбек шартында) бекітілген болса, ал қызметкер дәлелді себептерсіз материалдық жауапкершілік туралы шартты жасасудан бас тартатын болса, бұл одан туындайтын салдарымен қоса еңбек міндеттерін орындамау деп саналады.

 МІНДЕТТЕМЕЛЕРМЕН БЕ ӘЛДЕ ОЛАРСЫЗ БА

Азаматтық құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкермен материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасу мен сол қызметкермен тағы да сол құндылықтар үшін жеке және ұжымдық жауапкершілік шартын жасасуға жол берілмейтініне назар аударыңыздар.

Материалдық жауапкершілік туралы шарттарда тараптардың міндеттемелері, келтірілген залалды өтеу негіздері мен тәртібі, қолданылу мерзімі және өзге де маңызды талаптар көрсетілуі тиіс. Шартың өзінде немесе оған қосымшада қызметкерге сақтауға немесе пайдалануға берілетін мүліктер мен басқа да құндылықтардың нақты тізбесін көрсету қажет.

Қызметкерге сақтауға немесе пайдалануға берілетін мүліктер мен басқа да құндылықтардың нақты тізбесін көрсету қажет.

 Бұдан басқа толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуды ресімдеу кезінде беру актісін жасау қажет. Қызметкер толық материалдық жауапкершілікте болатын, оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтар қабылдау-өткізу актісімен (оның алдында мүкамалдау жүргізіледі), материалдық құндылықтарды алуға берілген сенімхатпен және т.б. белгіленеді. Қазақстан заңнамасында тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау-өткізу актісінің бірегейленген нысаны жоқ, сондықтан біз осындай актінің үлгісін ұсынамыз (үлгі).

  Шарт жасалынғаннан кейін қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті жүктеу туралы бұйрық шығарылуы тиіс, бірақ бұл жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарылып қойғанда және онда қызметкердің материалдық жауапкершілі келісілмеген жағдайда ғана жүзеге асырылады (үлгі). Осылайша, бұндай талап жұмысқа қабылдау кезінде бірден еңбек шартына және толық материалдық жауапкершілік шартына қол қойған қызметкерлерге қатысты болмайды. Бұл жағдайда жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта:

 "___(Т.А.Ә. қызметкердің аты-жөні)___ лауазымына толық материалдық жауапкершілікпен жұмысқа қабылдансын"

деп, ал бұйрықтың негіздемесінде екі шартты көрсету жеткілікті.

Дереккөз: http://«ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу


 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль