Лауазымдық ауыстырулар мен басқа жұмысқа ауыстыру еңбек жағдайларының өзгеру салдарындай

947
Лауазымдық ауыстырулар мен басқа жұмысқа ауыстыру еңбек жағдайларының өзгеру салдарындай
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Лауазымдық ауыстырулар мазмұндары позитивті және негативті тәртіптегі әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Ол компанияның ішкі үдерістеріне байланысты.

Қызметкерлерді жаңа лауазымдарға ауыстыру қалай дұрыс ресімделеді?

Ұйымдық құрылымдағы қызметкерлерді ауыстырудың жиі кездесетін себептерін атайық:

  • лауазымдар құрылымдарының өзгеруі, олардың міндеттерінің қайта бағытталуы немесе кеңеюі;
  • кадрлардың тұрақсыздығы, қызметкерлердің тұрақсыз құрамы;
  • штаттың қысқартылуы, бұрынғы қызметтерді жою;
  • қызметкерлердің кәсіби өсуі;
  • әкімшілік жазаға тарту (лауазымы төмендегенде);
  • компанияның иерархиялық құрылымының өзгеруі («тік» ауысуы);
  • қызметкерлерді жобамен жұмыс істеу және құрылымдық бөлімшелердің қосымша өзара әрекеттесуін дамыту мақсатында көршілес бөлімге жіберу («көлденең» ауыстыру);
  • ұйымның бірыңғай біртұтас жүйесіне кәсіптік бөлімдерді біріктіру;
  • қызметкерлердің қабілеттерін ашу үшін, оларды мақсатты түрде ауыстыру және т.с.с.

 Ішкі ауыстырулар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.  

Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты, басқа жұмысқа ауыстыру туралы айтпас бұрын, бұл ұғымның құрамдас бөліктерін кезең-кезеңмен талдайық:

  • еңбек жағдайлары;
  • еңбек жағдайларының өзгеруі;
  • еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру.

Еңбек жағдайлары

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, еңбек жағдайларына:

  • еңбекке ақы төлеу;
  • еңбекті нормалау;
  • жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары;
  • кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару;
  • қызмет көрсету аймағын ұлғайту;
  • уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі;
  • техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар;
  • тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары жатады.

Осылайша, еңбек жағдайлары – ол, өндірістік ортаның әртүрлі факторлар жиынтығын және еңбек қабілетіне, денсаулығына және жұмысқа деген ынтасын арттыруға маңызды ықпалын тигізетін, еңбек үдерісі.

Еңбек жағдайларының өзгеруі

       Еңбек жағдайлары өзгергенде ешбір қиындық жоқ сияқты. Мысалы, жалақыны өзгертті немесе уақытша ауырып қалған қызметкердің жұмысын тапсырды делік. Осы кезде еңбек жағдайлары өзгерді ме? Әрине. Еңбек жағдайлары өзгергенде  қызметкер мен жұмыс берушіге міндетті бірқатар қажетті талаптар қойылады.

 Заң шығарушы еңбек жағдайларын маңызды, қосымша, өзге деп бөлмейді. Еңбек шартының тараптары жазған, кез келген еңбек жағдайлары өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Жұмыс беруші еңбек жағдайларын олардың күшін жою арқылы өзгертуіне болады, – мысалы, мамандықтарды (лауазымдарды) қоса атқарса, немесе қызмет көрсету аймағын ұлғайтса, әлде уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау, егер қызметкер бұл жұмыстарды жұмыс берушінің келісімімен орындаса.

Тағы бір жағдайда жұмыс беруші басқа еңбек шартында, ауыстыру ретінде белгіленген еңбек жағдайларын өзгертуді ұсынуы мүмкін.

 Қызметкер кезекпен екі ауысым жұмыс істеді. Жұмыс көлемі қысқарғандықтан, және өндіріс ұйымы өзгергендіктен, кәсіпорын бір ауысымдық жұмыс тәртібіне ауысты, және жұмыс беруші қызметкерге бір ауысымда жұмыс істеуді ұсынды.

ҚР ЕК 48-бабының 1-тармағына сәйкес, өндірісті ұйымдастырудағы, соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгерістерге және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, қызметкер еңбек шартында келісілген тиісті біліктіліктегі лауазым, мамандық немесе кәсіп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық шартқа тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

Қызметкердің еңбек жағдайларын өзгерту туралы жұмыс берушінің ұсынысы, қызметкерлерге еңбек шартына негізделген лауазымы, кәсібі немесе мамандығы бойынша  ұсынысты ескере отырып жол беріледі.  

Егер өзгерістер нақты бір қызметкерге қатысты болса, онда еңбек шартына өзгерістер енгізіліп, тікелей қызметкерге ескертіледі. Егер өзгерістер қызметкерлердің көбіне қатысты болса және еңбек және ұжымдық шарттың талаптарымен келісілмесе, онда  ол шарттар өзгертіледі, және соған сәйкес, еңбек жағдайларының өзгергені туралы қызметкерлер мен олардың өкілдері ескертіледі.

Қызметкер мен ұйым басшысының еңбек жағдайлары өзгергендегі қадамдық іс-әрекеттерін қарастырайық:

         1-қадам. Еңбек жағдайларының өзгергенін жазбаша ресімдеу.

Еңбек жағдайларын өзгерту үшін салмақты негіз болу керек екенін жұмыс беруші айқын білуге тиіс, сот процесі болған жағдайда ол дәлелді болуға тиіс.

Ұйымда еңбек жағдайларын өзгерту туралы жұмыс берушінің шешімі тиісті актімен бкітіледі (бұйрықпен, өкіммен). Мұндай актіде (бұйрықта, өкімде):

  • еңбек жағдайларының өзгерген себебі;
  • өзгертуге жататын еңбек жағдайлары;
  • еңбек жағдайлары өзгеретін қызметкерлер санаты;
  • қызметкерлер мен еңбекпен қамту саласындағы уәкілетті органға тиісті хабарламалар дайындау туралы кадр қызметіне тапсырма беру.

2-қадам. Қызметкерді жазбаша ескерту.

 ҚР ЕК 48-бабының 2-тармағына сәйкес, егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші қызметкерге және (немесе) оның өкілдеріне еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.

3-қадам. Қызметкерге басқа жұмысты ұсыну.

Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші - бар болса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес келетін өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайы ескеріліп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға міндетті (ҚР ЕК 48-бабының 2-тармағы). Егер қызметкер келіссе, онда басқа жұмысқа ауыстыру ресімделеді.

4-қадам. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыс жалғастыруға бас тарту. 

Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.

 Егер өндірісті ұйымдастырудағы, соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгерістерге және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты мән-жайлар қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыс берушінің жұмыс орындарын сақтау мақсатында, қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып, толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар. Жұмыс беруші қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін толық емес жұмыс уақыты режимін тоқтатуды қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып жүргізеді.

5-қадам. Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыруға келісуі.

Жаңа жағдайларда жұмыс істеуге келісетінін қызметкер де жұмыс берушіге  жазбаша үлгіде хабарлауға тиіс.

Егер қызметкер өзінің біліктілігі мен денсаулығына тиісті басқа лауазымға ауысуға келіссе, онда жұмыс беруші басқа жұмысқа ауыстыруды ресімдеуге тиіс.

Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру

Қызметкерді «ауыстыру» дегенде заң шығарушы нені көздейді? ҚР ЕК 41-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп:

  • қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
  • орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру;
  • жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
  • жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.

 Қызметкерді сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыру, егер бұл ҚР ЕК 41-бабының 1-тармағында көзделген өзгерістерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердің келісімін алу талап етілмейді.

Бастапқыда заң шығарушы, басқа жұмысқа ауыстыру қызметкердің келісімімен жол берілетінін, еңбек шарты мен жұмыс берушінің актілерін тиісті өзгерістер енгізілетінін көздейді.

ҚР ЕК 32-бабына сәйкес, басқа жұмысқа ауыстырғанда еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар жазбаша нысанда екі данада (әр тарапқа бір-бірден) жүзеге асырады; қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.

Іс-тәжірибеде ауыстыру рәсімі еңбек шартына қосымша келісім жасау жолымен ресімделеді, келісімде шарт талаптарының өзгерістерімен тараптар келісетіні бекітіліп, жұмыс берушінің тиісті актісі (бұйрық, өкім) шығарылады.

Демек, қызметкер басқа жұмысқа ауысқанда жұмыс беруші:

1)       еңбек шартына қосымша келісім шарт жасауға;

2)      Еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізу туралы келісімнің негізінде ауыстыру туралы бұйрық шығаруға;

3)      Қызметкерді актімен таныстырып, қол қойғызуға міндетті.

 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль