text
Справочник кадровика

Орыс тіліндегі «без» предлогі бар зат есімдерді мемлекеттік тілге аудару тәсілдері

  • 10 августа 2018
  • 1640
преподаватель КИМЭП, магистр делового администрирования (МВА), тренер-инструктор, г. Алматы
Орыс тіліндегі «без» предлогі бар зат есімдерді мемлекеттік тілге аудару тәсілдері

Орыс тіліндегі «без» предлогі бар зат есімдерді мемлекеттік тілге аудару ерекшеліктері мен қағидалары

Орыс тілінен қазақ тіліне ресми терминологияның аудармасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар тәсілдер бар. Әрбір жеке жағдайда терминнің өз құрылымын, оның мәтіндегі орнын және жасалатын аударманың жалпы стилін ескеру қажет. Аударманың дұрыс, баламалы болуын және мүмкіндігінше түпнұсқа авторының бүкіл шығармашылық ойының сақталуын қадағалау қажет. Мақалада орыс тіліндегі «без» предлогі бар зат есімдерді мемлекеттік тілге аудару ерекшеліктері мен қағидаларын қарастырамыз.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Орыс тіліндегі ресми мәтіндерде «без» предлогі бар сөздер кездеседі. Әдетте бұл сөздер «бір нәрсенің болмауы, қандай да бір талаптарды орындамай, іс-әрекеттерді орындау» мағынасында қолданылады.

Мемлекеттік тілге мұндай сөздер төрт тәсіл арқылы аударылады:

1) -сыз жұрнағының зат есімнің түбіріне қосылуы: без разрешения – рұқсатсыз, без документов – құжатсыз;

2) -сыз жұрнағы қосылатын тәуелдік жалғауының үшінші жақтағы зат есіміне -н- дәнекер дауыссыз дыбысының қосылуы: без налога на добавленную стоимость – қосылған құн салығынсыз, без знаков препинания – тыныс белгілерінсіз, дети, оставшиеся без попечения родителей – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; 

3) «жоқ» сөзі бар зат есім: без наименования – атауы жоқ;

4) -й жұрнағы бар көсемшенің болымсыз түрі: без учёта – есепке алмай, без заключения договора обязательного страхования – мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай.
 

-Сыз жұрнағы бар зат есімдердің аудармасы

Ресми мәтіндерде орыс тіліндегі "без" предлогі бар зат есімдерді мемлекеттік тілге аударғанда, қазақ тілінің -сыз  жұрнағы бар,  «бір нәрсенің болмауы, қандай да бір талаптарды орындамай, іс-әрекеттерді орындау» мағынасында қолданылатын зат есімдері жиі пайдаланылады.

Ұйымдағы құжаттарды міндеті бойынша жіктеу

Орыс тіліндегі «без» предлогі бар зат есімдерді мемлекеттік тілге аудару тәсілдері

О. Куур

«Интерпост» компаниясының HR-директоры, Алматы қ.
Бірде-бір құжаты жоқ компанияны көзіңізге елестетіп көріңізші. Мұндай мүмкін емес. Компаниядағы барлық процестер тікелей құжаттардың қатысуымен болады. Біз, тіпті, одан да зор айта аламыз: компания құжаттармен «өмір сүреді»! Егер компанияның бүкіл қызметі құжаттарға бағынышты болса, онда құжат дегеніміз не, қандай құжаттардың болатынын, олар қалай және не үшін бөлінетінін талдап көрейік. Өйткені, егер құжаттармен жұмыс істеу керек болса, онда, кем дегенде, оларды білу керек, ал шын мәнінде – олардың мәні мен маңыздылығын түсіну қажет!


ПРИМЕР
«Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 159 бұйрығының атауында – Приказ руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 12 марта 2015 года № 159 «Об утверждении натуральных норм обеспечения судебных приставов форменной одеждой (без погон)». 

Сондай-ақ «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы 17-тармағының 9) тармақшасында кездеседі: «Жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз қалдыруға жол берілмейді» – пп. 9) п. 17 постановления Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2014 года № 1077 «Об утверждении Правил пожарной безопасности»: «Запрещается оставлять работающие теплогенерирующие аппараты без присмотра».

-Н- дауыссыз дыбысы және -сыз жұрнағы бар зат есімдердің аудармасы

Ресми мәтіндерде орыс тіліндегі "без" предлогі бар зат есімдерді мемлекеттік тілге аударғанда, қазақ тілінің тәуелдік жалғауындағы үшінші жақтың -ы/-і/-сы/-сі жалғаулары бар, сөз тіркестерінде негізгі сөз болып табылатын зат есімдер қолданылады. Тәуелдік жалғауы бар сөзге -н- дәнекер дауыссыз дыбысы мен -сыз жұрнағы қосылады.


ВНИМАНИЕ Мұндай нысандағы сөздер «бір нәрсенің болмауы» мағынасында қолданылады.

Осы нысанды әртүрлі дереккөздерде кездестіруге болады.


ПРИМЕР
«Коммуналдық меншік нысандарын кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 164 қаулысының атауында –Постановление акима Алматинской области от 10 августа 2011 года № 164 «Об утверждении Правил передачи объектов коммунальной собственности в доверительное управление с правом (без права) последующего выкупа».

Сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 85-бабының 4-тармағында кездеседі: «Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптарды белгiлеу,белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақыттың белгiлi бiр нысанын, оның iшiнде механикалық көлiк құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттiк органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеудi көздеуi мүмкiн» – п. 4 ст. 85 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 226-V: «Ограничение досуга и установление особых требований к поведению несовершеннолетнего могут предусматривать запрет посещения определённых мест, использования определённых форм досуга, в том числе связанных с управлением механическим транспортным средством, ограничение пребывания вне дома после определённого времени суток, выезда в другие местности без разрешения специализированного государственного органа»

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 55-бабының 4-тармағында: «Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күнінен бастап өзінің лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы» – п. 4 ст. 55 Закона Республики Казахстан от 2013 года 21 июня № 105-V «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан»: «Руководящий работник вправе занимать свою должность без согласования с уполномоченным органом не более шестидесяти календарных дней со дня его назначения (избрания)»


Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.
Толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2018 жылғы №8  оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты