text
Справочник кадровика

Азаматтардың атын, әкесінің атын, тегін құжаттарда ресімдеу

  • 14 октября 2015
  • 696

Кейде адамдар өзінің атын, тегін немесе әкесінің атын ұнатпайтын жағдайлар болады. Оның себебі жетерлік: атының, тегінің немесе әкесінің атының жағымсыз естілуі және қиын айтылуы, аты мен тегін ата-анасының біреуінің ұлтына сәйкес алуы, жынысын ауыстыруы, және құжатта жазылған атынан басқа, өмірде нақты қалыптасып қалған атты қалауы.

 Кейде адамдар өзінің атын, тегін немесе әкесінің атын ұнатпайтын жағдайлар болады.  Оның себебі жетерлік: атының, тегінің немесе әкесінің атының жағымсыз естілуі және қиын айтылуы, аты мен тегін ата-анасының біреуінің ұлтына сәйкес алуы, жынысын ауыстыруы, және құжатта жазылған атынан басқа, өмірде нақты қалыптасып қалған атты қалауы. Атын, тегін немесе әкесінің атын ауыстыру, азаматтың бірқатар құжаттарына өзгерістер енгізуді талап етеді: жеке куәлігі, паспорт, жүргізуші куәлігі, зейнетақы шарты және тағы басқа, сол сияқты ұйымның құжаттарына да. Тегін ауыстыру, дұрысырақ айтқанда – атын, тегін немесе әкесінің атын мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 257-бабында көрсетілген, дәлелді себеп бойынша ғана жүзеге асырылады. Мақалада олардың ресми және бейресми құжаттардағы жазылу тәртібі туралы әңгімелейміз.

 Кісі атының, әкесінің атының және тегiнің ресми құжаттарда жазылуы 

Мемлекеттік және орыс тілінде құжатты жасағанда адамдар азаматтардың атын, әкесінің атын, тегін (бұдан әрі –аты-жөні) жазғанда қиындыққа тап болады.

 Құжатта аты-жөнінің ресімделуінің дұрыстығына күмәнданбау үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу керек. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151-I Заңының 20-бабында: «Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиiс», – деп айтылады.

 Сонымен Қазақстан Республикасының қандай заңдары мен нормативтік құқықтық актілері туралы айтылған?

Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңының 2-тарауы 6-бабының 1-тармағына сәйкес:

     1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

     2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

     3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

     4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

     5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

     6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

     7) босқын куәлігі;

     8) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;

     9) шетелдік паспорт;

     10) қайтып оралуға арналған куәлік;

     11) туу туралы куәлік жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.

   Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген жағдайларда, жүргізушінің куәлігі, әскери билет және туу туралы актілік жазба жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.

   Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінің (бұдан әрі – Неке және отбасы туралы кодекс)1-бабының 15) тармақшасында: «жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект», – деп айтылады.

 Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

    
    *Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2015 жылғы № 4 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль