Справочник кадровика

Қазақстандағы штаттық кесте

  • 10 апреля 2019
  • 4028
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Штатық кесте әзірлеудегі еріктілік: бәрі рұқсат етілген бе?

Қазақстандағы кәсіпорындардың тең жартысы штаттық кестені маңызды құжат деп санамайды, оған өтіп кеткен күнді жазып, ресімдейді. Кәсіпорында штаттық кесте шынымен қажет пе?


Штаттық кесте – жұмыс берушінің құзыреті шеңберіндегі еңбек заңнамасына және басқа нормативтік құқықтық актілерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен келісімдерге сәйкес шығарылатын жергілікті акті. 

Мұндай кесте ұйымның жұмысында қолайлы құжат болып табылады – ол қызметкерлер құрамының өндірістік процестегі функционалды тағайындауларын және қызметкерлерге жүктелген міндеттерді ескере отырып, оларды бөлімшелер бойынша бөлуді бекітеді.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Штаттық кесте - ұйымдық нормативтік құжат

Штаттық кесте - ұйымның нормативтік құжаты, онда ұйымның қызметкерлер құрамы, ұйымның  құрылымы, саны және атқаратын лауазымына байланысты жалақысының мөлшері көрсетіледі. Көптеген нәрсе ұйымның мәртебесіне байланысты. Сөйтіп, мемлекеттік мекемелерде штаттық кесте Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 91 бұйрығымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыланатын, мемлекеттік органдар аппараттарының штаттық кестелерін әзірлеу бойынша методологиялық басшылық негізінде әзірленеді.

Құқықтық реттеу

Құқықтық реттеу «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №  413-IV Заңы сияқты актілермен және басқа да актілермен реттеледі.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының  1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңының  53-бабына сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органы (директор, басқарушы және т. с. с.) серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйелерін белгілейділауазымдық жалақы мен дербес үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Егер жұмыскер штаттық кесте бойынша бухгалтер ретінде тіркелсе және өзінің лауазымдық міндеттерінен тыс бухгалтер-кассирдің міндеттерін орындаса штаттық кестеде екі лауазымды көрсету қажет пе?
Штатық кесте әзірлеудегі еріктілік: бәрі рұқсат етілген бе?

Надежда Маликова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», директор юридического департамента ТОО «FactorOfTime», г. Алматы

Жауабы: Штат – бұл белгілі бір мекеме қызметкерлерінің тұрақты құрамы.

Қазақстандық заңнамада штаттық кестенің бірыңғай біріктірілген нысаны жоқ, сондықтан қағида ретінде практика жүзінде штаттық кесте әр ұйымда дербес әзірленеді. Ол жұмыскерлердің сандық құрамын олардың өндірістік процестегі атқаратын жұмыскерлерге жүктелетін функционалдық мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, бөлімшелерге бөлуді бекітеді.

Штаттық кесте – бұл ұйымның алдына қойылған міндеттерді орындау және жұмыскерлерді ұстауға рационалды қаражат шығысы үшін жұмыскерлерді бөлуге қажет, ұйымның құрылымын, штаттық құрамы мен штат санын ресімдеуге қолданылады.

Штаттық кестені әзірлеу және бекіту

Штаттық кестені әзірлегенде және бекіткенде меншік иесі немесе оның уәкілетті органы штаттық бірліктерге қолданыстағы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің басқа да классификаторларына сәйкес лауазымдар мен мамандықтардың атауын беру керек.

Әдетте, штаттық кестені кәсіпорынның қаржылық қызметі, кадр қызметінің мамандары, бухгалтер жасайды (кәсіпорынның құрылымы мен санына қарай) және мемлекеттік бюджет есебіндегі ұйымдар – мемлекеттік басқару органдары бектіеді; жеке ұйымдарда – дербес бекітеді.

Штаттық кестеде қызметкерлердің тегі жазылмайды, өйткені бос жұмыс орнын толтырған кезде, штаттық кестеде белгіленген, нақты бір лауазымға қабылданған әр адам бойынша бұйрық шығарылады, және сол адаммен еңбек шарты жасалады.

Штаттық кестені бекітудің екі нұсқасы бар:

  1. Штаттық кестені бекіту туралы бұйрық шығару.

  1. «БЕКІТЕМІН» грифі жазылған штаттық кесте жасау.

Ұйымның штаттық кестесін  ұйымның бланкісінде жасау, оған мөр қоюдан босатады.

Штаттық кестенің өзгеруі

Штаттық кестенің өзгерістерін бекіту туралы бұйрық ұйымның жалпы бланкісінде жасалады.

Ағымдағы жылдың барысында коммерциялық ұйымдар штаттық кестеге шексіз саны бар өзгерістер енгізуі мүмкін. Бұл ретте экономикалық және ұйымдық себептерді басшылыққа алу қажет.

Сөйтіп, штаттық кесте екі әдіспен өзгертілуі мүмкін:

  1. кәсіпорынның құрылымы айтарлықтай өзгертілген жағдайда – келесі тіркеу нөмірімен жаңа штаттық кесте шығару және бекіту;
  2. болар болмас өзгерістері болған жағдайда – қолданыстағы штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығару.

Бұйрықтың мәтінінде тиісті тақырып, констатациялық және басқару бөліктері болу керек.

Жағдайға байланысты тақырыптар әртүрлі болуы мүмкін: «Өзгертулер енгізу туралы», «Өзгерістер туралы», «Ішінара өзгерістер туралы...».

Штаттық кестенің үлгісі

Штатық кесте әзірлеудегі еріктілік: бәрі рұқсат етілген бе?

Дереккөз:  «Қазакстандағы мамандар анықтамалығы»

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться