Штатық кесте әзірлеудегі еріктілік: бәрі рұқсат етілген бе?

2417
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Кәсіпорындардың тең жартысы штаттық кестені маңызды құжат деп санамайды, оған өтіп кеткен күнді жазып, ресімдейді. Кәсіпорында штаттық кесте шынымен қажет пе?

Қолданыстағы еңбек заңнамасы ұйымда штаттық кестені міндетті деп ескермейді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес, жұмыс беруші өз өкілеттілігі шегінде өзінің актілерін шығаруға құқылы. Яғни, штаттық кесте – жұмыс берушінің құзыреті шеңберіндегі еңбек заңнамасына және басқа нормативтік құқықтық актілерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен келісімдерге сәйкес шығарылатын жергілікті акті. Мұндай кесте ұйымның жұмысында қолайлы құжат болып табылады – ол қызметкерлер құрамының өндірістік процестегі функционалды тағайындауларын және қызметкерлерге жүктелген міндеттерді ескере отырып, оларды бөлімшелер бойынша бөлуді бекітеді.

Кәсіпорында штаттық кесте міндетті түрде

болу керек пе?

Көптеген нәрсе ұйымның мәртебесіне байланысты. Сөйтіп, мемлекеттік мекемелерде штаттық кесте Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 91 бұйрығымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыланатын, мемлекеттік органдар аппараттарының штаттық кестелерін әзірлеу бойынша методологиялық басшылық негізінде әзірленеді.

Кейбір жеке ұйымдар мен қызметкерлер үшін штаттық кесте, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының «Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 тамыздағы № 226-НҚ Бұйрығы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 01 наурыздағы №  413-IV заңы сияқты және басқа да актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңының  53-бабына сәйкес, Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органы

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органы (директор, басқарушы және т. с. с.) серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйелерін белгілейді, лауазымдық жалақы мен дербес үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады.

Әлі күнге дейін қазіргі кезде күшін жойған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 441 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және беру ережелеріндегі анықтама пайдаланылады: «штаттық кестеол ұйымның тиісті органымен бекітілген лауазымы мен жалақысы көрсетілген қызметкерлердің сандық құрамының тізбесі».

Басқаша айтқанда, штаттық кесте – ол ұйымның құрылымы, штаттық құрамы мен компанияның (мекеменің, ұйымның және т.с.с.) лауазымдары мен жалақылары көрсетілген штат саны белгіленген ішкі ұйымдық-құқықтық құжат, ол ұйым алдында қойған міндеттерді атқару және қызметкерлерді ұстау үшін қаражатты тиімді жұмсау үшін қызметкерлерді қажетті бөлу.

Штаттық кестені әзірлеу және бекіту

Штаттық кестені кәсіпорынның қаржылық қызметі, кадр қызметінің мамандары, бухгалтер жасайды (кәсіпорынның құрылымы мен санына қарай) және мемлекеттік бюджет есебіндегі ұйымдармен – мемлекеттік басқару органдарымен; жеке ұйымдарда – дербес бекітіледі.

ВНИМАНИЕ Штаттық кестені әзірлегенде және бекіткенде меншік иесі немесе оның уәкілетті органы штаттық бірліктерге қолданыстағы жұмыс және жұмысшылар мамандығы тарифтік-біліктілік анықтамасына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің басқа да классификаторларына сәйкес лауазымдар мен мамандықтардың атауын беру керек.

Ұйымдық құрылым мен штаттық кесте нақты бір күнге бекітіледі: ұйым қызметінің басталуына, жаңа жылдың басталуына немесе ұйымдағы бір оқиғаның күніне (мысалы, қайта ұйымдастыру).

Штаттық кестеде қызметкерлердің тегі жазылмайды, өйткені бос жұмыс орнын толтырған кезде, штаттық кестеде белгіленген, нақты бір лауазымға қабылданған әр адам бойынша бұйрық шығарылады, және сол адаммен еңбек шарты жасалады.

Сөйтіп, штаттық кестеде нақты адамдарды көрсетудің қадеті жоқ, ол жерде лауазымның атауы, бірлік саны және белгіленген айлық көрсетіледі. Бұл құжат иесізденген. Сонымен бірге еңбек заңнамасы штаттық кестені қызметкерлермен немесе қызметкерлердің өкілдерімен келісуді көздемейді.

Штаттық кестені екі әдіспен жасауға болады:

  • ұйымдағы нақты жағдайларға байланысты факт бойынша қалыптастыру;
  • компанияның ұйымдық құрылымына қарай жасау.

Штаттық кесте көптеген ұйымдарда жылдың басында, ұйым басшысымен бектіліеді және күнтізбелік жыл ішінде қолданылады.

Штаттық кестені бекітудің екі нұсқасы бар:

  1. Штаттық кестені бекіту туралы бұйрық шығару.

Ұйымның әзірленген штаттық кестесін бекітетін бұйрық шығарылады (1-қосымша). Штаттық кестенің мәтінінде, оны бекіткен бұйрыққа сілтеме жасалады (2-қосымша).

  1. «БЕКІТЕМІН» грифі жазылған штаттық кесте жасау.

Екінші нұсқа үшін жеке бұйрық шығарудың қажеті жоқ, өйткені құжаттың басында «БЕКІТЕМІН» грифі тұр, бірінші басшының қолы, аты, тегі, сол сияқты, бекіту күні көрсетіледі (3-қосымша).

 Бұл нұсқа іс-тәжірибеде көп қолданылады, өйткені қосымша құжаттарды шығаруға мүмкіндік береді. Штаттық кесте, тақырыпшасын қоспағанда, 2-қосымшада көрсетілгендей болады.

ВНИМАНИЕ Егер штаттық кесте екінші нұсқа бойынша жасалса және ұйымның бланкісінде жасалмаса, онда бас жағында ұйымның мөрі қойылады.

Ұйымның штаттық кестесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20111 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес жасалуы, оған мөр қоюдан босатады.

Штаттық кестенің өзгеруі

Ағымдағы жылдың барысында коммерциялық ұйымдар штаттық кестеге шексіз саны бар өзгерістер енгізуі мүмкін. Бұл ретте экономикалық және ұйымдық себептерді басшылыққа алу қажет.

Штаттық кестеге өзгерістер ұйымдық құрылымның болар болмас өзгерістері болған жағдайда енгізіледі, яғни, жаңа лауазымдардың енгізілуі және (немесе)  айлықтардың өзгеруі. Бұл жағдайда, өзгерістер енгізудің негіздемесі мен өзгерістердің тұжырымдамаларын көрсете отырып, штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарылады. Егер ұйым басшысы осындай бұйрық шығарса, онда жұмыс барысында штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы бұйрықты басшылыққа алып, жыл басында бекітілген штаттық кестені өзгертпесе де болады.

Егер күнтізбелік жылдың ішінде кәсіпорынның құрылымы айтарлықтай өзгертілсе, онда штаттық кестені жаңа редакцияда шығару туралы бұйрық шығару тиімді. Бұл жағдайда штаттық кесте барлық өзгерістерді ескере отырып жасалады және кәсіпорын басшысымен осы өзгерістерді енгізу уақытына бекітіледі.

Сөйтіп, штаттық кесте екі әдіспен өзгертілуі мүмкін:

  1. кәсіпорынның құрылымы айтарлықтай өзгертілген жағдайда – келесі тіркеу нөмірімен жаңа штаттық кесте шығару және бекіту;
  2. болар болмас өзгерістері болған жағдайда – қолданыстағы штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығару.

Штаттық кестені өзгерту туралы бұйрық ұйымның жалпы бланкісінде жасалады.

Бұйрықтың мәтінінде тиісті тақырып, констатациялық және басқару бөліктері болу керек.

Жағдайға байланысты тақырыптар әртүрлі болуы мүмкін: «Өзгертулер енгізу туралы», «Өзгерістер туралы», «Ішінара өзгерістер туралы...».

Сол сияқты бұйрықта өзгерістерді енгізуге себеп болған негіздемелер көрсетіледі.

Мұндай құжаттар ұйымның тиісті номенклатуралық істе сақталады.

қосымша

Бұйрықпен бекітілген штаттық кестенің үлгісі

БЕКІТІЛДІ

«________________» ЖШС бұйрығымен

 20___жылғы «___»_________№______

ШТАТТЫҚ КЕСТЕ

Әзірленген орны  ________________

201__ жылдың «___»__________

Құрылымдық бөлімше

Мамандығы

(лауазымы)

Штаттық бірлік саны

Айлық

(тарифтік ставка),

теңге

Үстемеақы, қосымша ақы,

теңге

Еңбекақының бір айлық қоры ,

тенге

Ескертпе

индекс

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кадр қызметінің басшысы          жеке қолы                             қолының толық жазылуы

Бас  бухгалтер                               жеке  қолы                              қолының толық жазылуы

қосымша

Ұйымның бланкісінде емес, бұйрықсыз бекітілген штаттық кестенің үлгісі

Жоғарыда тұрған органның ресми атауы

Ұйымның ресми атауы

БЕКІТЕМІН

Санында ______ бірлігі бар штат

_________________ теңге айлық

жалақысымен

Ұйым басшысы лауазымының атауы

____________ қолының толық жазылуы

  (жеке қолы)

күні

ШТАТТЫҚ КЕСТЕ

Әзірленген орны  ________________

201__ жылдың «___»__________

Құрылымдық бөлімше

Мамандығы

(лауазымы)

Штаттық бірлік саны

Айлық

(тарифтік ставка),

теңге

Үстемеақы, қосымша ақы,

теңге

 Еңбекақының бір айлық қоры ,

тенге

Ескертпе

индекс

наименование

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кадр қызметінің басшысы          жеке қолы                            қолының толық жазылуы

Бас  бухгалтер                               жеке  қолы                             қолының толық жазылуы

Дереккөз:  «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль