Вахталық әдіс – еңбекті ұйымдастырудың айрықша нысаны

788
Объектіде жұмыстарды орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең вахта болып есептеледі, жұмыскерлердің тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады

Бүгінгі күні вахталық әдіспен істелетін жұмыс қызметтің түрлі салаларында кеңінен таралды. Вахталық жұмыс әдісі үздіксіз, ырғақты жұмысты қамтамасыз етуге арналған, сондай - ақ жолы қиын және шалғай жерлерде орналасқан ұйымдар мен кәсіпорындардың өндірістік объектілерінде негізгі жұмыстарды орындау кешенділігі.

Еңбек процесінің ұйымдастыру

 Объектіде жұмыстарды орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең вахта болып есептеледі. ҚР ЕК 135 - бабы 1 - тармағына сәйкес, вахталық әдіс жұмыскерлердің тұрақты тұратын жеріне күнделікті қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

ҚР ЕК 135 - бабының 2 - тармағында жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді жұмыс өндірісі объектісінде болған кезеңде тыныс - тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен қамтамасыз етуге және олардың тамақтануын, жұмыс орнына дейін және одан кері жеткізіп салуды ұйымдастыруға, сондай - ақ жұмыстарды орындау және ауысымаралық тынығу үшін жағдаймен қамтамасыз етуге міндетті екені көзделген. Сондай - ақ, жұмыс беруші жұмыскердің жұмыс өндірісі объектісінде болу жағдайларын, еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге сәйкес вахталық әдісті қолдану тәртібін қамтамасыз етеді.

Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға:

- он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;

- он екі және одан көп апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер;

- бірінші топтағы мүгедектер медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді;

- өзге жұмыскерлер, егер медициналық қорытындылар негізінде мұндай жұмыстардың оларға қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.

ВНИМАНИЕ: Жоғарыда аталған жұмыскерлер санатын вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тарту жұмыс берушіні әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

Вахтаның ұзақтығы және жұмыс уақытын есепке алу

Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиіс. Жұмыскердің жазбаша келісімімен вахтаның ұзақтығы ұжымдық, еңбек шарттарына сәйкес күнтiзбелiк отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін жұмыскердің келісімімен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін (ҚР ЕК 135 - бабының 4 - тармағы).

Жұмыстың вахталық әдісі кезінде тоқсан ішіндегі немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді (ҚР ЕК 135 - бабының 5 - тармағы).

Жұмыс уақытының жиынтықты есебі белгіленетін жұмыскерлер санатының жұмыс уақытының жиынтық есебіндегі жұмыс тәртібі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен анықталады және ҚР ЕК 75 - б. талаптарына сәйкес келуі тиіс.

ҚР ЕК 135 - бабының 6 - тармағына сәйкес, есептік кезең шегіндегі жұмыс уақыты мен тынығу уақыты вахтадағы жұмыс кестесімен (вахталар кестесімен) бекітіледі.

Есептік кезең:

•     жұмыс уақытын;

•     демалыс уақытын;

•     жұмыс беруші орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына және кері қайту жолының уақытын;

•     сондай - ақ аталған күнтізбелік уақыт бөлігіне келетін өзге де кезеңдерді қамтиды.

Бұл ретте есептік кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы Жұмыс уақытының балансымен белгіленген нормадан аспауға және еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері бойынша жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытын қажетті қысқартуды ескеру қажет.

Жұмыс беруші еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерге, сондай - ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттау өткізбеген жағдайда жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне сәйкес толық көлемде беріледі.

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар»  журналының 2017 жылғы № 7 оқыңыздар 



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль