Қазақстан Республикасының заңдары еңбекақының ерекшеліктері туралы

623
Курасова Анастасия Михайловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», кандидат экономических наук, специалист по вопросам труда и заработной платы, бизнес-тренер, г. Алматы
Жекелеген санаттағы жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу ерекше. Осыны жұмысты қоса атқаратын, ауысымдық, уақытша, үйде істейтін жұмыскерлердің және басшылардың мысалында қарайық

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексінің (2015.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 2-тармағының 58) тармақшасына сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы. Демек, қоса атқарушы – бұл, жұмысты қоса атқару жөнінде сілтемесі бар, қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты жасасқан қызметкер (ҚР ЕК 196-бабының 2-тармағы).

Қоса атқарушы-қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу

Сондай-ақ қоса атқарушы толық жұмыс күн істей алмайды, өйткені ҚР ЕК 198-бабына сәйкес, негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы күнделікті жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс. Сондықтан барлық қоса атқарушыларда жұмыс уақытының ұзақтығы күніне 4 сағатты құрайды.

Сонымен бірге, негізгі жұмыс орны бойынша қызметкер еңбек міндеттерінен бос кезінде, мысалы, сенбіде, ол қоса атқару бойынша толық жұмыс күн (ауысым) істеуіне болады. Жалпы алғанда, бір ай бойы жұмысты қоса атқару кезінде жұмыс уақытының ұзақтығы  қызметкерлердің тиісті санатына белгіленген жұмыс уақытының айлық нормасының жартысынан аспауға тиіс. Соған сәйкес, қоса атқарушының еңбекақы мөлшері, әдетте, штаттық кестеде бір толық жұмыс күніне белгіленген ақының жартысын құрайды.

Қоса атқару бойынша қызметкерді жұмысқа 1,5 ставкадан көп, мысалы, 1,75 ставкамен қабылдау заңсыз. Қоса атқару қызмет көрсету саласында кең тарағандықтан – ол денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және т.с.с., онда, әңгіме, дәл сол ставкалар туралы болмақ, іс-тәжірибеде ол – «бір жарым ставка» деп аталады. Осы салаларда «ішкі қоса атқарушылық» деген ұғым тараған, яғни, қызметкердің негізгі орны бойынша қоса атқару. Онда жалақы негізгі ставкадан 50 % -дық мөлшерде белгіленеді.

ПРИМЕР Дәрігер кардиолог негізгі жұмысы бойынша 70 000 теңге айлық алады, тағы осы аурухананың көрші бөлімінде кардиолог ретінде жарты ставкаға еңбек етіп, 35 000 теңге алады. Бұл жағдайда бұл лауазымдар әртүрлі құрылымдық бөлімшелерде жұмыс уақытын есептеу табелінде екі бөлек жолда жазылуға тиіс.

Басқа қызмет салаларында басқа жұмыс берушідегі қоса атқарушылық кең тараған, және сол мамандық бойынша емес те. Бұл ретте, жалақы мүлдем әртүрлі болуы мүмкін. Кейде қызметкердің толық жұмыс күні істейтін негізгі лауазымы бойынша алатын жалақысына қарағанда, 4 сағат жұмыс істейтін, қоса атқарған лауазымы бойынша жалақысы көбірек болуы мүмкін.

ПРИМЕР ЖШС бухгалтері негізгі жұмысында 80 000 теңге, ал қоса атқару бойынша аудитор міндетін атқарып 150 000 теңге алады.

Еңбекке ақы төлеудің нысаны мен жүйесіне келсек (мерзімдік, кесімді және т.б.), олар қоса атқарушыларға, басқа қызметкерлерге белгіленетін тәртіппен анықталады. Бұл, қызметкерлердің бұл санатына еңбекақы нақты істеген жұмыс уақытына барабар төленетінін, әлде ұйымда қабылданған, еңбекке ақы төлеу туралы ережеде немесе еңбек шартында белгіленген жағдайлардағы жұмысқа байланысты екенін білдіреді.

НА ЗАМЕТКУ ҚР ЕК 120-бабында көзделген еңбекке ақы төлеу бойынша мемлекеттік кепілдіктер толық мөлшерде қоса атқарушыларға да қатысты

Оларға, басқаларға төлегендей, түнгі уақыттағы жұмысы үшін кемінде бір жарым ставка, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін екі есе мөлшерде, және үстеме жұмысы үшін бір жарым есе мөлшерде ақы төленуге тиіс.

ҚР ЕК 122-бабында белгіленген жалақы бойынша шектеулерге қатысты, қоса атқарушы қызметкерге белгіленетін айлық жалақының ең төменгі көрсеткіші тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болуы мүмкін, өйткені, қоса атқарушы толық жұмыс күн істемейді, ал толық емес жұмыс күніне жұмыс беруші ең төменгі жалақыдан да аз, яғни, жұмыс істелген уақытқа барабар төлеуге құқылы.

Маусымдық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу

ҚР ЕК 206-бабына сәйкес, климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.

Қазақстанда заңнамамен бекітілген маусымдық жұмыстардың тізбесі жоқ, сондықтан әр жұмыс беруші маусымдық немесе тұрақты жұмыстарды өзі белгілейді.

ҚР ЕК 29-бабына көзделген негіздеме бойынша, маусымдық қызметкермен « маусымдық жұмыстың орындалу уақытына» мерзімді еңбек шарты жасалады. Бұл шарт еңбек шартына және қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрыққа енгізілу керек.

Маусымдық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шарттары еңбек шартында бекітіледі. ҚР ЕК бұл санаттағы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты ешқандай ерекшелікті көздемейді. Олардың жалақысы, басқа қызметкерлердің жалақысын төлеу қағидаты бойынша, яғни, ұйымда белгіленген еңбекке ақы төлеу жүйесіне сүйене отырып, төленеді.

НА ЗАМЕТКУ Маусымдық қызметкерлерге жұмыс беруші түнгі уақыттағы жұмысы үшін кемінде бір жарым есе мөлшерде, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін екі есе мөлшерде, және үстеме жұмысы үшін бір жарым есе мөлшерде ақы төлеуге міндетті.Сондай-ақ оларға, істеген бір жылда күнтізбелік 24 күннен кем емес нормаға сүйене отырып, нақты істеген уақыты үшін еңбек демалысы тиесілі.

Одан басқа, маусымдық қызметкерлер осы ұйымда белгіленген әртүрлі үстеме ақылар мен қосымша ақыларға да құқылы. Алайда, әдетте, маусымдық қызметкерлерге сыйақылар төленбейді, олардың жұмысы еңбекке ақы төлеудің кесімді нысаны бойынша төленеді.

Егер маусымдық қызметкер еңбек демалысын пайдаланбаса, оған жұмыстан босатылған кезде (кез келген себеп бойынша) ҚР ЕК 110-бабына сәйкес, орташа жалақысын есепке ала отырып, өтемақы төлемі жүргізіледі.

НА ЗАМЕТКУ Ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыстан босатылған кезде, маусымдық қызметкерлерге жәрдемақы, тұрақты қызметкерлерге қарағанда, азайтылған мөлшерде, яғни, екі апталық орташа жалақы мөлшерінде төленеді.

Уақытша қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу

ҚР ЕК «уақытша қызметкер» деген анықтама жоқ. Әдетте бұл санатқа, уақытша болмаған қызметкердің (мысалы, үш жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты қызметкердің),  міндетін атқару уақытына еңбек шартын жасасатын, сондай-ақ маусымдық қызметкерлер мен белгілі бір жұмысты орындауға шарт бойынша қабылданған қызметкерлерді жатқызады.

ВАЖНО Егер қызметкер уақытша болмаған қызметкердің міндетін атқару уақытына еңбек шарты бойынша қабылданса, ол жұмыста болмаған қызметкер алған жалақыны алады. Егер қызметкер белгілі бір жұмысты орындауға еңбек шарты бойынша қабылданса, онда көп жағдайда белгілі бір жұмыстың көлемі үшін кесімді жалақы, өте сирек – мерзімдік жалақы төленеді.

Уақытша қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу еңбек шартында бекітіледі. ҚР ЕК ақы төлеудің қандай да бір ерекшеліктері немесе шектеулері болмағандықтан, бұл қызметкерлердің жалақысы, басқа қызметкерлерге төленгендей, яғни, ұйымда белгіленген штаттық кесте және еңбекке ақы төлеу ережесіне сүйене отырып, төленеді.

Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу

Үйде істейтін жұмыс Қазақстанда кең тарамаған, бірақ, әлемдік тәжірибе еңбекпен қамтудың бұл тәртібінде дамуды және оның әдеттегі еңбек тәртібіне қарағанда белгілі бір басымдығының бар екенін көрсетеді.

ҚР ЕК 219-бабына сәйкес, жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзіндік немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс беруші қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлер деп есептеледі.

Қызметкердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол сияқты еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізе отырып белгіленуі мүмкін.

ҚР ЕК 23-тарауында белгіленген еңбек заңнамасының ерекшеліктері үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты.

Қағида бойынша үйде жұмыс істейтін қызметкерлер, азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетіп, халықтың тұтыну тауарларын шығарады. Соңғы жылдары үйде істейтін жұмыс саласы кеңейіп, көп жұмысты – бухгалтерлік жұмыстан конструкторлық жұмысқа дейін – үйде орындайтын, қашықтықта жұмыс істейтін қызметкерлер пайда болып жатыр. Қазақстандық заңнамада бұл санаттар ерекше белгіленеді, алайда, автордың пікірі бойынша, үйде істейтін жұмыс пен қашықтықта істейтін жұмыс тәртібінің арасында айтарлықтай ерекшелік жоқ, оларды біріктіруге де болатын еді.

Үйде жұмыс істейтін қызметкермен еңбек шартын жасасқанда, оның уақытты өз қалауы бойынша бөлетінін, және соған сәйкес олардың уақытын нақты есептеу мүмкін емес екенін ескеру қажет. Соған байланысты, үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін, қағида бойынша, кесімді немесе көтеріңкі еңбекақы белгіленеді. Демек, үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу нақты істеген жұмысы немесе сапасына қойылған талаптарға жауап беретін, өндірілген өнімі үшін төленеді. Сонымен бірге, үйде істелетін жұмыс үшін мерзімдік жалақыны да белгілеуге болады.

Үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін қосымша ынталандырушы төлемдер еңбек шартында немесе ұйымдағы еңбекке ақы төлеу ережесінде белгіленеді. Мысалы, Ережеге сәйкес, оларға бір жылдық жұмысының нәтижелері бойынша сыйлықақы төленуі мүмкін. Сондай-ақ жұмыс беруші, ұйымдағы сыйлықақы туралы ережеге сәйкес, үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге сыйлықақылар беруге құқылы.

Ұйым басшыларының еңбегіне ақы төлеу

         Заңды тұлғаның алқалық атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің, және мүліктің меншік иесі немесе оның өкілетті адамы (органы), әлде жеке тұлғаның өкілетті органы тағайындаған (сайлаған) қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері ҚР ЕК 27-тарауында белгіленген.

         Заңды тұлғаның алқалық атқарушы органының басшысымен еңбек қатынастары Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттарына және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР ЕК 252-бабының нормаларына сәйкес, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не ол уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі осы Кодексте көзделген негіздермен қатар заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға қосымша негіз болып табылады.

НА ЗАМЕТКУ Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, оның қолданылу мерзімі өткенге дейін еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін оған еңбек шартында айқындалатын мөлшерде, жағдайда және тәртіппен өтемақы төлемі төленеді (ҚР ЕК 252-бабы).

Мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен  қаржыландыратын ұйымдар басшыларының еңбекақы мөлшерін, мемлекеттік биліктің тиісті органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді: Үкімет, жергілікті атқару органдары немесе тиісінше жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Бюджеттік ұйымдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 қаулысының (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) талаптарына сәйкес жүргізілу керек және біліктілік санаты мен мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты.

Сондай-ақ басшыға, осы қаулымен көзделген, қосымша ақы мен үстеме ақы белгіленуі мүмкін, мысалы, кандидаттық дәрежесі үшін, сондай-ақ жоғары тұрған орган оған уақытша немесе тұрақты сипаттағы дербес үстеме ақыны белгілеуі мүмкін.

Бюджеттік емес ұйымдар басшыларының еңбекақысының мөлшері еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша белгіленеді. Тиісті тармақ еңбек шартына енгізілу керек. Жауапкершілігі шектеулі қоғам мен қоғамның жекеше атқару органының міндетін жүзеге асыратын адамның арасындағы еңбек шартына,  қоғамның жекеше атқару органының міндетін жүзеге асыратын адам сайланған, қоғам қатысушыларының жалпы жиналысында төрағалық еткен адам, немесе қоғам қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен өкілеттілік берілген қоғам қатысушысы қоғам атынан қол қояды.

НА ЗАМЕТКУ Компанияның жалғыз құрылтайшысы оның директоры болған жағдайда, өзімен өзі еңбек шартын жасасудың қажеті жоқ.

Коммерциялық емес ұйымның басшысымен еңбек шартын жасасқанда еңбекке ақы төлеу шарттары аталған адам мен коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органы арасындағы келісім бойынша белгіленеді. 

http://ekz-delopro.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль