text
Справочник кадровика

«Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы» стандарты

  • 30 октября 2015
  • 453

Бұл стандарт ұйым объектілеріндегі жұмыс орындары мен аумақтарын күтіп ұстау мен жиыстыруға қойылатын талаптарды

Бұл стандарт ұйым объектілеріндегі жұмыс орындары мен аумақтарын күтіп ұстау мен жиыстыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қызметкерлер еңбегі мен тамақтандыруды ұйымдастыру гигиенасы бойынша талаптарды белгілейді.


 ТЕРМИНДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 Ылғалдылық (салыстырмалы)


 Белгілі бір температура мен ауа қысымы кезіндегі ауадағы су булары құрамының арақатынасы (олардың барынша мүмкін болатын құрамына).


 Гигиена

 Қолайлы әсер және қолайсыз әсер етудің алдын алуды оңтайландыру мақсатымен сыртқы орта факторларының ағзаға тигізетін әсерін зерттейтін ғылым.


 Дератизация


 Кеміргіштерді (егеуқұйрықтарды, тышқандарды, тоқалтістерді және басқалар) жою жөніндегі кешенді шаралар.


 Дәрілеу

 Адаммен көршілес болуы қолайсыз болып есептелетін кез келген жәндікті: шыбынды, масаларды, тарақандарды, құмырсқаларды, күйелерді, қандалаларды және т.б. жою рәсімі. д.


 СНжЕ


 Санитарлық нормалар және ережелер.


 ҚТ


Қауіпсіздік техникасы.


 1. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ


     Бұл стандарт Компания объектілеріндегі аумақ пен жұмыс орындарын күтіп ұстау мен жиыстыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қызметкерлер еңбегі мен тамақтандыруды ұйымдастыру гигиенасына қойылатын талаптарды белгілейді.


     Стандарт талаптарын орындау қызметкерлер мен өз қызметін ұйым объектілерінде жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдар үшін міндетті.


 2.  ЖҰМЫС ОРТАСЫ


     Жұмыс ортасының параметрлері бес жылда бір рет, жұмыс орындарын аттестаттау кезінде тексеріледі. Аттестаттаудың материалдары бойынша жұмыс орындарының жай-күйін жақсарту бағдарламасы жасалады. Жұмыс орындарын таңдамалы тексеруді компания мамандары алты айда бір реттен кем емес жүргізеді.


 2.1.  Шу мен діріл


     Шу мен дірілде физикалық тұрғыдан алап қарағанда, ұқсастықтар көп, алайда біреуі есту, басқасы – сезіну болып қабылданады.


     Шу децибелдермен (дБ) анықталатын дыбыс күшімен (деңгейімен), герцтермен (Гц) белгіленетін жиілікпен және октавалардағы жиіліктер интервалымен сипатталады. Бұл ретте дыбыстың қарқындылық деңгейі адамда әртүрлі сезінулер туындатады. Мысалы,  50–60 дБ кезінде байсалдылық пен жайлылық сезімі, 60–80 кезінде – тек ыңғайлылық сезім,  90 дБ  шу – толықтай қабылдауға болатын, 100 дБ – шулылықты сезіну, 110 дБ – қолайсыздық, 120 дБ – алаңдаушылықты сезіну, 130 дБ – азапты сезім туындайды.

 Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы

http://eru-otruda.mcfr.kz

Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Бесплатно только сегодня!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль