Жұмыскерді материалдық жауаптылыққа тарту

729
Зиян келтіру мүлікті түгендеуді өткізу нәтижесінде анықталуы мүмкін. Жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады

Қызметкер материалдық залал келтірген жағдайда, ең алдымен жұмыс берушіге залал келтірілу фактісін анықтап алу қажет. Залал келтірілу фактісі мүкамалдау жүргізу нәтижесі кезінде, сондай-ақ жай ғана өндірістік процесс кезінде анықталуы мүмкін.

Жұмыс берушінің құқығы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 50-бабы 2-1-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушінің толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы жазбаша шарттың негізінде қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкерді жұмыстан шеттетуіне құқығы бар. Жұмыстан шеттету кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен жәрдемақы төленбейді. Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жұмыс берушінің актісімен (Нажмите для запуска) жүзеге асырылады.

Важно

Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады.

Қызметкер шеттетілгеннен кейін ұйымға келтірілген мүліктік залады тергеп-тексеру жөнінде комиссия құру туралы (Нажмите для запуска) бұйрық шығарылуы тиіс. Комиссия залал мөлшерін, оның себебі мен залал келтіргені үшін жауапты тұлғаларды анықтауы тиіс. Есте ұстау қажет: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 165-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залал ғана өтеуге жатады. Еңбек кодексінде жұмыс беруші алуға тиіс болған, алайда ол қызметкер өзінің еңбек міндеттемелерін орындамауына байланысты ала алмаған табысты өндіруге жол берілмейді.

Зиянның мөлшерін қалай анықтау керек?

Егер залал мүкамалдау жүргізілгеннен кейін анықталған болса, жетіспейтін мүліктің қандай да бір құнын қабылдауға қажетті залалдың анықталған күні ретінде мүкамалдаудың нәтижесі туралы бұйрыққа қол қойылған күнді санау қажет. Басқа жағдайларда – бұл жетіспеу, бүліну және т.б. фактілер анықталған күн болып саналады.

Мүлік жоғалған және бүлінген кезде жұмыс берушіге келтірілген залалдың мөлшері залал келтірген күнгі сол елді мекенде қолданылатын нарықтық құнға қарай, бірақ осы мүліктің тозу деңгейін ескере отырып, мүліктің бухгалтерлік деректер бойынша құнынан төмен емес есептелетін нақты жоғалтулар бойынша анықталады.

Залалдың пайда болу себебін анықтау үшін міндетті тәртіппен қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етілуі тиіс. Қызметкер одан жалтарған немесе бас тартқан жағдайда, қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартқаны туралы акті жасалады.

Бас тарту туралы акт

Акті қызметкер мен жұмыс берушінің өкілдері кіретін комиссияның қатысуымен жасалуы тиіс. Актіде жетіспеушілік, бүліну және т.б. фактілері көрсетілуі тиіс (Нажмите для запуска). Актіде мынадай деректер болуы тиіс:

- жасалу күні;

- залалды анықтаған және актіні жасаған тұлғалар туралы мәліметтер;

- залалдың сипаты мен залал келтіру жағдаяттарының сипаты;

 -қызметкер кінәсінің сипатын бағалау.

Қызметкер және (немесе) оның өкілі тексерудің барлық материалдарымен танысуға және оған белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы.

Осыдан кейін жұмыс беруші кінәлі қызметкерден келтірілген залал сомасын орташа жалақы сомасынан аспайтын мөлшерде өндіріп ала алады. Өндіріп алу жұмыс берушінің өкімі бойынша жүргізіледі.

http://ekz-kadrovik.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль