Қызметкердің жұмыс берушіге келтірген зияны үшін толық ұжымдық материалдық жауапкершіліктен босатылу жағдайлары

396
Егер жұмыс берушіге келтірілген зиян: 1.      бой бермейтiн күштiң салдарынан: бой бермейтін күштерге (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабының 2-тармағына сәйкес) осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т. б.) түсінігі жатады; 2.      аса қажеттілік кезінде: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің 34-бабына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексінің 37-бабынасәйкес, аса қажеттілік түсінігіне аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның (біздің жағдайда – қызметкердің) немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зағда қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегiнен асуға жол берiлмеуі кезінде туындаған болса, келтірілген зиян үшін қызметкердің жауапкершілігі алынып тасталады. Важно Қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттілік шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады. 3.      қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса қызметкер жауапкершілікте болмайды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабы және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 35-бабы). Өздерiнiң кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгi болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болады. Важно Қол сұғу сипаты мен дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, осының нәтижесiнде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтiру қажеттi қорғану шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 4.      жұмыс беруші қызметкерге сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау міндеттерін орындамаған кезде, келтірілген зиян үшін қызметкердің жауапкершілігі алынып тасталады. Өйткені, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 165-бабының 5-тармағына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты жұмысы және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Дереккөз: "ACTUALIS: Кадрлық іс" электрондық жүйесі

Қызметкердің жұмыс берушіге келтірген зияны үшін толық ұжымдық материалдық жауапкершіліктен босатылу жағдайлары

Егер жұмыс берушіге келтірілген зиян:

1) бой бермейтiн күштiң салдарынан: бой бермейтін күштерге (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабының 2-тармағына сәйкес) осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) түсінігі жатады;

2) аса қажеттілік кезінде: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 34-бабына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 40-бабына сәйкес, аса қажеттілік түсінігіне аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның (біздің жағдайда – қызметкердің) немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зағда қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегiнен асуға жол берiлмеуі кезінде туындаған болса, келтірілген зиян үшін қызметкердің жауапкершілігі алынып тасталады.  

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль