Гендерлік аспектіні есепке алумен еңбек жағдайларын жақсарту

694
Жумагельдиева Г. А.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан, г. Астана
Қазақстанда еңбек заңнамасының негізгі гендерлік проблемасы оның қолданылуы болып қалып отыр.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы  (бұдан әрі  – ҚРКФ) – ел еңбекшілерінің ең өкілдік ұйымы. Оған еріктілік негізінде  24 салалық кәсіптік одақ, 16 кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері кіреді. ҚРКФ 2 млн 200 мың адамды біріктіреді. Олардың  46 %-дан астамы  (1 млн 29 мың)  – әйелдер. Кәсіподақ ұйымдарының 80 %-дан астамын   (18 мың бастауыш ұйымының 15 441-і) әйелдер басқарады. Кәсіподақ мүшелерінің елеулі бөлігін жұмыс істейтін әйелдер құрайды. Цифрлар мен фактілер Қазақстан кәсіподақ қозғалысында әйелдердің елеулі рөл атқаратындығына неғұрлым сенімді дәлел болады.

Тең құқықтар

Қазақстанда әйелдер мен еркектерге теңдей құқықтар мен мүмкіндіктер берілген.  Әйелдер мемлекеттің экономикалық және саяси өміріне еркектермен  бірдей қатыса алады.

Қазақстан Республика Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) қабылдануымен әйелдердің еңбегі арнаулы «Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері» тарауымен  регламенттелді. Бұған қоса, еңбек заңнамасына жүкті әйелдердің, зейнеталды жасындағы әйелдердің құқыцқтарын қамтамасыз ету мен күшейту бөлігінде түзетулер енгізілді.

Әйелдердің денсаулығын сақтау мен аналарды қорғау мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылғы 28 қазандағы № 1220 қаулысымен әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынған жұмыстардың тізімі бекітілді, оған 299 жұмыс атауы енгізілді.

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының күш-жігер жұмсауының арқасында Халықаралық еңбек ұйымының 1952 жылғы аналарды қорғау туралы конвенциясын қайта қарау туралы (қайта қаралған) (Женева қ., 2000 жылғы 15 маусым) № 183 Конвенциясы,  «Отбасылық міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау мен мүмкіндіктер туралы» Конвенциясы (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 қарашадағы «Отбасылық міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау мен мүмкіндіктер туралы конвенцияны /156 - конвенция/ оатификациялау туралы» № 50-V Заңы), «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы» Конвенция (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 сәуірдегі  «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конверцияны /26-конверция/ ратификациялау туралы»  № 183-V Заңы), «Жалақыны қорғау туралы» Конвенция  (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 сәуірдегі «Жалақыны қорғау туралы конвенцияны /95-конвенция/ ратификациялау туралы» № 184-V Заңы)  ратификацияланды.

ҚРКФ неғұрлым маңызды функцияларының бірі әлеуметтік серіктестікке, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасында 2015-2017 жылдарға жасалған Бас келісімде (Астана, 2014 жылдың 25 желтоқсаны) әлеуметтік әріптестер өздеріне Қазақстан Республикасындағы 2015-2017 жылдарға арналған гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру шараларын жүзеге асыру міндеттемелерін алды, олар:

  • аналар мен балаларды қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етумен, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешумен;
  • балаларды күтумен және тәрбиелеумен айналысатын әйелдер мен еркектердің тең құқықтығын қолдаумен;
  • шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін арттырумен;
  • жұмыс орындарын сақтаумен және еңбектің лайықты жағдайларын жасаумен;
  • елу жастан асқан тұлғалардың біліктілігі мен ұтқырлығын арттыру бағдарламаларын әзірлеумен және іске асырумен  байланысты болды.

Еңбекші әйелдер

ҚРКФ өз қызметінде әйел еңбекшілерді әлеуметтік-экономикалық қорғау, балалар мен аналарды құқықтық және әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударады.

Қазіргі уақытта салалық, өңірлік келісімдерге, ұжымдық шарттарда әйелдер мен отбасылық міндеттері бар тұлғалардың еңбекпен қамтылуына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбегін қорғау, денсаулығын сақтауға, кәсіптік дайындығына қатысты арнаулы тараулар енгізілді.

Мысалы, машина жасау қызметкерлерінің салалық келісімімен 16 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге айына жалақысы сақталмайтын бір күн қосымша демалыс алу құқығы беріледі.  Мектеп жасына дейінгі балалары бар қызметкерлерге олардың өтініштері бойынша жылына жалақысы сақталмайтын, ұзақтығы 14 күнтізбелік күнге дейін қысқа мерзімді демалыс беріледі. Туғанынан мүгедек балалары бар қызметкерлерге ақылы еңбек демалысы олар үшін қолайлы уақытта беріледі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары еңбекші әйелдер, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы, аналар мен әйелдер, отбасы мен балалар  денсаулығын сақтау және т.б. мәселелері бойынша үлкен және кең жоспарлы жұмыс жүргізеді.

Мысалға, «Үлбі  металлургиялық зауыты»  АҚ-ның ұжымдық шартында бала күтіміне байланысты демалыстағы әйелдерге баласы бір жасқа толған кезде 20 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде; бір жарым жасқа толған кезде 12 АЕК-тен кем емес мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленеді.

«Қазгермұнай» БК ЖШС ұжымдық шартында мынау көзделген:

  • жұмыс беруші жылына бір рет растаушы құжаттар ұсынған кезде қызметкердің өтініщі негізінде балаларды  әкесіз/анасыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға/әкелерге 100 АЕК мөлшерінде материалдық көмек төлейді.

«Тыныс» АҚ-нда жұмыс істейтін әйелдер үшін ұжымдық шартпен:

  • 16 жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің жеке өтінішінің негізінде айына бір күн қосымша демалыс күнін алу құқығы;
  • жалғызбасты аналарға, жас балалары бар әйелдерге әлеуметтік көмек көрсету;
  • балаларға санаторийлік-шипажайлық демалыс;
  • ел заңнамасымен көзделген қосымша еңбек демалыстарынан бөлек, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ұзақтығы екі жұмыс күнінен кем емес қосымша ақылы демалыс беру көзделген.

Кәсіподақ бақылау

Кәсіподақтар еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізеді. Еңбек заңнамасын әр түрлі бұзушылықтардың арасынан негізінен мынадай: жүкті әйелдер мен үш жасқа дейін балалары бар әйелдерді  жұмыстан босату; әйелдерді және балаларды тәрбиелеуші басқа тұлғаларды үстеме жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмыстарға жазбаша келісімінсіз  тарту; жұмысқа қабылдау, еңбек шарттарын бұзу, жүкті әйелдерге және отбасылық міндеттері бар тұлғаларға қызметтік іссапарларға жіберген кезде кепілдіктер ұсыну тәртібін бұзушылық сияқты бұзушылықтар айқындалады.

Зиянды және қауіпті өндірістермен қамтылған әйелдердің жалпы санының  30 % -ға дейінгісі жоғары шу, діріл, қолайсыз температуралық режим жағдайларында жұмыс істейді.

Еркектер мен әйелдер еңбегіне ақы төлеудегі айырмашылық проблемасы шешілген жоқ. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы еркектер жалақыны әйелдермен салыстырғанда 32 % артық алды (еркектер орташа – 129 382 теңге,  әйелдер – 87 677 теңге).

Қазақстанда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың, оның ішінде өліммен аяқталған оқиғалардың көрсеткіштері бұрынғысынша жоғары болып қалып отыр.

 2013  жылы өндірісте зардап шеккен  2 623 адамнан 301 қызметкер қаза тапты. Оның ішінде 445 қызметкер әйел зардап шекті, олардың 16-сы қаза тапты.

Әлеуметтік әріптестердің өзекті міндеті – еңбектің лайықты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, гендерлік теңдікті сақтау, әйелдерді әлеуметтік қолдауды кеңейту мәселелерін тұрақты басты назарда ұстау.

Адам құқықтарын құрметтеу, еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін жақсарту, экономикалық тұрақтылықты арттыру – ҚРКФ барлық еңбекшілерге қамтамасыз етуге ұмтылатын әлеуметтік әділеттіліктің негізгі элементтері, міне осындай.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль