Қызметкерді денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауыстыруды ресімдеу

149
«Жеңіл жұмыс» сияқты мұндай ұғымды ҚР заңнамасы қарамайды, бірақ белгілі бір медициналық көрсеткіштерге және қызметкердің денсаулық жағдайына сәйкес келетін еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеді.

Аурудан ешкім сақтандырылған емес. Өндірісте жарақат алу мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Жүктілік – ауру емес, бірақ жұмыстың кейбір түрлерін орындауға қарама-қайшы болатын жағдай. Еңбек заңнамасымен осы жағдайлардың барлығын «жеңіл жұмысқа» ауыстыру көзделген.

Денсаулық жағдайы бойынша жеңіл

жұмысқа ауыстыру

Жеңіл жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына және оның еңбекке қабілеттілігіне сәйкес келетін жағдайды қамтамасыз етуге тиіс. «Жеңіл жұмыс» сияқты мұндай ұғымды Қазақстан Республикасының заңнамасы қарамайды, бірақ белгілі бір медициналық көрсеткіштерге және қызметкердің денсаулық жағдайына сәйкес келетін еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеді. Медициналық көрсеткіштер бойынша қызметкердің еңбек жағдайын өзгерту тұрақты немесе уақытша сипатта болуы мүмкін және ҚР ЕК орай, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға әкеп соғады.

Қызметкер төмендегі жағдайларда ғана денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа ауыстырылады, яғни:

·      өндіріспен байланысы жоқ, денсаулық жағдайының жалпы нашарлауы;

·      өндіріспен байланысты денсаулық жағдайының жалпы нашарлауы (жарақат, кәсіптік ауру немесе еңбек міндеттерін орындаумен байланысты алынған басқа да денсаулығын зақымдау);

·      жүктілік.

Медициналық көрсеткіштер бойынша ауыстыру деп қызметкердің еңбек функцияларын уақытша өзгерту не оған еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысты тапсыру немесе ұсынылатын жұмысқа қызметкердің денсаулық жағдайының сәйкес келу жағдайымен басқа құрылымдық бөлімшеде жұмысты орындау түсіндіріледі.

ҚР ЕК 45-бабы, денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру сияқты медициналық қорытынды бойынша ауыстыруды айқындайды. Белгіленген нысандағы медициналық қорытынды қызметкерді ауыстыру үшін негіздеме болып табылады. Денсаулық жағдайы бойынша қызметкерді ауыстыруда қызметкердің кінәсінің жоқтығын түсіну керек, яғни бұл ауыстыру оның ерік-қалауын білдіруге байланысты емес жағдаймен байланысты.

ВАЖНО Қызметкер медициналық қорытынды ұсынған жағдайда жұмыс беруші оны барынша жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Егер, түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын жағдаймен, қызметкер денсаулық жағдайы бойынша ауыстыру үшін негіздеме болған көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған жағдайда, онда жұмыс беруші ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес мұндай қызметкермен еңбек шартын бұзады.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) медициналық қорытындысында көрсетілген мерзімге денсаулық жағдайы бойынша уақытша ауыстыруға жол берілген. Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу мақсатында МӘС-ға жіберу үшін негіз болмаса және адамдардың еңбек жағдайын аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, ДКК-ның екі айдан алты айға дейінгі мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытындысы беріледі.

Мерзім кәсібіне (мамандығына), аурудың ағымы мен асқынуларына қарай белгіленеді (Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу қағидаларының 13-тармағы).

Медициналық қорытынды нысаны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Өндіріспен байланысты денсаулық жағдайы

нашарлаған кезде ауыстыру

Қызметкерлерге жеңіл еңбек жағдайлары олар өндірістік жарақат, кәсіптік ауру алған немесе еңбек міндеттерін орындаумен байланысты алған денсаулығын басқа зақымдаған жағдайда беріледі.

ҚР ЕК-де мынадай ұғымдар айқындалған:

Өндірістік жарақат – қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағы 65) тармақшасы).

Кәсіби ауру – қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағы 53) тармақшасы), мысалы, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мен заттардың әсер ету нәтижесінде туындайтын улану.

Тез өрбитін кәсіби аурулар мен улануларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлар қанықпаның шектеу шегінен немесе рұқсат етілген деңгейден көп есе жоғары болып, бір реттен кейін (бір жұмыс ауысым ішінде) кенеттен пайда болған аурулар жатады.

Созылмалы кәсіби ауруларға (улануға) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың көп уақыт бойы әсер етуінің салдарынан пайда болған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) тез өрбіген, сондай-ақ созылмалы кәсіби аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт өткеннен кейінгі салдары (жүйке жүйесінің, жүрек қан тамырларының, гепатобилиарлы және басқа да жүйелердің өндірістік уларымен улануының салдарынан пайда болатын тұрақты органикалық өзгерістер) жатады.

Еске сақтайтын бір жағдай, кәсіби аурулардың пайда болуы зиянды және қауіпті заттармен жұмысты тоқтатқаннан кейін де (кеш пайда болатын силикоздар, бериллиоздар, қуықтың папилломалары, қатерлі ісіктер) пайда болуы мүмкін. Яғни, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығына 2-қосымшаның 11-12-тармақтарына (Осы Актіде қолданылатын кейбір сөз тіркестерінің, терминдері мен белгілердің жазылуы) сәйкес, мұндай ауруларға, сондай-ақ дамуында кәсіби ауру фон немесе қатер факторы болған аурулар (асбестоз, силикоз немесе шаң бронхитының негізінде пайда болған өкпе обыры) да жатады.

Егер тергеп-тексеру барысында:

·      зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйіне байланысты себеп бойынша орындаған кезде;

·      өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;

·      зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде қаралмайды (ҚР ЕК 322-бабы 3-тармағы).

Өндірістік жарақаттар, кәсіптік аурулар немесе денсаулығына өзге де зақымданулар жағдайында, жұмыс беруші қызметкерді неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға немесе мынаған дейін, яғни:

·      еңбекке қабілетін, яғни қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмыстарды орындауға икемділігін қалпына келтіргенге дейін;

·      мүгедектігін, яғни организм функциясының күшті бұзылуымен денсаулығын бұзу салдарынан адамның тіршілік қарекетін шектеу дәрежесін белгілегенге дейін;

·      кәсіптік еңбек қабілетін, яғни белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмыстарды орындауға қызметкердің икемділігін жоғалтуын белгілегенге дейін оны жұмыстан босатуға міндетті.

Өндірістік факторға байланысты, денсаулығы нашарлаған кезде, Бұйрыққа 2 қосымшада бекітілген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы акт жасалады.

Актіге ұйымның еңбекті қорғау қызметінің және бөлімшелердің  басшылары қол қояды, жұмыс беруші бекітеді және ұйымның мөрімен куәландырылады.

ВАЖНО Кәсіби ауру (улану) жағдайында тиісті актіге сондай-ақ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдарының өкілдері де қол қояды.

ҚР ЕК 326-бабының 4-тармағына сәйкес, әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы актінің үш көшірмесін ресімдейді және:

·      үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына;

·      жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына;

·      мемлекеттік еңбек инспекциясы айқындаған Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарына электронды жеткізгіште жіберіледі.

Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары жатады (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 51) тармақшасы).

Әйел консультациясының (кабинетінің) акушер-гинеколог дәрігері жүкті әйелдерге жеңіл және зиянсыз жұмысқа ауыстырудың қажетті жағдайында № 084/у нысаны бойынша анықтама береді.

ВАЖНО Еңбек заңнамасына сәйкес жүктіліктің кез келген мерзімі кезінде дәрігерлік қорытындыға сәйкес ауыстыру жүзеге асырылады.

Жүкті әйелге қолайсыз өндірістік факторлар әсерін болдырмайтын басқа жұмыс берілгенге дейін ҚР ЕК 191-бабына сәйкес, әйел осының салдарынан өткізіп алған барлық жұмыс күндері үшін жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға тиіс.

Денсаулық жағдайы бойынша ауыстыруды ресімдеу

1-қадам. Қызметкер жұмыс берушіге еңбек жағдайын өзгертуді талап ететін денсаулық жағдайы туралы тиісті медициналық қорытындыны береді.

2-қадам. Жұмыс беруші медициналық қорытындының негізінде денсаулық жағдайына қайшы келмейтін жұмысқа ауыстыру туралы хабарламаны ресімдейді және қызметкерге тапсырады.

3-қадам. Жұмыс беруші қызметкерден жазбаша келісімді алған жағдайда қызметкерді ауыстыруды ресімдейді, қызметкердің ауыстырудан жазбаша келісіммен бас тартқан жағдайда – қызметкермен еңбек шарты бұзылады.

Қызметкерді медициналық көрсеткіштер бойынша ауыстырған жағдайда еңбек шартының тараптары қосымша келісім жасау жолымен еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізуге тиіс, өйткені еңбек шартының талаптары өзгереді.

Қызметкер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты ҚР ЕК 59-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген (еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде қызметкердің уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартуы) негіздеме бойынша тоқтатылады.

ВАЖНО Қызметкердің денсаулық жағдайына байланысты медициналық қорытынды бойынша уақытша ауыстыру кезінде қызметкердің еңбек кітапшасына жазба енгізілмейді.

Денсаулық жағдайы бойынша қызметкерді ауыстыру кезіндегі еңбекақы төлемі

Қызметкерді медициналық қорытынды бойынша ауыстыру кезінде жалпы қағида бойынша еңбекақы, қызметкер ауыстырылған атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына орай жүргізіледі.

Алайда заңнама медициналық қорытынды бойынша ауыстыру кезінде тараптардың келісімімен қызметкердің бұрынғы жалақысын сақтауға мүмкіндік береді (ҚР ЕК 45-бабының 1-тармағы).

Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде еңбекақы төлеу мәселесі ерекше ескертіледі. Бұл жағдайда ауыстыру сәтінен бастап, еңбекке қабілетін қалпына келтіргенге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін немесе кәсіптік еңбекке қабілетін жоғалтуын белгілегенге дейін жұмыс беруші қызметкерді, егер тараптардың келісімі бойынша қызметкерге бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталмаса, орындайтын жұмыс немесе атқаратын лауазым бойынша төлем жасай отырып, барынша жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға міндетті; немесе жұмыс беруші ҚР АК 936–946-баптарына, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына орай залал өтемақысын төлей отырып қызметкерді жұмыстан босатуға міндетті.

Кәсіби еңбекке қабілетін, ал ол болмаған кезде – жалпы еңбекке қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан қызметкерлер денсаулығын зақымдаумен келтірілген залалдың орнын толтыру құқығына ие болады.

ВАЖНО Жәбiрленушi жоғалтқан, онда болған немесе анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтiруден туындаған шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрi-дәрмектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлiк құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға және т.б.), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтеуге жатады.

ҚР АК 938-бабының 6-тармағымен, келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған жұмыс беруші кәсібі мен біліктілігі дәл осындай қызметкердің орташа жалақысының мөлшерін ұлғайтқан кезде жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін, ал ол болмаған кезде – жалпы еңбекке қабілетін жоғалтуы дәрежелеріне сәйкес келетін, ұлғайтылған орташа айлық табысының (кірісінің) пайыздарымен айқындалатын жоғалтылған табысты (кірісті) өтеу сомаларын қайта есептеу жүргізіледі деп айқындалған.

Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу бойынша тағайындалған ақша сомаларының мөлшерін қайта қарау, мына жағдайларда, яғни:

·      еңбекақы төлемін өзгерту;

·      қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінің құрамы өзгерген;

·      жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін өзгерту;

·      өмір сүру құнын арттыру жағдайларында жүргізіледі.

Денсаулығына зақым келген кәмелетке толмаған жәбірленуші еңбек қызметі басталған жағдайда зақым көлемінің дендегені туралы арызбен жүгінуге құқылы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 «Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 17-тармағы).

Дереккөз: http://«ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль