«Жасырын» ақша

511
«Жасырын» ақша
Лазутина Ирина Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», бизнес-тренер, эксперт по вопросам регулирования трудовых отношений в Республике Казахстан, сертифицированный тренер ОSCЕ по правовым вопросам, г. Алматы
Заңсыз жалақыны «жасырын», «қара», «конверттегі» деп атасақ та, адам табыстың бір бөлігін еңбек шартында, ол жасалған жағдайда, көрсетілген сомадан тыс алатыны белгілі. Бизнесмендер салық төлеуде үнемдеп қана қоймай, дау-дамай кезінде қызметкерлерді өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінен айырып, бағындырғысы келеді. Құқықтық тәуекелдер мен қызметкерлер құрамын басқарудың көзқарасы бойынша мұндай технология орынды ма?

Кейбір жұмыс берушілердің қызметкерлерді барынша жұмыс істету үшін, қандай құпияны білу керек екені туралы талқылап жатқандарын тыңдап, еріксіз бір еврей анекдоты еске түседі.

Бір еврейдің үйінде қонақтарға әрқашан хош иісті қою шай береді екен. Қонақтар: «Біздің Мойша шай демдегенде, қандай құпия рецептті пайдаланады екен?», – деп таң қалады.  Көп жылдар өтті, Мойша өлерінің алдында соңғы өкімін жасайын деп, барлық көршілерін шақырыпты:

–        Яша, мен саған өзімнің скрипкамды беремін. Фима, саған сәкімді қалдырамын. Софа, үй мен жинаған қаражатым – саған және балаларға. Ештеңе ұмытпаған сияқтымын, енді тып-тыныш өле берсем де болады, – депті.

–        Тоқта, Мойша, – деп дүрлігіпті көршілері, – сен бізге ең басты құпияңды ашпадың ғой!

–        Қандай құпия? – таң қалды Мойша.

–        Неге сенің шайың соншалықты дәмді, дәмділігінің құпиясы неде?

–        Қандай құпия?! Шәйнекке шайды АЯМАЙ САЛЫҢДАР, болды.

Міне, қарт Мойша осылай жауап берген екен.

      Бұл оқиға, жалақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамай, қызметкерлер құрамын басқарудың құпиясын таба алмай жүрген, жұмыс берушілердің жағдайына ұқсайды,

Бәрі оңай: ақша төлесең – нәтижесі болады, төлемесең – сүйікті фирмаңның көркеюі үшін қызметкерлерден екпінді жұмыс күткенің бекер. Бірақ, әділетті болу үшін, оларға жалақы негізгі шешуші уәждеуіш болып табылмайтын қызметкерлер санатының болатынын да атап өту керек. Бірақ бұл мақалада біз олар туралы емес, ал отбасын асырау үшін, күн сайын ерте тұрып жұмысына баруға мәжбүр болатын жұмыскерлердің басым көпшілігі туралы әңгімелейміз.

Айлық жалақының ең төменгі мөлшері

Рет-ретімен бастайық. 2007 жылы енгізілген және қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК) «Айлық жалақының ең төменгі мөлшері» ұғымын белгіледі. Бұл жағдайды іс-әрекетке басшылық деп санап, жұмыс берушілер барлық жерде қызметкерлерге ресми ақы ретінде ең төмен жалақы беріп, қалғанын «конвертте» бере бастады. 

Бірақ, кез келген жұмыскерге ең төменгі ақыны белгілеуден бұрын, көрсетілген анықтаманы мұқият оқыған жөн еді. Жалақының ең төменгі мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері ҚР ЕК белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы).

ВНИМАНИЕ Заң шығарушы еңбекақының ең төменгі нормасын біліктілікті қажет етпейтін қарапайым еңбек қызметкеріне жатқызады. Ал іс-тәжірибеде, еңбекке ақы төлеудің осы кепілдік берілген минимумы әртүрлі деңгейдегі мамандармен еңбек шартын жасасқанда жиі пайда болатыны кездеседі.

Кейде тіпті мағынасыздыққа дейін барады: жұмыс өтілі көп инженермен (жоғары білімді) жасасқан еңбек шартында, оның ішінде басшы қызметіне, еңбекақысы ретінде жалақының ең төмен мөлшері көрсетілген. Мұндай қызметкерді біліксіз қызметкерлерге, ал оның еңбегін қарапайым еңбекке қалай жатқызуға болады?

Мұндай мысалдар өте көп. Жұмыс беруші: «Қағазда жазылған жазба – жай ғана формальдылық. Еңбек шартын жасасқан кезде, жалақының көп бөлігін мен конвертте беремін деп келіскенбіз. Маған да жақсы, жұмыскерге де тиімді», – деп ақталады.

Қаншалықты «жақсы» және кімге «тиімді»

   Ресми түрде ең төменгі айлықты алып, жалақының қалған бөлігін конвертте немесе «жасырын» алатын қызметкердің «пайдасынан» бастайық.

1.        Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу ресми жалақыдан (ол маман қолына алатын жалақыдан аз болуы мүмкін) жүзеге асырылады.

Әрине, бұл жерде: «Зейнетақыға дейін әлі уақыт бар ғой! Зейнеткерлікке шыққан соң, ол ақшаларды көретінімізге кепілдік бар ма?», – және т.с.с. қарсылық білдіру мүмкін.

Болашақта не болатынын болашақ көрсетеді. Ал біздің әңгімеміз осы шақ туралы...

ВАЖНО ҚР ЕК 34-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

ПРИМЕР Мынандай жағдайды көз алдымызға елестетейікші: білікті маман жалақысы лайықты (өзінің біліктілігіне сәйкес) жұмыс іздеп жүр, ал еңбек қызметін растайтын құжат ретінде, ықтимал жұмыс берушіге зейнетақы қорының үзінді көшірмелерін немесе еңбек қызметін растайтын және маманның жалақысы туралы мәліметтерді қамтитын, басқа құжаттарды: бұрынғы жұмыс берушімен жасасқан еңбек шартын, жалақы беру тізімдемесінің үзінді көшірмелерін, әлеуметтік аударымдар жасағаны туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтерді береді. Бұл қызметкерге жаңа жұмыс орнында жақсы жалақы алуды армандамасын деп сенімді айтуға болады.

2.        Несие алу үшін банкке барғанда жұмыс орнынан жалақы мөлшері көрсетілген анықтама талап етіледі. Ресми жалақысы аз қызметкерге кез келген, тіпті ең төмен мөлшерде несие алу мүмкіндігі болмайды.

3.        Жүктілікке және босануға байланысты төлемдер, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар, демалыс төлемақысы жалақының ресми «ақ» бөлігінен жүргізіледі.

     Шетелге шығу үшін виза ресімдеу барысында кейбір елшілік қызметкерлерінің оң шешім қабылдауы тікелей қызметкер табысының мөлшеріне байланысты болады.

Аталған мәселелерге тап болғанда, қызметкер өзінің қауіпсіздікте екенін сезіне алмайды.

Алайда барлық аталған материалдық «ізгіліктерді», жұмыс берушінің қызметкерге жүргізетін билігімен салыстыру мүмкін емес.

Қарым-қатынастары әріптестік немесе джентельмендік бола алмайды. Адамның бір нәрсені орындамауға мүмкіндігі болса (орындамағы үшін ешқандай жаза қолданбайды, өйткені еңбекке ақы төлеудің «жасырын» сұлбасының бар екенін дәлелдеу оңай емес) ол, орындалмауы мүмкін.

Қарастырылып жатқан материалда әңгіме жалақының «жасырын» деп аталтын бөлігін төлемеу мүмкіндігі туралы болып жатыр. Мәселе біздің жұмыс берушілердің басқалардан ерекшеленуі емес – олар ешкімнен кем не артық емес, бұл жерде адамның болмыс қасиеті көрінеді.

НА ЗАМЕТКУ «Жасырын» жалақы төлеу тәртібіне келіскен қызметкер, еңбек қатынастары басталған соң, жұмыс беруші тарапынан дәлелсіз тиісулер, негізсіз ескертулер басталып, тіпті, «жасырын» жалақыны кесіп тастайтынына дайын болу керек. Ай сайын конверт азая береді де – бір күні мүлдем босап қалады.

Әрине, қарамағында қызметкерден «аянбай» істейтін сапалы жұмысты күту бекер. Жұмыс берушілер қызметкерді компанияның ізгілігіне бар ынтасымен істеткізетін құпияларды  іздей бастайды (әрі материалдық емес болғанын қалайды). Міне, осы кезде қарт Мойшаның кеңесін еске түсірген орынды.

Ал жұмыскерлер, өз кезегінде, жаңа жұмыс берушілерді іздейді. Өйткені бұл жағдайдың ұзақ уақыт созылуы мүмкін емес, нәтижесінде жұмыскер жұмыстан шығуға шешім қабылдайды, немесе жұмыс беруші еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкін болмайтын жағдайлар жасайды.

ЛУПА Еңбекке ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау ең мықты уәждемеге қарсы әрекет болып табылады. 

Компаниялардың иелеріне қызметкерлер құрамының жұмыс тиімділігінің төмендеуі мен салықтарды төлемеу арқылы алған ақшалай қаражатты үнемдеу арасында таңдау жасау қажет.

Бірақ, әділетті болу үшін, қарастырылып жатқан еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір «артықшылығының» бар екенін айту керек...

Алимент төлеушілерге қуана беруге болады, өйткені алименттер жалақының ресми бөлігінен ұсталады. Бірақ бұның қаншалықты жақсы екенін –  әр алимент төлеуші өзі шешсін.

Еңбекке «жасырын» ақы төлеудің  жоғарыда айтылған қауіп-қатерлерінен басқа, қызметкерлер мен жауапсыз бизнесмендерді келешекте тағы бір жағымсыз тосын жәйт күтуде.

Қазақстанда табыстар мен шығыстарды жаппай мағлұмдауды енгізу мәселесі талқыланып жатыр, бұл, конверттегі жалақыны енді жасыру мүмкін емес екенін білдіреді. Әзірленіп жатқан заңнамалық механизмдердің нұсқалары бойынша, «жасырын» жалақы және оны төлейтін айыпкерлер (жұмыс берушілер) мүдделі мемлекеттік органдардың назарын өздеріне сөзсіз аударады.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль