text
Справочник кадровика

«Төтенше температуралар жағдайларындағы жұмыс» стандарты

  • 23 ноября 2015
  • 524

Стандартта жоғары және төмен температуралар жағдайларындағы жұмыспен байланысты қауіптіліктерді барынша азайту жөніндегі талаптар баяндалған.

  Терминдер мен қысқартулар

  Ылғалдылық (салыстырмалы)

  Ауаның белгілі бір температурасы мен қысымы кезінде ауадағы су булары құрамының (олардың мүмкін болатын ең көп құрамына) арақатынасы.

   Гипотермия

   Дененің ішкі температурасының төмендеуі. Орталық мүшелер температурасы  35℃-тан төмен түскен кезде адам гипотермия жай-күйіне ұшырайды. Гипотермия шұғылможет начаться резко (мысалы, суық суға түсуден туындайтын температураның шұғыл өзгеруі кезінде) немесе біртіндеп (киім жеткілікті жылы болмаған кезде суық ортада жұмыс істеуден туындайтын температураның біртіндеп өзгеруі кезінде) басталуы мүмкін. Біртіндеп болатын гипотермия жеңіл, орташа және жіті болып жіктелуі мүмкін.

    Ыстық жұмыстық орта

     Жұмыс орнында орын алған жағдайлар (ауа температурасы, сәулелену температурасы, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, киім және/немесе қызмет)  жылудың қауіпті жинақталуына әкелетін орта.


     Конвекция

     Адам денесі мен айналадағы ауаның арасындағы жылу алмасу үдерісі.


     Сусыздану

     Тер бөлінуден, құсудан немесе диареядан туындауы мүмкін, ағза тіндеріндегі су тапшылығы. Симптомдарына қатты шөліркеу, жүрек айну мен әлсіреу жатады.


     Үсітіп алу

     Төмен температуралардың әсер етуі нәтижесінде тіннің зақымдануы.


     Желдің мұздатуы

     Бұл термин төмен температура мен желдің бірігіп әсер етуінен туындайтын, дененің жылу жоғалту жылдамдығын сипаттау үшін пайдаланылады. Жел жылдамдығының артуына қарай дененің жылу беру деңгейі де артады, бұл тері температурасының және соңғы нәтижеде ішкі мүшелер температурасының төмендеуіне әкеледі.


     Қатты ысыну

     Метаболизмнің, қоршаған орта факторларының (ауаның температурасы мен ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы мен сәулелік жылу алмасу көрсеткіші сияқтылар) және дененің киіммен қорғалғандығының аралас әсер етуінен қызметкер ағзасына түсетін жылулық жүктемеден пайда болатын, ағзаның жылулық теңгерімінің бұзылуы.


http://eru-otruda.mcfr.kz

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль