Пайдалану жағдайларында металл құрылымдарының оттан қорғайтын ісінуші жабындарына аспаптық өрттік бақылауды жетілдіру саласындағы әлеуетті мүмкіндіктер

231
Металл құрылымдарды оттан қорғау құрылымдар элементтерінің бетінде жоғары температураларға  және тікелей оттың әсеріне шыдайтын жылу оқшаулаушы экрандар жасаудан тұрады. Бұл экрандардың болуы өрт кезінде берілген уақыт кезеңі ішінде металдың ысуын баялатуға және құрылымның өз өміршеңдігін сақтауға мүмкіндік береді.

Металл құрылымдарын оттан қорғаудың заманауи әдістері мыналарды пайдалануды қамтиды:

– түйіршіктелген минаралдық талшықтан, сұйық шыныдан, цементтен және басқаларынан жасалған оттан қорғаушы жабындарды;

– органикалық және бейорганикалық құрамдастардың күрделі жүйелері болып табылатын ісінуші бояуларды.

Оттан қорғау заттары әртүрлі пайдалану төзімділігі мен ұзақ мерзімділікті иеленетіндіктен, қорғалған беттің жай-күйіне жүйелі бақылау жасау қажет. Осыған байланысты оттан қорғау жабындарын салу сапасы мен тиімділігіне бақылау жасауға көп көңіл бөлу қажет.

Жылу кеңейту үлгісіндегі оттан қорғау құрамдары– оттан қорғаудың перспективалы бағыттарының бірі. Олардың оттан қорғау әсері жүргізілген жабынның 170–250°С температура кезінде ісінуіне және кеуекті жылу оқшаулағыш қабат түзуіне негізделген,бұл қабат металдыңқұрылым өзінің көтеру қабілеттілігін жоғалтатын температураға дейін ысуына бөгет жасайды.

Оттан қорғау заттарының құрамы: бейорганикалық және органикалық толықтырғыштары бар сулы дисперсиядан бастап минералдық толықтырғышы бар органикалық еріткіштердегі бояуларға дейін саналуан болып келеді.

Оттан қорғау құрамдарының тиімділігін бағалау критерийлері өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттар жүйесінде нормаланған оттық сынақтардың мәліметтеріне негізделген, бұл жерде оттан қорғау өңдеуінің сапасына жалпы, сондай-ақ міндетті талаптар да белгіленеді.

Бүгінгі күні металды оттан қорғау бойынша орындалған жұмыстарға бақылауды жүзеге асырудың жалғыз мүмкіндігі – бұл қалыңдық өлшегіштің көмегімен алынған мәндерді қалыңдықтың жобалық көрсеткіштерімен салыстыру [1]. Оттан қорғау жабындарын диагностикалау бойынша тәжірибеден жабу қабаттарының бірдей еместігі, ондағы үлкеналшақтық туралы қорытынды жасауға болады. Атап айтқанда, көтеруші бағандардағы оттан қорғау жабыны қалыңдықтарының ең аз мәндері көбінесе қорғалатын элементтердің жоғарғы белгілерінде айқындалады, оларға қолжетімділік табиғи себептермен қиындатылған. Алайда өрт шығып, дамыған кезде жану процестерінің физикалық-химиялық ерекшеліктеріне сәйкес негізгі қызу қорғалатын элементтердің жоғарғы белгілерінде болып өтеді, бұл ғимарат құрылымдарының көтеру қабілеттілігін жылдам жоғалтуына әкеледі. Осыны ескере отырып, ғимараттардың нақты өрт қауіпсіздігін арттыруға болады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы

 http://eru-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль