Мүгедектерді жұмысқа орналастыру: құқықтық аспектілер

406
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру: құқықтық аспектілер
Григорьева Наталья Сергеевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», независимый HR-специалист, г. Алматы
Төменде көрсетілетін кейбір жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді.

Еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстанның әр азаматының еңбек етуге құқығы бар.Оның ішінде мүгедектер де. Кез келген топтағы мүгедектер еңбек ете алатыны бәріне мәлім, бірақ бірінші және екінші топтағыларға медициналық комиссиядан рұқсат алу керек. Жұмысқа орналасқанда мүгедектігі бар адам дені сау адаммен тең құқылы. Осы Мақаламыз мүгедектердің еңбек құқықтарын жүзеге асыруды құқықтық реттеу туралы.

Еңбек шартын жасасуға құқығы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (бұдан әрі - ҚР ЕК) 6-бабының 1-тармағына сәйкес, ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.

Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады (ҚР ЕК 25-бабының 1-тармағы). Төменде көрсетілетін кейбір жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді.

Мүгедектердің де еңбекке құқығы бар екені ескере отырып, біз олардың өз міндеттерін жүзеге асырған кезде кейбір ерекшеліктерін атап өтуіміз керек.

ҚР ЕК 69-бабының 3-тармағына сәйкес, бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.   

Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды. Сондай-ақ, ҚР ЕК 89-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі. Сол сияқты,  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39-III заңы (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі –  Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң) 32- бабының 1-тармағында бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленетінi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiлетіні көрсетілген.

Сонымен, егер МӘС комиссиясы (медициналық-әлеуметтік сараптама) мүгедек орындайтын жұмысты, оның денсаулығына қауіп төндірмесе, онда ол өз міндеттеріне кірісуіне болады. Көп жағдайларда, мүгедектің физикалық мүмкіндіктері белгілі бір жағдайда шектелсе, ол ұйымда толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейді, не өз еңбек міндеттерін үйінде немесе қашықтықта орындайды.

Осылайша ҚР ЕК 70-бабына сәйкес, еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. Белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:

  • толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;
  • толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі.

Сол сияқты апта күндері және жұмыс сағаттары қысқартылуы мүмкін. ҚР ЕК 106-бабына сәйкес, жұмыс күні толық болмаған кезде жұмыс берушінің актісінде еңбекке сағат бойынша ақы төлеуді белгілеуге болады.

Жұмысты үйде орындауы  

Жетілмеген остеогенез (сүйектердің морттығы) немесе соқырлық аурулары бар, көшеде қозғалуға қиналатын кейбір мүгедектер үйде жұмыс істеп, ақша табады. Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлердің ерекшеліктері ҚР ЕК 137-бабында жазылған. Осылайша, жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер деп есептеледі.

Көп жағдайда үйде істелетін жұмыс үшін жақсы компьютер мен лимитсіз Интернет қажет. Онымен жұмыс беруші қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте ол сондай-ақ электр қуатына кететін шығындарды және компьютердің (немесе басқа да құрал-жабдықтың) амортизациясы үшін төлеуі мүмкін, егер жұмыскер өз қаражатын үйде істелетін жұмысқа жұмсайтын болса. Сондықтан үйде істелетін жұмысты орындау туралы еңбек шартында міндетті түрде:

  • жұмысты жұмыскерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындау;
  • жұмыскерді жұмысты орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;
  • жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті түрде көзделуге тиіс.

Мұндай жұмыс түймелерді дайындау, конверттерді желімдеу, бұйымдарды тоқу, интернет-дүкен менеджерінің жұмысы (тапсырысты растау үшін клиенттерге қоңырау соғу) болуы мүмкін.

Қашықтықтан жұмыс істеу түрі

Сондай-ақ ізденуші-мүгедектің компьютері мен Интернетке қолжетімділігі болғаны оған қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс берушінің орналасқан жерінен тыс жұмыс барысында ақпараттық-байланыс технологияларын пайдалану арқылы, еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше түрі. Жұмыстың бұл түрі, мысалы, миопатиямен ауыратын (қаңқалық бұлшықеттерінің әлсіздігі) адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету жолы болып табылады.  Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді (ҚР ЕК 138-бабы) және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады. Осылайша, мысалы, «қашықтықтағы» мүгедектігі бар бағдарламашы, кеңседегі әріптестерімен өзара әрекеттесіп, байланыста 9.00-ден 18.00-ге дейін болуға тиіс. Сондай-ақ оның түскі асқа үзілісі бар, ал 18.00-ден кейін ол өз еңбек міндеттерінен босатылады.

Түнгі уақыттағы жұмыс

Әрине, бұл, егер мүгедек жұмыскер өзінің негізгі ауруының беті қайта бастағанда, түнгі уақытта ақша табу үшін,  үстеме жұмысты істеуге ынталанған жағдайда ғана болады. Бірақ, ҚР ЕК 76-бабының 3-тармағына сәйкес, мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол берілетінін естен шығармау керек. Яғни түнгі ауысымға жұмысқа шыққан кезде, мүгедек жұмыскер тағы да МЭС-ға барып, тексерілуі қажет.

Үстеме жұмысқа мүгедектер жіберілмейді (ҚР ЕК 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы).

Вахталық жұмыс әдісі

Вахталық әдіс жұмыскерлердің тұрақты тұратын жеріне күнделікті қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады (ҚР ЕК 135-бабының 1-тармағы).

Бұл әдіспен орындалатын жұмыстарға бірінші топтағы мүгедектер медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді (ҚР ЕК 135-бабының 3-тармағы). Екінші және үшінші топтағы мүгедектер егер медициналық қорытындылар негізінде мұндай жұмыстардың оларға қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.

Еңбекпен қамту қызметі арқылы жұмысқа орналасқанда мүгедектердің айқын басымдылығы – олардың әлеуметтік жұмыс орындарына талаптануға құқығының бар болғаны.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 заңы 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Жұмыспен қамту туралы заң), әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны.

Әлеуметтік жұмыс орындарын бөлуді халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады (ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме – Жұмыспен қамту туралы заң 1-бабының 23) тармақшасы).

Жұмыспен қамту туралы заң 5-бабының 2 тармақшасына сәйкес, мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

Нысаналы топтарға:

  • табысы аз адамдар;
  • жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
  • балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
  • кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
  • зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
  • мүгедектер;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
  • бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
  • оралмандар;     
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
  • жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
  • қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
  • терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.

Жұмыспен қамту туралы заңның 18-1-бабына сәйкес, әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.

Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.

Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:

      1) нысаналы топтарға әдейi арналады;

      2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

Мүгедектердi кәсiптiк оңалту

Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталықтары тегін кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жібереді. Мүгедектер, нысаналы топтарға кіргендіктен, оларды басымдық тәртіпте өтуге құқығы бар. Мұндай оқуды мүгедектер ақысыз негізде өтеді және оларға шәкіртақы төленеді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң 30-бабының 1-тармағына сәйкес, мүгедектердi кәсiптiк оңалту:

  • кәсiптiк бағдар берудi;
  • кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды);
  • жұмысқа орналастыруды қамтиды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 31-бабына сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердi жұмыспен қамтуды:

1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;

2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектер үшiн қосымша жұмыс орындарын құру;

3) мүгедектердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құру;

4) мүгедектерге кәсiптiк оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 32-бабына сүйене отырып, мүгедектiк уәждері бойынша еңбек шартын жасасудан не қызмет бабында жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мүгедектi жұмыстан босатуға, оның келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.

Тек медициналық қорытынды бойынша мүгедектің денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қауіп төндiретiн жағдайларда ғана, онымен  еңбек шартын бұзуға немесе жұмысқа ауыстыруға болады.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 34-бабына сәйкес, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге келтiрiлген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Келтірілген зиянды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-I Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (47-тарау «Зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер») жазылған.

Сондай-ақ бұл мәселе ҚР ЕК 10-тарауында мазмұндалған («Еңбек шарты тараптарының  материалдық жауаптылығы»).

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль