Еңбек шарты. Тараптардың материалдық міндеттемелері

477
Еңбек шарты. Тараптардың материалдық міндеттемелері
Гречко Юлия Магомедрасуловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный бухгалтер, г. Алматы
Кадр маманы мен бас бухгалтердің жұмысы материалдық жауапты адамдармен еңбек қатынастарын дұрыс ресімдеуді талап етеді

Кейде компания жұмыскерлерге емес, жұмыскерлер компанияға төлейтін жағдайлар болады. Жұмыскерлер тарапынан болатын ұрлық немесе ұқыпсыздықтан өзін қорғау үшін, жұмыс беруші олармен материалдық жауаптылық туралы шарт жасасады. Кей уақытта  ол соншалықты «толық» болып кететін жауаптылық үшін, сатушыны, тіпті көрмеген тауар үшін, төлеуге мәжбүрлейді. Жұмыскерлерге өзін осындай өктемдік пен негізсіз айыптаулардан қалай қорғау керек? Жұмыстағы материалдық жауапты қатынастармен байланысты сұрақтарға берілетін жауаптарды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі табуға көмектеседі. Бұл мақалада біз жұмыскердің материалдық жауаптылығын талқылаймыз.

Материалдық жауапкершілік

Кез келген ұйымның, әсіресе сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорынның, кадр маманы мен бас бухгалтері жұмысының маңызды бөлігін материалдық жауапты адамдармен еңбек қатынастарын дұрыс ресімдеу құрайды.

Нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық жауаптылығы жұмыс берушінің меншік құқығын қорғау әдістерінің бірі болып табылады.

Сөзсіз, жұмыскер жұмыс берушінің алдында материалдық жауаптылықта болады. Алайда, бұл жауаптылықтың шегі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ҚР ЕК) айқын жазылған.

ҚР ЕК 123-бабының 3-тармағына сәйкес, жұмыскер жұмыс берушіге келтірілген тікелей іс жүзіндегі нұқсанды өтеуге міндетті.

Тікелей нақты нұқсан деп жұмыс берушінің қолда бар мүлкінің шынайы азаюы немесе көрсетілген мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушідегі мүлкінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс беруші үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару не артық төлем жүргізу қажеттілігі түсініледі (ҚР ЕК 123-бабының 4-тармағы).

Жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы деген анықтаманың бар екенінде атап өткен маңызды, өйткені жұмыс беруші де жұмыскерлерінің алдында жауаптылықта болады:

  • жұмыскерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы оған келтірген нұқсан үшін;
  • жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін.

Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды)

өтеу жөніндегі міндеті

ҚР ЕК 120-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) үшін материалдық жауаптылығы, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады.

ҚР ЕК 120-бабының 3-тармағына сәйкес, еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскер мен жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы нақтылануы мүмкін.

ҚР ЕК 123-бабы 7-тармағының нормалары бойынша, жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

Толық жеке материалдық жауаптылық туралы шарт жасасу

Қызметкермен материалдық жауаптылық туралы шарт жасасудан бұрын, оны жасасуға негіздеме, яғни, материалдық жауапты адамдардың тізбесі бекітілген, жұмыс берушінің актісі қажет (1-қосымша).

Мүлікті сақтау бойынша өз мойнына міндеттемені алатынын, және нұқсан келтірілген жағдайда өтеуге міндеттенетінін көрсете отырып, толық жеке материалдық жауаптылық туралы шартты еңбек шартын жасасқанда ресімдеген дұрыс.

Толық жеке материалдық жауаптылық туралы шарт, ҚР ЕК жазылған, білуге тиіс, бұзуларсыз және шектеулерсіз жасалуға тиіс екенін түсіну қажет, өйтпегенде мұндай шарттың заңдық күші болмайды.

Жұмыскер есебіне алған мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмегені жөніндегі жұмыскердің толық жеке материалдық жауаптылығы туралы шартты (2-қосымша) жұмыс беруші  жазбаша нысанда екі данамен жасайды: біреуі жұмыскерге арналады, екіншісі жұмыс берушінің кадр бөлімінде қалады. Екі данада тараптардың қолдары қойылу керек. Жұмыс беруші қол қойғаннан басқа, мөр басады.  

Толық жеке материалдық жауаптылық туралы шартты жыл сайын жасап, бекіту міндетті емес. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар бұйрық шығару арқылы енгізіледі.

Өндірістік процесте жұмыскерлерге берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға, жеткізуге, қолдануға немесе өзге пайдалануға байланысты, олар бірлесіп жұмыс атқаратын жағдайларда және нұқсан келтіргені үшін әр жұмыскердің материалдық жауаптылығын шектеуге мүмкін болмағанда, жұмыс беруші жазбаша түрде жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарт жасасады.

Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарттар еңбек шартын жасасқанда және еңбек шартын қолдану кезінде ресімделуі мүмкін.

Жұмыскерге толық материалдық жауаптылық жүктелетін жағдайлар

Жұмыс берушіге келтірілген нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық жұмыскерге ҚР ЕК 123-бабының 8-тармағына сәйкес:

1) жұмыскерге толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;

2) жұмыскер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;

3) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық (оларға ұқсас) жағдайда нұқсан келтірілген;

4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген;

5) жұмыс беруші үшін нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы талап бұзылған жағдайда;

6) еңбек, ұжымдық шарттарда ескерілген өзге де жағдайларда жүктеледі.

Жұмыскердің материалдық жауаптылығының шектері

ҚР ЕК 123-бабының 5-тармағына сәйкес, жұмыскерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін нұқсан үшін жауаптылық жүктеуге жол берілмейді.

Қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекелдің және оның шектерінің ресми анықтамасы заңнамада жоқ. Құқықтық реттеу тәжірибесі, қалыпты деп келесі жағдайлардағы шаруашылық  тәуекел мойындалатынын көрсетеді:

  • мүлікті пайдалану кезінде қойылған мақсатқа, тек қана жасалған әрекеттермен жетуге болатын жағдай;
  • жасалған әрекеттер қазіргі заманғы білімі мен тәжірибесіне сай болатын жағдай;
  • тәуекелге жол берген адам нұқсанның алдын алу үшін барлық мүмкін болатын шаралар жасаған жағдай (мысалы, табиғи кему нормаларының шегінде айырылу).  

ҚР ЕК 123-бабының 6-тармағы жұмыс беруші жұмыскерлерге қалыпты жұмыс және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті екенін көздейді.

Нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек шартының тараптарын басқа тарапқа келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауаптылықтан босатпайды (ҚР ЕК 120-бабының 4-тармағы).

Нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің жауаптылығын жою

ҚР ЕК 123-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыскердің жұмыс берушіге келтірілген нұқсан үшін жауаптылығы:

  • нұқсан еңсерілмейтін күштің;
  • аса қажеттіліктің;
  • қажетті қорғаныстың;
  • жұмыс берушінің жұмыскерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, жойылады.

Сөз соңында, материалдық жауапты адамды жұмыстан босатқан кезде жұмыстан босату туралы бұйрықта жауапты адамдарды, оның ішінде бухгалтерия қызметкерлерін белгілей отырып, материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыруды өткізу фактісін көрсету артық болмайтынын ескертеміз.

Екі тарап қол қойған қажетті бұйрықтар мен шарттар болмаса, компания келешекте өз құқықтарын қорғай алмайтынын және заң бойынша келтірілген материалдық нұқсан үшін жұмыскерге наразылық білдіре алмайтынын кадр қызметі қызметкерлері,ұмытпаған жөн.

Дереккөз: kz-kadrovik.mcfr.kz



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль