Іздесеңіз табасыз

44
Іздесеңіз табасыз
Комаров Сергей Валерьевич
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», HR-директор, специалист по управлению персоналом, г. Кокшетау
Әлемдегі арта түскен қайта құрулар мен өзгерістерде, дағдарыс, әлемдік экономиканың тоқырауы және халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі сияқты қосымша мәселелер жиынтығы барысында, Humanresourcesmanagement сияқты еңбек қатынастарының маңызды саласы үшін дамудың жаңа сатысы көрінеді.

Еңбек нарығының жаңа өзгерістеріне және кадрлық ресурстардың дамуына бейімделуге мүмкіндік беретін көптеген қағидаттар бар. Солардың кейбіреулері жайлы біз осы мақалада айтып береміз.

Әлемдегі арта түскен қайта құрулар мен өзгерістерде, дағдарыс, әлемдік экономиканың тоқырауы және халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі сияқты қосымша мәселелер жиынтығы барысында,  Humanresourcesmanagement сияқты еңбек қатынастарының маңызды саласы үшін дамудың жаңа сатысы көрінеді.

Өміріміздегі өзгерістерден құтылмайтынымызды түсіну, кезінде қайта құруларды елемегендіктен, өмірдің кезекті тосын сыйын күтпей, өзгерістерді қарсы алу керек екенін ұғынуға көмектесу керек.

Біздің елімізде қазіргі уақытта өмірдің барлық салаларында өзгерістер болып жатыр – білімде, экономикада, еліміздің индустриялық дамуында және т.с.с.

Бүгінгі күні қайта құрылымдау және басқару саласында барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда, олардың меншік нысанына қарамастан – мемлекеттік ұйымдардан, билік құрылымдарынан, еліміздің ішкі және сыртқы органдарынан жеке корпорациялар мен жеке кәсіпкерлерге дейін – барлығын үлкен өзгерістер күтіп тұр.

Әлем адам айтқысыз жылдамдықпен өзгеріп келеді, осы өзгерістердің соңынан қызметкерлер құрамын жалдау және оның жұмысын бақылау саласында жаңа әдістер, қағидаттар мен стандарттар пайда болып жатыр.

 «Жоғарыдағылар» – жаңаша жұмыс істеп үйренуі,

ал қызметкерлер құрамына даму қажет.

Икемділік қағидаты

Үлкен кемені кішкентай рөлмен басқарады, ауыр зеңбірек кішкентай платформада айналады Жағдайымыз неғұрлым икемді және кең форматты болса, соғұрлым жұмсалған күш-жігердің мақсатқа жету ықтималдығы көбірек болады.

Қызметкерлер құрамы жөніндегі бөлімнің басты мақсаты ‒ жиыстырушы әйелден директорға дейін компанияның барлық қызметкерлерінің күш-жігерін толық және тиімдірек пайдалану.

Түпкі мақсаты – кадрлар алып келетін компанияның пайдасы.

Рекрутингте, спорттағыдай, көп адам жүгіреді, бірақ, бірінші орынды біреуі ғана алады. Ол үшін бар күшімен жүгіру керек!... Жұмысқа тартуда, ұстап қалуда, үйретуде, ынталандыруда, жай ғана қызметкерлермен байланыста бар күшіңізді салыңыз.

Мысал

Қызметкерлер құрамын жалдағанда мобильді желілер көп пайдаланылады. Әсіресе ол саудамен байланысты мамандықтарға қатысты: сатушылар, сауда өкілдері, қоғамдық тамақтану жұмыскерлері, қойма жұмыскерлері және т.с.с.

Бұрын мұндай әдістерді пайдаланбайтын, бірақ, заман өзгерген кезде, динозаврлар дер кезінде дамымай, баяғыда жер бетінен жоқ болып кетті. Динозаврларға ұқсамайық…

Мобильділік қағидаты

Мобильділік –  пайдалану салалары арасындағы өндірістің орын ауыстыру қабілетінің өлшемі.

Егер сіз оркестрде ойнауға шешім қабылдасаңыз, онда үлкен барабанды тарсылдатқанша,  дирижерлік таяқшамен басқарған жөн…Сондықтан, құқығым бар деп, бір орында отырмаңыз, өйткені сіз жауапты орында тұрсыз, «бүкіл оркестрдің ойынын» жоспарлаңыз.

Дәл сол мобильділік пен көп міндеттілік қазіргі кезде біздің жұмыс берушілерге қажет. Оларға, жұмыс міндеттерін орындағанда туындайтын ешқандай мәселелерге қарамастан, жұмысты соңына дейін істейтін адамдар қажет. "Көп білдекші" деген ұғым бар, яғни, бір уақытта "бірнеше білдекке" қызмет көрсете алатын адам. Бос орынға үміткерлерді іріктеу кезінде дәл осындай көп білдекші адамдарға назар аударған жөн.

Даналық қағидаты

«Тек кемеңгер адам ғана өзін ақымақ деп мойындауға қабілетті» – деген ескі мақал бар. Кейде, бір өзгерістерді бастау үшін, олардың шынымен қажет екенін мойындау керек. Кейде өркөкіректік біздің жеке басымыздың күнәларын көруге мүмкіндік бермейді. Бұл бірінші кезекте біздің үйренуіміз бен жағдайымызға қатысты.

Сондықтан өмірде оқудан, үйренуден шаршамаңыздар, өзіңіздің кестеңізде жаңа бір нәрсеге қол жеткізуді жоспарлауды тоқтатпаңыздар.

Жеке басы үлгісінің қағидаты

Ғасырлар бойы әскерлер жауға берілген немесе жеңіліске ұшыраған, көп жағдайларда  бұл сарбаздар не үшін күресіп жатқанын білмегендіктен болған. Нәтижесінде олар жеңіске деген ынтасы болмай, соғысуды тоқтататын.

Бұл қағиданың бір ерекшелігі – ерікті адам. Соғыс алаңында олардың табысының себебі әртүрлі болуы мүмкін – романтикалық және прагматикалық, бірақ, бар мағынасы сол: олар өздерін ынталандырып, өздерін құлшындырады.

Өмірде ерікті адам болуға тырысыңыз, өйткені дәл осындай адамдар компанияның  жеңіс рухын көтереді.

Мысал

Классикалық үлгі ретінде бұл жағдайда өзіне америкалық бір доллар мөлшерінде жалақы тағайындаған әлемдегі бірінші топ-менеджер – Ли Якокка болып табылады.

Chrysler компаниясына ауысқанға дейін бұл басқарушы FordMotor-да жұмыс істеді, ол жерде ол 1970-шіжылдарда кәдімгідей қомақты сома болып табылатын бір жылда  шамамен миллион доллар алатын. Chrysler компаниясы банкроттыққа ұшырап, үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр болған сәтте Якокка компанияның қомақты сыйақысынан бас тартуға шешім қабылдады.

Дәл осы іс-әрекеті Лиге үкіметпен болған келіссөзде көмектесіп қана қоймай, ұлттық кәсіподақпен жұмыс барысында мүдделерге қатысты дау мәселесін шешті.

Ешкім сізді солай істеуге мәжбүрлемейді, бірақ, компанияның мүдделеріне қарым-қатынас қағидаты қазіргі кезде де өзекті болып қала береді. Әдетте, жеке басының үлгісі сөзден де көбірек ынталандырады.

Өзіңізді бақылаңыз, компания туралы не айтатыныңызды немесе оның көркеюі және жеңісі үшін қандай ерлікке баратыныңызды қадағалаңызшы. Барлығы қарапайым нәрседен басталады – мысалы, жұмысқа қаншада келіп, үйге қай уақытта кететініңізден.

Озып кету қағидаты

Жақсы HR-менеджер жауаптылықты өз мойнына алуға дайын. Соғыста кез келген командирдің таптырмайтын бір қасиеті тез шешім қабылдау болған, қазірде бар және болады да. Ал, маңыздысы – қабылданған шешім жалғыз дұрыс шешім болса…

Егер сіз компанияңыздағы мықты қызметкеріңіз бәсекелес компаниядан жұмысқа шақыру алғаны туралы ақпарат белгілі болса, оның жұмыстан босату туралы өтініш алып келетінін күтпеңіз. Алдымен онымен сөйлесіп, жаңа жұмыс орын іздестірген себептері туралы сөйлесіп көріңіз. Оған дәл сіздің ұйымдағы жұмыстың басымдығын түсіндіріңіз.

Әрдайым алда болуға тырысыңыз, үнемі жаңа қызметкерлер іздестіріңіз, компанияға білікті мамандарды тартыңыз. Ең тиімдісі: әр жұмыс орнына сізде бірнеше адамнан тұратын "стратегиялық қор" болу керек.

Үнемі жаңа әдістер мен мүмкіндіктер іздеңіз – өйткені, кім іздейді, сол міндетті түрде тауып алатынын барлығы біледі!



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль