Экономикалық дағдарыс кезеңінде қызметкерлер құрамы жұмыс істей ме? (1)

84
Экономикалық дағдарыс кезеңінде  қызметкерлер құрамы жұмыс істей ме? (1)
Бекжанов Мухтар Маратович
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», бизнес-тренер, кандидат психологических наук, г. Алматы
«Көрсету» процесінде қызметкерлер айналасында болып жатқанның барлығына өзінің қатынасын қалыптастыра отырып, бұл жағдайды талдайды және бағалайды. Нәтижесінде мінез-құлық пайда болады. Бастапқыда ол ақырын-ақырын қалыптасады, яғни, белгілі бір нысанды иеленеді, және белгілі бір сәтте қандай да бір қарқындылықпен көріне бастайды.

Осы мақаланың тақырыбы ретінде алынған сұрақ, – риторикалық. Әрине, жұмыс істейді!

Басқа амалы жоқ қой?! Барлығына жалақы керек. Оған қоса, бүгінгі күні тауар мен қызмет көрсету бағалары, биіктікке секіруден бір-бірімен жарысатын спорсмендер тәрізді. Ал, алдыңғы берекелі жылдары өсіп, күшейген қажеттіліктер енді кішірейгісі келмейді.

Сонда адамдар қалай жұмыс істейді? Олардың ұжымдағы мінез-құлығы және өндірістік қызметі қаншалықты корпоративтік мақсаттарға және компания басшылығының үмітіне сәйкес келуі мүмкін?

Қызметкерлердің мінез-құлығындағы ерекшеліктер

Қызметкерлердің мінез-құлығы – бұл олардың уәждемесінің туындысы.

Уәждеме, өз кезегінде – ол адамдар өздері түскен және өздері көрсететін жағдайға деген ерекше реакциясы.

«Көрсету» процесінде қызметкерлер айналасында болып жатқанның барлығына өзінің қатынасын қалыптастыра отырып, бұл жағдайды талдайды және бағалайды. Нәтижесінде мінез-құлық пайда болады. Бастапқыда ол ақырын-ақырын қалыптасады, яғни, белгілі бір нысанды иеленеді, және белгілі бір сәтте қандай да бір қарқындылықпен көріне бастайды.

Қазақстанның аумағында орналасқан жиырма бір компанияда өткізген арнайы диагностика барысында осы ұйымдардың қызметкерлерінің осы уақыттағы мінез-құлығындағы ерекшеліктерді анықтауға және алдағы уақытта олардың мінез-құлықтарын болжауға қол жеткізді.

Бүгінгі күні осы компаниялардың қызметкерлерінде  келесі ерекшеліктері бар мінез-құлық қалыптасқан.

  1. Жұмыстағы  жекелеген жағдайларға қанағаттанбаушылық, өтемақысы ретінде жеке бас жауаптылығының деңгейін төмендетуге және ұйымдағы мәселелерді жоюды талап ету арқылы, басшылыққа деген наразылықтың деңгейін көтеруге  қызметкерлердің талпынысын қалыптастырады.

Бұл ерекшелікті келесідей көрсетуге болады: «Егер сіз өз қызметкерлеріңіз үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қабілетсіз болсаңыз, онда орындалатын жұмыста,н жоғары көрсеткіштерді күтпеңіз немесе алдымен оларға кедергі келтіретін жұмыстағы мәселелерді жойыңыз, содан кейін талап қойыңыз».

Әзірше ұжымның мінез-құлығындағы бұл ерекшелік әлсіз көрінеді, кейбір компанияларда – тіпті жоқ. Бірақ, алғышарттары көріне бастады.

Жекелеген еңбек жағдайларына қанағаттанушылықтың белгілі деңгейі (алдыңғы жағдайға қарағанда жоғарырақ) қызметкерлердің ағымдағы кездегі компанияның өмірі мен қызметіндегі мәселелерді шешуге ниет білдірмейтінін тудырады. Осы кезде «Жақсылыққа жауап күтпе» қағидаты орын алады.

Осы мінез-құлықты көрсетейік: «Көптеген ұйымдарға жақсылдық алып келмейтін экономикада дағдарыс болып жатыр. Біздің компаниямызда барлығы жақсы болғанына қуаны керек. Ал, кейбір нәрселердегі кемшіліктерге, уақытша көз жұмып, назар аудармаған жөн. Қазір оларды жоятын қолайлы кез емес». Бірақ, уақытша нәрсенің ең тұрақты екені барлығына мәлім ғой.

Келтірілген уәждеменің нысаны нық қалыптасқан, бірақ, үнемі және айқын көрінбейді.

Осылайша, 2016 жылдың басына жиырма бір компаниядағы қызметкерлердің мінез-құлқында статистикалық зерттеулерден уәждеменің – өзімшілдік деп атайтын түрінің екі нысаны қарастырылды:

  • керенаулық позициясы, яғни, қызметкерлер мәселелерді жою жөнінде басқаларға қойылатын талаптарды арттырады және өзіне қойылатын сол талаптарды азайтады;
  • дәл осы жерде және осы уақытта мәселелерді шешуге белсенді қатысуды қаламауы.

 Әрі тестіленген компаниялардың қызметкерлері, экономиканың дағдарыстың даму жағдайында бұл нысандар толық дәлелді және әділ деп есептейді.

Осы  үрдісті жою бойынша белсенді басқару іс-әрекеттер қолданбаса, онда отандық экономиканың дағдарыстық даму кезеңінде корпоративтік ахуалдың жалпы нашарлауы мүмкін, яғни, әзірше бар қорғаныс бөгетін «бұзып кетеді», және мінез-құлықтың мұндай нысаны өте айқын көрінуі мүмкін.

Немқұрайдылық біздің заманымыздың белгісіндей

Осындай көрсеткіштерге мәселелерге немқұрайлы қарау деп сипаттауға болатын мінез-құлық та ие. Қоғамдық санада ол қалыптасқан және белсенді дамуды жалғастырады.

Бір қуантатыны, мұндай мінез-құлықтың айқын көрінісі, қазіргі өмір шындығын ескерсек, табиғи түрде қатты бұғатталған.

Шамасы, қызметкерлер, дағдарыс жағдайында жұмысқа немқұрайлы және селқос қарауды көрсету орынсыз екенін сезеді. Компанияның басшылығы мұны «түсінбеуі» мүмкін және мақұлдамайтыны анық.

Демек, бір нәрсені жасауға дайындығыңды ресми түрде көрсетіп, немқұрайдылықты әрқалай бүркеуге болады. Бірақ, мұндай «көзбояушылықтың» тиімділігі тәжірибеде өте төмен болып табылады. Осылайша, қызметкерлерде уәждеменің белгісіз түрі дами бастайды.

Компания қызметкерлерінің өзінің жұмысқа немқұрайлы қарауын мұқият жасыруының өзі – маңызды жағымсыз сәт. Кейбір жұмыскерлер мұндай бүркенуде «шеберліктің шыңына» жетеді,  ал басшылар олардың шын мінез-құлқын түсінбей қиналады.

Нәтижесінде – жұмыс берушінің қызметкерлер бір нәрсеге талпынады деген көзқарасының деңгейі өте жоғары болады. Алдағы уақыттағы нәтижелердің болмауы, басшылықтың түңілуінің деңгейі де жоғары болады.

Егер осы жағдайды басқарушылық назарсыз қалдырса, онда мұндай үдеріс келешекте де дамуын жалғастырады: өздері айналысатын нәрсеге қызметкерлердің немқұрайлы қарауы  арта береді, ал жасыру тәсілдері жетілдіріледі.

Уәждеменің белгісіз түрінің қойнауында әлсіз болса да, оның альтруистік түрі деп аталатын нысандарының бірі пайда болады.

Қазіргі сәтте уәждеменің бұл түрі көбінесе компанияның өмірі мен қызметінде бар мәселелерге қызметкерлердің пассивті шыдамдылығы ретінде көрінеді. Бұл, қазіргі мәселелерді жоюға болатынына қызметкерлердің сенбеушілігінде көрінеді.

Мұндай мінез-құлық келесідей қарым-қатынаста көрінеді: «Қазір жағдай қиын. Компанияның өмірі мен қызметінде қиындықтардың болуы түсінікті: елімізде дағдарыс. Бұған шыдамдылық таныту керек, өйткені қиындықтарды жою бойынша бар күшімізді салу мағынасыз болады. Экономикалық дамудың осы кезеңіндегі кемшіліктер жойылмайды. Ерте ме кеш пе барлығы өз орнына келеді». Басқаша айтқанда бұл өзіндік өндірістік-психологиялық түңілушілік.

Зерттеулердің нәтижелері, өзінің әлсіздігіне қарамастан, өндірістік-психологиялық түңілушілік қызметкерлердің шынайы мінез-құлығындағы басқа нысандарға қарағанда бүгінгі күні күші мен қарқындылығы орташа болып табылады.

Герцен және Чернышевскийдің жолымен

Қорытындылайық: 2016 жылы, әлемдік экономикалық дағдарыс біздің елімізге де келген жағдайда, жиырма бір компаниядағы қызметкерлер құрамының уәждемесінде келесі үрдіс айқындалды:

  • уәждеменің өзімшілдік түрінің екі нысаны тұрақты қалыптасты (керенаулық позиция және конструктивтік іс-әерекеттерді қолдануды қаламауы);
  • сондай-ақ уәждеменің белгісіз түрі (мәселелерге немқұрайлы қарау) тұрақты қалыптасты, бірақ, әзірше ашық көрінуге бұғатталған;
  • уәждеменің белгісіз түрінің шегінде қызметкерлердің мінез-құлқында уәждеменің альтруистік түрінің нысандарының біріне жататын, өндірістік-психологиялық түңілушілік  дамып, қызметкерлердің шүынайы мінез-құлқында көріне бастайды;
  • өкінішке орай, уәждеменің альтруистік түрінің екінші нысаны, яғни, қызметкерлер компаниядағы мәселелерді өздері шешуге, барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға талпынатын, белсенді-қызметтік нысаны, дамымайды.

Жоғарыда айтылғанның барлығын талдап, мұқият оқырман: «Кім кінәлі?» және «Не істеу керек?» деген сұрақтар қоюы мүмкін.

Біріншісі риторикалық сұрақтар қатарына жатады. Дәл сол себептен оны мына сұраққа ауыстыруға болады: «Осы қалыптасқан жағдайдың себебі неде?»

Екінші сұрақтың маңызы бар, бірақ, оған жауап беру үшін, алдымен себептерді талқылау қажет.

 Мақалада берілген талдаудың сұлбасын бастапқыда былай көрсетуге болады: дағдарыс кезеңіндегі компанияның жағдайына қызметкерлердің қатынасы→осы жағдайға өзіндік реакция ретінде қызметкерлердің уәждемесі→қандай да бір ерешелігі бар қызметкерлердің шынайы мінез-құлығы.

Компанияның қазіргі жағдайына деген қызметкерлердің қатынасына қандай алғышарттар ықпал етеді?

Қызметкерлердің компанияға деген қатынасы еңбектің тиімділігі үшін  компанияда жасалған жағдайға олардың қанағаттанушылығының ықпалынан қалыптасады.

Мұндай қанағаттанушылықтың екі түрін көрсетейік:

  • біріншіден, әр жағдайға қанағаттану және әртүрлі жағдайлардың арасындағы ықтимал байланыстарға қанағаттану;
  • екіншіден, бірден барлық тоғыз жағдаймен қанағаттанушылықтың жалпы деңгейі.

Ол қандай жағдайлар? Жалғасы бар...

Бүгінгі күні әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде пайда болған жағдайларға қызметкерлердің конструктивтік қатынасын қалыптастыру үшін ұйымдастырушылық жағдайлардың қайсысы өте маңызды болатыны туралы журналымыздың келесі санында оқисыздар.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль