Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты

644
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жағдаяттың түбегейлі жақсаруға қарай өзгеруі үшін адам өмірі

Үшін қауіпсіздік саласындағы ахуал және қорғау жақсарды, қажетті қоғамдық түсіну, бұл адам өмірі – бұл-аса маңызды құндылық.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі қызметкерлерінің құқықтары

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлері мына- дай құқықтарға ие бола алады:

– ұйымдағы өндірістік, қызметтік және тұрмыстық үйжайларын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз аралайды және қарайды, өз құзырлығының шеңберінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша құжаттармен танысады;

–  ұйымдағы бөлімше жетекшілеріне, басқа да  лауазымдық тұлғаларға анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылушылықтарын жою туралы нұсқауларды (ұйғарымдарды) көрсетеді және олардың орындалуын міндетті түрде бақылайды;

– жұмыстардың осы түрлерін орындауға рұқсаты жоқ, анықталған тәртіпте ал- дын ала және мерзімді дәрігерлік байқаулардан өтпеген, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нұсқамаларынан өтпеген, жеке пайдалануға берілген қорғаныш құралдарын қолданбайтын, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі заңнамасының талап- тарын бұзған тұлғаларды жұмыстан шеттетуді бөлімше бастықтарынан талап етеді;

– ұйым жетекшісіне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныс жасайды;

– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қажетті құжаттарды, ақпараттарды, мәліметтерді бөлімше бастықтарынан жазбаша түрде сұратады және алады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы, талаптарды бұзушылыққа жол берген тұлғалардан жазбаша түсіндірме талап ете алады;

– ұйым жетекшісімен және бөлімше бастықтарымен келісе отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша тексерумен айналысатын арнаулы ұйымдардың мамандарын шақыра алады;

–  ұйым жетекшілеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шарттарын жақ- сарту жұмыстарына белсене қатысқан қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныс жасайды;

– жетекшінің тапсырмасымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін талқылау барысындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда өкілетті бола алады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөліміне арналған лауазымды нұсқамалармен айқындалған өз лауазымдық міндеттерін орындауға жауапты болады. Қызметтің барлық әрекеттеріне бөлім жетекшісі жауап береді. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жауапкершілігі толығымен жұмыс берушіге жүктеледі. Бөлім қызметкерлері сияқты жетекші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы еңбек заңнамасындағы бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік, материалдық, әкімшілік және тіпті қылмыстық тұрғыдан жауапкершілікте болады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

жөнiндегi комиссиясы (комитет)

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау облысында халықаралық еңбек ұйымдарының ұсыныстарын ескеріп, «Қазақстан Республикасы еңбек кодексіне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңымен ұйымдарда өндірістік қызметті жүзеге асыратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде комитет (комиссия) құру ескерілген.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау комитеті (комиссиясы) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында еңбек шарттарын тексеруде және жұмыс орын- дарында еңбекті қорғауда қызметкерлермен  және жетекшінің біріге әрекеттесуін ұйымдастырады, оның нәтижелерін мәлімдеулермен жұмыскерлерге жеткізеді, ұжымдағы еңбек қауіпсіздігі пен және еңбекті қорғау бойынша жарақаттан сақтанудың жағдайын жасауға және кәсіптік аурулардың алдын алуға қатысты ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады.

Комитет (комиссия) ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамды бөлігі болып келеді, сонымен қатар еңбекті қорғау облысында қызметкерлердің ұйымды басқаруға қатысуының бір түрі болады. Оның жұмысы әлеуметтік серіктік ұстанымына сүйенеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау комитеті (комиссиясы) қызметі ҚР еңбек кодексімен, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының  мемлекет аралық стандарты ММСТ 12.0.230-2007 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі. Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптары ILO-OSH2001», СТ РК 12.0.003-2010

«Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі. Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Еңбекті қорғауды өткізудің, қолданудың, бағалаудың және толық жетілдірудің жалпы талаптарымен» реттеледі.

Комитет (комиссия) мемлекеттік органдарымен уәкіл етілген еңбекті қадағалаудың және  бақылаудың басқа  мемлекеттік органмен, кәсіпорындағы еңбекті қорғау қызметімен, кәсіподақтармен  (еңбекті қорғау бойынша қоғамдық тексерушілермен) бірлесіп әрекет етеді.

Комитет (комиссия) міндеттеріне мыналар жатады

а) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етуге, жұмыстағы жарақаттың алдын алуға, кәсіптік ауруларды болдырмауға қатысты комитет (комиссия) мүшелерінің ұсыныстары негізінде жұмыс берушімен, кәсіподақтармен (еңбекті қорғау қоғамдық тексерушілерімен) бірге өзара әрекеттесу бағдарламаларын әзірлеу;

ә) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыс орындардағы еңбек жағдайын тексеру өткізуді ұйымдастыру,  жұмыс берушіге еңбекті қорғау, өндіріс жарақаттары және кәсіптік ауру жағдайларын талдау негізінде бар проблемаларды шешу ұсыныстарын дайындау;

б) жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайының күйі туралы, денсаулыққа зақым әкелу тәуекелдігі, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек шарттары үшін қызметкерлерге берілетін өтемақылар, жұмыстағы берілетін жеке қорғаныш құралдары туралы қызметкерлерді хабардар ету.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау комитеті (комиссиясы) жұмыс берушінің ынтасымен және (немесе) жұмыскерлердің қалауымен немесе олардың паритеттік (жақтардың жалпы өкілдер санынан тәуелсіз түрде әрбір жақ бір дауысқа ие бола- тын) негізде өкілдік органның жұмыс беруші, кәсіподақтардың немесе еңбекті қорғау бойынша қоғамдық тексеруші өкілдерінен құрылады. Комиссия құрамы жұмыс берушінің бұйрығымен (ұйғарымымен) бекітіледі.

Комитет (комиссия) мүшелері үш жылда бір реттен кем емес мерзімді түрде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша мамандық біліктілігін арттыратын білім ұйымдарында оқудан және білімдерді тексеруден өтеді.

Комитет (комиссия) өз құрамынан төраға, әрбір жақтан орынбасарын  және хатшыны сайлайды. Комитет (комиссия) төрағасы болып, негізінен, жұмыс беруші немесе оның жауапты өкілі сайланады, орынбасардың бірі кәсіподақ төрағасы – өкілі және (немесе) еңбекті қорғаудың қоғамдық тексерушісі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкері – хатшы бола алады.

Комитет (комиссия) өз қызметін бекітілген тәртіпте уақытылы және жұмыс жос- парына сай жүзеге асырады.

Комитет (комиссия), оның мүшелерінің ( негізгі жұмысынан міндеттерді атқаруға жіберу, оқуға босату және т.б.) қызметін ұжымдық шартпен, ұйымдағы нормативті құқықтық актілермен қамтамасыз етеді.

Комитет (комиссия) өз қызметі барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау облысында заңдар мен басқа нормативті құқықтық актілерді, салалық (сала аралық), аймақтық келісімдерді, ұжымдық шарттарды (еңбекті қорғау бойынша келісімдерді) басшылыққа алады.

Комитет (комиссия) келесі құқықтарға ие бола алады

– жұмыс берушіден жұмыс орындағы еңбек жағдайы, өндіріс жарақаттарын және кәсіптік аурулар, қауіпті және зиянды өндіріс факторлары, денсаулыққа зақым келтірудің тәуекелділігінен қорғану шаралары туралы хабар алу;

–  мәжілістерде жұмыс берушінің (оның өкілдерінің), құрылымдық бөлім жетекшілерінің  әрі басқа да қызметкерлердің  жұмыс орындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша олармен міндеттердің орындалуы, ұйымда қауіпсіз жұмыс жасау құқықтарының кепілдіктерін сақтау, еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету туралы хабарлауларын тыңдау;

– комитет (комиссия) мәжілістерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бой- ынша талаптарды бұзушылыққа, ауыр жарақаттарға жол берген жетекішлердің және ұйым басқа қызметкерлерінің  түсіндірмесін тыңдау, ҚР заңнамасына сай еңбекті қорғау талаптарын бұзушыларды жауапқа тарту туралы жұмыс берушіге ұсыныс жасау;

– комитет (комиссия) құзырлығына қатысты мәселелер бойынша ұжымдық шартты (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау келісімді) дайындауға қатысу;

– жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қауіпсіз еңбек жұмыстары жағдайы талаптарына сай еңбекті қорғауға белсене араласатын жұмыскерлерді көтермелеу туралы ұсыныс енгізу;

– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын бұзушылықтарға, еңбек шарттарының өзгеруіне байланысты еңбек дауласуларын, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек шарттарында жұмыс жасайтын қызметкерлерге өтемақы төлеу бойын- ша мәселелерді шешуге көмектесу.

Ұйымда жұмыс жасайтын еңбек қауіпсіздігі пен және еңбекті қорғау комитетіне (комиссияға) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзған қызметкерлерді тәртіптік жауапқа тартуға қатысты жұмыс берушіге ұсыныс жасау құқығы беріледі.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль