Еңбек тәртіптемесі туралы ережені әзірлеу бойынша ұсынымдар

218
Еңбек тәртіптемесі туралы ережені әзірлеу бойынша ұсынымдар
Кабасова Гульнара Жунусбековна
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», старший HR-специалист ТОО «INTERCOMP Казахстан», г. Алматы
Еңбек тәртіптемесінің ережесі еңбек заңнамасына, келісімдерге және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерге қарағанда, қызметкерлердің еңбек жағдайларын нашарлатпауға тиіс.

Еңбек тәртіптемесінің ережелері немесе қағидалары, бірлескен жұмысты біріктіретін, тәртіпті сақтауға, жұмыс уақытын дұрыс бөліп, пайдалануға, тіпті өндірістің тиімділігін арттыруға себеп болатын міндетті жергілікті нормативтік акт болып табылады. Сондықтан Ережені әзірлеу, жай ғана өз ұйымыңа стандартты үлгіні таңдап алу емес, оған  үлкен жауапкершілікпен қараған абзал.

Еңбек кодексімен Еңбек тәртіптемесі туралы ережеге қосуға жататын сұрақтар тізбесі белгіленді. Бірақ, бұл құжатты әзірлей отырып, жұмыс беруші өз кәсіпорнының ерекшелігін және еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктерін ескеру керек.

Еңбек тәртібі

Еңбек тәртібі деп жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы түсініледі (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 32) тармақшасы (бұдан әрі – ҚР ЕК)). 

Қызметкер негізгі міндеттерінің бірі еңбек тәртібін сақтау белгіленген (ҚР ЕК 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).   

Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбегін ұйымдастыру бойынша қатынастарын реттеу тәртібін орнататын, жұмыс берушінің негізгі ұйым ішілік құжаты Еңбек тәртіптемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) болып табылады. Ол, Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқылы, жұмыс берушінің ішкі актілеріне жатады.  

Еңбек тәртіптемесі:

  • Өзара қарым-қатынастарды реттеу – басшы мен орындаушылар арасындағы және қызметкерлер арасындағы;
  • тәртіпті күшейту;
  • жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
  • жұмыстың сапасын жақсарту;
  • еңбек өнімділігінің өсуіне көмектесу.

Еңбек тәртіптемесінің ережесі еңбек заңнамасына, келісімдерге және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерге қарағанда, қызметкерлердің еңбек жағдайларын нашарлатпауға тиіс. 

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін ережелер, жарамсыз деп табылады және қолдануға жатпайды. Бұл, Еңбек тәртіптемесінің ережесінде қызметкерлердің құқықтарын шектейтін немесе әлеуметтік кепілдіктерінің деңгейін төмендететін жағдайлар болмау керек дегенді білдіреді.

Еңбек тәртіптемесі туралы ережені ресімдеу

Еңбек тәртіптемесін ресімдеудің екі нұсқасын ұсынамыз:

  1. Дербес құжат – егер ұйымда ұжымдық құжат болмаса.
  2. Ұжымдық құжатқа қосымша. Еңбек тәртіптемесінің ережесін ұжымдық шартқа Қосымша ретінде ресімдеуге болады, өйткені ұжымдық шарт заңнаманың талабы бойынша міндетті түрде ҚР ЕК 284-бабының 1-тармағында аталған ережелерді қамтиды.
  3. ҚР ЕК 284-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар жасалған бас, салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды. Ұжымдық шартқа жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы ережелер кіреді.

Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді (ҚР ЕК 69-бабының 2-тармағы). Өзге мәселелерге: қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан босату, ынталандыру және жазалар, жалақы төлеу мерзімі және т.с.с. жатқызуға болады.

         Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады (ҚР ЕК 69-бабының 4-тармағы).

         Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі (ҚР ЕК 69-бабының 3-тармағы).

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығымен Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы бекітілді.

Еңбек тәртібі туралы жарғылар мен ережелер бұл ұйымдарда, жарғылар мен ережелерде көзделмеген мәселелерді ескертетін, еңбек тәртіптемесінің ережелерін қабылдауды жоққа шығармайды.

Еңбек тәртіптемесі туралы ереженің нысаны

Заңнамада Еңбек тәртіптемесі туралы ереженің үлгілік бланкісі жоқ. Бұл құжат ерікті нысанда жасалады. Әдетте Ереженің мазмұнында:

  • жалпы ережелер (Еңбек тәртіптемесінің мақсаты және оны қолдану, кімге қатысты, қандай жағдайларда қайта қарастырылады және басқа жалпы ақпарат);
  • жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі (жұмыс уақыты мен жұмыс аптасының режимі, тынығуға және тамақтануға арналған үзілістер, қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін берілетін арнайы үзілістер, демалыс және мереке күндері, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс тәртібі, үстеме жұмыстар және оларға тарту тәртібі, жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртібі, жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстарын, оқу демалысын және т.б. беру негіздемелері мен ұзақтығы);
  • жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері;
  • қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері;
  • жұмыстағы табыстары үшін ынталандыру шаралары (ұйым қызметкерлерін ынталандыру түрлері мен тәртібі, сыйлықақы беру жағдайлары);
  • еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік;
  • қорытынды ережелер – Еңбек тәртіптемесінің ережелерін міндетті орындау туралы тармақтарды және еңбек қатынастары туралы дауларды қарау рәсімдерін қамтиды.

Еңбек тәртіптемесі туралы ережелерді бекіту

Жұмыс беруші Еңбек тәртіптемесі туралы ережелерді құжатпен ресімдеген соң, жоба, Еңбек тәртіптемесі туралы ережені бекіту қажеттігінің негіздемесімен бірге қызметкерлердің ресми өкілдеріне (немесе кәсіптік органға) келісу үшін жіберіледі (ҚР ЕК 12-бабының 2-тармағы).

Жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен асырмай қызметкерлердің өкілдері талқылайды (ҚР ЕК 12-бабының 3-тармағы).

Қызметкерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса жазылады.

Жұмыс беруші келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып өзгертілген акт шығарады, келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуіне болады.

Келіспеушілік хаттамалары болған жағдайда да, ұйым басшысы Еңбек тәртіптемесінің ережелерін қабылдауға құқылы екенін атап өткен жөн (ҚР ЕК 12-бабының 6-тармағы). 

Еңбек тәртіптемесінің ережелері бұйрықпен, сондай-ақ құжат бланкісінде «Бекітілді» белгісін қою арқылы қолданысқа енгізіледі.

В пункт 6 внесены изменения в соответствии с Законом РК от 17.02.12 г. № 566-IV (см. стар. ред.)

Кәсіпорын қызметкерлерін Еңбек тәртіптемесі туралы ережелермен таныстыру

Жұмысқа жаңа қызметкерді қабылдағанда онымен еңбек шартын жасасқанға дейін, ал Ереже қайта қабылданса, онда жұмыс үдерісінде – жұмыс беруші қызметкерді Еңбек тәртіптемесі туралы ережелермен қол қойғызып, таныстыруы қажет (ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы).

Ол үшін, қызметкерлердің барлығы қол қоятын, жеке таныстыру парағы жүргізіледі.

Қызметкерлерді осы құжатқа енгізілетін барлық өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету қажет.

Еңбек тәртіптемесінің ережелері, таныстыру үшін, кез келген уақытта қолжетімді болу керек. Ол үшін оларды ұйымның бас кеңсесінде және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің көрінетін жеріне іліп қоюға болады. Сондай-ақ бұл ақпаратты корпоративтік сайтта орналастыру да өте маңызды.

Сонымен, Еңбек тәртіптемесі туралы ережелер ұйым жұмысының ерекшеліктерін көрсету керек және еңбек үдерісінде туындайтын, әдеттегі жағдаяттардың көпшілігіне арналған, қызметкерлердің жұмыс режимінің нұсқаларын қамтуы тиіс.

Әзірленген ережелер жиынтығы ұйымның басқа бөлімдерімен, сондай-ақ кәсіподақ комитетімен міндетті түрде келісілуге жатады, содан кейін ғана басшының бекітуіне жіберіледі.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль