Іссапарға жіберу – еңбек қатынастарын жүзеге асыру кезіндегі жаңа мүмкіндіктердің бірі

69
Іссапарға жіберу – еңбек қатынастарын жүзеге асыру кезіндегі жаңа мүмкіндіктердің бірі
Лазутина Ирина Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», бизнес-тренер, эксперт по вопросам регулирования трудовых отношений в Республике Казахстан, сертифицированный тренер ОSCЕ по правовым вопросам, г. Алматы
Енді басқа компанияларда қызметін жүзеге асыру үшін жұмыскерді ауыстыруға мүмкіндік пайда болды. Бұл процесс жаңа ҚР ЕК «іссапарға жіберу» атауын алды. «Іссапарға жіберуді» «іссапар» ұғымымен шатастырмау керек.

Іссапарға жіберу – Қазақстан үшін еңбек қатынастарын жүзеге асырудың жаңа нысаны болғандықтан, онымен жақынырақ танысудың мағынасы бар. Жұмыскерді іссапарға жіберу жағдайында еңбек шартының тараптарына не істеу керек екенін, ҚР ЕК 40-бабы айқындайды.

Негізгі анықтамалар

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексі (бұдан әрі - ҚР ЕК) еңбек қатынастарының көптеген аспектілеріне өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, еңбек процесінің тиімділігі үшін еңбек қатынастарының тараптарымен пайдаланылатын жұмыскерлерді ауыстыру мүмкіндіктері көтерілді. Осылайша, егер бұрын басқа жұмысқа ауыстыру, басқа жерге ауыстыру, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке немесе жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты ауыстырулар бір компанияның қабырғасымен ғана шектелсе, бүгін жұмыскерді ауыстыру шеңбері кеңейді.

Енді басқа компанияларда қызметін жүзеге асыру үшін жұмыскерді ауыстыруға мүмкіндік пайда болды.

Бұл процесс жаңа ҚР ЕК «іссапарға жіберу» атауын алды.

«Іссапарға жіберуді» «іссапар» ұғымымен  шатастырмау керек. Жұмыс берушінің осы іс-әрекеттерінің арасында маңызды айырмашылықтар бар.

ҚР ЕК 40-бабының 1-тармағын сәйкес, іссапарға жіберу – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді қоспағанда, жұмыскердің (іссапарға жіберілгеннің) еңбек шартына байланысты белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым (еңбек функциясы) бойынша не басқа заңды тұлғадағы басқа лауазым, мамандық, біліктілік бойынша жұмысты орындауы.

Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 82) тармақшасы).

Сұрақ-жауап

Жұмыскер іссапарға жіберілген жұмыс берушінің таңдау өлшемдері қандай?

ҚР ЕК 40-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшасына сәйкес, белгілі бір міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлерді:

1) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаға акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға;

2) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға іссапарға жіберуге жол беріледі.

Кез келген жұмыскер іссапарға жіберілуі мүмкін бе әлде қандай да бір ерекшеліктер бар ма?

ҚР ЕК 40-бабына сәйкес, іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі және саны іссапарға жіберу мақсаттарына қарай заңды тұлғалар арасындағы жазбаша келісімде белгіленеді.

Жұмыскерлерді іссапарға жіберу тәртібі қандай?

Жұмыскерді іссапарға жіберу талаптары, тәртібі және мерзімі заңды тұлғалар мен іссапарға жіберілген жұмыскер арасында қол қойылатын келісімде айқындалады (ҚР ЕК 40-бабының 3-тармағы).

Әртүрлі санаттағы жұмыскерлерді іссапарға жіберу үшін қандай да шектеулер бар ма (он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер; мүгедектер; кішкентай балалары бар жұмыскерлер және т. с. с.)?

Заңнамада жеке санаттағы жұмыскерлерді іссапарға жіберу үшін ешқандай шектеулер көзделмеген.

Бірақ, егер іссапарға жіберілетін жұмыс берушінің еңбек жағдайлары ҚР ЕК әр санаттағы жұмыскерлерге көзделген талаптарға сәйкес келмесе, онда жеке санаттағы жұмыскерлерді іссапарға жіберуге жол берілмейді.

Алайда, жұмыскерлердің бірталай санын іссапарға жіберудің кейбір ерекшеліктері бар. Басқа жұмыскерлер іссапарға жіберілетін заңды тұлғаның жұмыскерлерінің мүддесін қорғау мақсатында жағдай көзделген0 соған сәйкес, жұмыскерлер іссапарға жіберілетін заңды тұлғаның орташа тізімдік санының он пайызынан артық жұмыскерлер бір мезгілде іссапарға жіберілген жағдайда, жұмыскерлер жіберілетін заңды тұлға жұмыскерлерінің өкілдерімен келісілуі қажет.

Келісу тәртібі заңды тұлғалар мен жұмыскерлердің өкілдері арасындағы тараптардың келісімінде айқындалады.

Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақтала ма?

ҚР ЕК 40-бабының 4-тармағына сәйкес, іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Іссапарға жіберілген жұмыскер үшін еңбек жағдайлары өзгере ме әлде бұрынғыдай қала ма?

ҚР ЕК 40-бабының 6-тармағына сәйкес, іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы мен оны беру тәртібін қоспағанда, ол іссапарға жіберілген заңды тұлғаның жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі қолданылады.

Іссапарға жіберуге жұмыскердің келісімі қажет пе әлде іссапарға жіберетін немесе іссапарға жіберілетін заңды тұлғалардың еркімен ғана жіберуге бола ма?

Іссапарға жіберу кезеңіне жұмысты орындау орнының өзгергені көрсетіле отырып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою арқылы еңбек шарты тараптарының жазбаша келісімімен ғана іссапарға жіберуге жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші іссапарға жіберілгенге дейін жұмыскер болған жұмыс орнын (лауазымын) жұмыскерге ұсынуға міндеттенеді (ҚР ЕК 40-бабының 5-тармағы).

Іссапарға жіберілген жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда не істеу керек: оған тәртіптік жаза қолдану керек пе? Егер жауабы оң болса, онда оны қай заңды тұлға жасайды?

ҚР ЕК 40-бабының 70-тармағына сәйкес, іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, ол іссапарға жіберілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, іссапарға жіберілген жұмыскердің жұмыс берушісін үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Іссапарға жіберілген жұмыскер жазатайым оқиғаға ұшыраса, оны кім тергеп-тексереді?

 Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға кезінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жұмыс беруші өкілінің қатысуымен жұмыскер іссапарға жіберілген заңды тұлғаға жүктеледі (ҚР ЕК 40-бабының 8-тармағы).



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль