Жұмыс жағдайлары – қатесіз ресімдейміз

77
Жұмыс жағдайлары – қатесіз ресімдейміз
Курасова Анастасия Михайловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», кандидат экономических наук, специалист по вопросам труда и заработной платы, бизнес-тренер, г. Алматы
Жұмыс берушінің бастапқы кезде-ақ мүлдем басқа ойы болғанмен, үміткердің алдағы уақытта бос орынға қосымша ойлары болуы мүмкін.

Әңгімелесу кезеңінде ізденушіге еңбек жағдайлары, еңбекақы және лауазымдық міндеттердің мазмұны туралы мәліметтер берілді, бірақ, жұмыскер нақты іске кіріскенде олар басқаша болып шықты. Өтемақы алу үшін немесе еңбек жағдайларын өзгерту үшін, бос орын туралы қате ақпарат берген фактіні жұмыскер құжатпен қалайша растауына болады?  

Еңбек қатынастарын ресімдеу

Әдетте, лауазымдық міндеттерін оындаудан бұрын, жаңа жұмыс орнында маман еңбекпен қамтылу туралы белгіленген рәсімдерден өтеді:

  • бөлімше немесе ұйым басшысымен, кадр бөлімінің қызметкерлерімен әңгімелесу;
  • лауазымдық міндеттерімен танысу;
  • жұмыс берушіге қажетті құжаттардың пакетін беру және т.с.с.

Әңгімелесу кезінде жұмыскерге де, жұмыс берушіге де келесі сәттерді талқылау маңызды:

  • еңбекке ақы төлеу жағдайларын ­– жалақының негізгі бөлігінің мөлшерін, тиісті қосымша ақылар, сыйақы төлеу шарттары;
  • еңбек шартының қолданылу мерзімін;
  • жмыс уақытының ұзақтығын: жұмыс күнінің (ауысымының) басталу және аяқталу сағаттарын;
  • лауазымдық мңндеттерін, мүмкін болса –­ олардың толық тізбесін (лауазымдық нұсқаулық).

      Бұл ретте ізденуші, оны жаңа жұмыс орнындағы күтіп тұрған жағдайлар туралы білетін болады, ал жұмыс беруші кейіннен еңбек шартына қосатын талаптарды белгілейді.

Алайда, бұл өзара міндеттемелердің әрқайсысы өзінше түсінуі мүмкін. 

Жұмыс берушінің бастапқы кезде-ақ мүлдем басқа ойы болғанмен, үміткердің алдағы уақытта бос орынға қосымша ойлары болуы мүмкін.

Сондықтан еңбек заңнамасы жмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарын міндетті түрде құжатпен ресімдеуді талап етеді.

Тараптардың өзара жауаптылығы туралы шарт

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің (бұдан әрі ­ ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес, еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Сондай-ақ еңбек кодексі, жұмыскердің белгілі бір жұмыс берушідегі жұмыс өтілін және еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

Егер ізденуші қол қоярдың алдында еңбек шартын оқып, әңгімелесу кезінде уәде берген барлық талаптар толық көлемде, түзетілмей, енгізілгеніне кзі жетсе, онда ол құжатқа қол қояды.

Егер ізденуші  шарттың нақты ережелерімен келіспесе, онда ол әңгімелесу кезінде алдын ала келісілген шарттың басқаша жазылғанын дереу талқылауға тиіс. Жағдаятты толық айқындап алмай, құжатқа қол қоюдың қажеті жоқ.

Егер бұл мәселе бойынша ізденуші және жұмыс беруші бір шешімге келуге қол жеткізбесе, онда бос лауазымға үміткердің басқа жұмыс іздеуіне тура келеді.

Өкіншке орай қазақстандық жұмыскерлер еңбек шарттарын мұқият оқымайды ­- бұл жағдай ақырында күрделі еңбек дауларының мәні болуы мүмкін.

Түзетулер мен толықтырулар

Еңбек шартын жасасуға байсалдылықпен қарау керек, өйткені құжатқа қол қойған соң, ресми инстанцияда, мысалы, сізге 150 000 теңге мөлшерде айлық беруге уәде бергенін, ал еңбек шартында 120 000 теңге деп қате жазылып кеткенін, дәлелдеу мүмкін болмайды. Ешкім мұны байқамай, қол қойғаныңызды есепке алмайды.

Еңбек шарты – ол заңды құжат; ол ресми ресімделгенде, бір нәрсені өзгертуді талап етуге болады, бірақ, барлық өзгертулер тек тараптар өзара келіскенде жүргізіледі.

Сондықтан егер жұмыс беруші  түзетулер енгізуге келспесе, нда еңбек шарты өзгеріссіз қалады.

Алдыңғы уақытта барлық талаптар орынсыз болады; тек жұмыскердің дәлелденген ұсыныстарын ғана жұмыс беруші қабылдауы мүмкін, тек сол кезде ғана ол қол қойылған шартты өзгертуге келісуі мүмкін.

Кейде құжаттардағы сәйкессіздіктер,  еңбек заңнамасының нормаларынан ауытқып, еңбек шарттарының мерзімдерін немесе тіпті, жалақының мөлшерін жазғанда қателесетін, кадр қызметі жұмыскерлерінің кінәсінен болады.

Қателікті кез келген адам жасауы мүмкін, сондықтан еңбек шартының жобасын өте мұқият оқыған абзал.

Түзетулер кешірек енгізілсе де болады, бірақ, ол кезде ол істің барлық жағдайларын түсіндіруге көп уақытты талап етеді.

Әрине, қателіктер мен дәлелденбеген наразылықтардан құтылу үшін, ізденушілерге еңбек заңнамасының негіздерін білуге, жеке басының құқытары мен міндеттерін, жұмыс берушінің құзыреті мен еңбек шарттарын жасасу мен ұзартуға, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізуге қатысты, ҚР ЕК нормаларын білу керек.

Ешқандай еңбек шарты жұмыскерлердің құқықтарын шектейтін немесе кепілдіктерінің деңгейін төмендететінжағдайларды қамтымауға тиіс. Ондай жағдайлар (егер олар шартқа енгізілсе)  жарамсыз олып табылады және қолдануға жатпайды.

Еңбек шартына қол қойған соң, оның бір данасын алып, көшірмесін жасап, жоғалтпаған жөн.

Еңбек шарты болмаған кезде, еңбек қатынастарын өзіңізге дәлелдеуге тура келеді, бұл жағдайда өз құқығыңызды қорғау оңай болмайды.

 Еңбек шарты сіздің жұмыс берушімен еңбек қатынастарыңыздың көп бөлігін реттейді, сондықтан оның ресімделуіне үлкен жауаптылықпен қарау керек.


 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль