Справочник кадровика

Үстеме жұмыс. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тарту жағдайлары

  • 12 декабря 2018
  • 706
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы

Үстеме жұмыс жұмыс уақытының тәртібінің бұзылуын білдіреді, сонымен қатар нормадан тыс орындауды білдіреді. Алайда позитивті жағынан қарайтын болсақ, жұмыскерге қосымша ақша табыс алуына мүмкіндігі бар. Және демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс ыңғайлы жағдай болып табылады.

Жұмыскердің құқығын қорғау мақсатында жұмыс беруші үстеме жұмыс кезінде әр жұмыскерге қатысты жұмыс уақытының есебін жүргізуге міндетті, өйткені үстеме жұмыс кезіндегі жұмыс жоғарылатылған ақымен немесе қосымша демалыс уақытымен өтеледі. Мақалада біз жұмыскерді үстеме жұмыстарға және мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа тарту тәртібі туралы, сондай-ақ мұндай жұмысқа ақы төлеу туралы айтып береміз.

Үстеме жұмыс дегеніміз не? 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес, үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс.

Жұмыс беруші жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге міндетті (ҚР ЕК 23-бабы, 2-тармағының 20) тармақшасы).

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Үстеме жұмысқа тартуға қойылатын шектеулер

Қазақстан  Республикасының заңнамасы үстеме жұмысқа тартуға жол берілмейтін жұмыскерлердің толық тізбесін белгілейді:

1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер;

2) он сегіз жасқа толмағандар;

3) мүгедектік тобына қарамастан, мүгедектер.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


  • Жұмыскер әйел жұмыс берушіні өзінің жүктілігі жайлы хабардар етумен бірге, бұл фактіні, медициналық ұйым белгіленген тәртіппен берген, жүктілігі туралы анықтамамен растауға тиіс.

Жұмыскердің келісімі қажет пе?

Жалпы қағида бойынша, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда:

  1. елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде. Халықты тарту арқылы, елдің қорғанысы үшін іс-шаралар өткізу, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» № 29-III заңына (2018.04.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) сәйкес жүзеге асырылады.
  2. төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V заңындағы тәртіппен (2018.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде.

Азаматтық қорғаныс туралы заңның 1-бабының 66) тармақшасына сәйкес, төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.

  1. сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық қондырғылар мен агрегаттарды пайдалану тоқтап (тоқтатыла тұрып) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының қызметі бұзылған кездегі денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары жатады.

  1. егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін;

Бұл жағдайда қызметкер жұмыста қалады: ол бір ауысымнан екіншісіне, оны ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда ауысады. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыс орнында қалдырады, және мұндай артық істелген жұмыс үстеме жұмыс деп есептеледі. Бұл орайда жұмыс беруші ҚР ЕК 78-бабындағы талаптарды сақтай отырып бұл жұмыскерді басқа жұмыскермен ауыстыруға міндетті. 

4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі.

Үстеме жұмыстарға тарту.  Міндетті жағдайлар

        Жұмыскерді үстеме жұмыстарға тарта отырып, жұмыс беруші заңнама бекіткен, үстеме жұмыстардың шекті санын сақтауға міндетті:

  • үстеме жұмыстар тәулік ішінде екі сағаттан;
  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс.

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығын айына және жылына сақтау бойынша талап жұмыскерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартқан жағдайларда қолданылады.

Үстеме жұмыстардың шекті санын сақтау мынандай жағдайларда қолданылмайды, яғни:

  • елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;
  • денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін.

Жұмыс беруші жұмыскерді үстеме жұмыстарға тартуды жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) ресімдеуге міндетті.

Бұйрық жұмыскерді үстеме жұмыстарға тартуға дейін шығарылады.

Сондай-ақ жұмысқа тартуға дейін жұмыс беруші жұмыскерді үстеме жұмыстарға тарту туралы бұйрықпен таныстыруға міндетті.  

Жұмыс беруші жұмыскерді үстеме жұмыстарға тартудың барлық ерекшеліктерін ескеруге тиіс, ол бапта үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол берілетіні айқындалған.

Тиісінше, жұмыс беруші жұмыскерді үстеме жұмыстарға тарту туралы бұйрықта жазбаны ресімдеу арқылы оның келісімін алуға тиіс.

★ Демалыс күні жұмыс істеу үстеме уақыттағы жұмыс болып табыла ма? ★

Сұрақ: Ұйымда жұмыскер демалыс күні 9.00-ден бастап 22.00-ге дейін жұмыс істеді. Нәтижесінде жұмыс беруші жұмыскерге басқа күні сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін жұмыс істегені үшін демалыс беру және 9.00-ден бастап 22.00-ге дейінгі үстеме уақыты үшін ақы төлеу туралы бұйрық шығарды. Жұмыс беруші заңға сай әрекет жасады ма?
Үстеме жұмыс. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тарту жағдайлары

Лариса Степуро

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий юрист, г. Алматы
Жауабы: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) нормаларының мазмұны, бұған дейін қолданыста болған заңнама сияқты демалыс күні істелген жұмыс үстеме жұмысқа жатады деген ұғымның, сондай-ақ оған қарама қарсы ұғымның да біржақты түсінігін бермейді. Бұл тақырып төңірегінде даулар мен пікірлер өте көп және олар ұзақ уақыт бойы созылып келе жатыр.

Үстеме жұмысқа ақы төлеу

Үстеме жұмысқа ақы төлеу ҚР ЕК тәртіппен жүргізіледі.

Үстеме жұмыстарға уақыт бойынша ақы төлеу бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшердегі еңбекақы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» № 908 бұйрығының (бұдан әрі – Бірыңғай қағидалар) 8-тармағына сәйкес, барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Орташа күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін орташа жалақы (Бірыңғай қағидалардың 2-тармағының 6-тармақшасы).

Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.

Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмыс үшін жоғарылатылған еңбекақының орнына тынығу уақыты беріледі. Үстеме жұмыстың әр сағатына бір сағат демалыс беріледі.

Үстеме уақытқа жоғарылатылған мөлшерде ақы немесе қосымша тынығу сағаттарын алу, ол – жұмыскердің таңдауы.

Үстеме жұмыстарға тарту туралы бұйрықта бір уақытта үстеме жұмыстарға төленетін ақы немесе қосымша тынығу сағаттары туралы мәселені шешкен тиімді.

Мереке және демалыс күндері кезіндегі жұмыс 

Мереке және демалыс күндері туралы – ол ең алдымен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыскерге арналған тынығу уақыты. Сондықтан демалыс күндері жұмысқа тарту тәртібі Еңбек кодексінің жеке бабында қаралады.

Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Жұмыскерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы және бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

 ҚР ЕК 84-бабының 3-тармағында бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленетіні регламенттелген.

Екінші демалыс күнін белгілеу, еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітетін, жұмыс берушінің айрықша құқығы болуы мүмкін.

Басқа жағдайда екінші демалыс күні тараптардың ұжымдық шартында айқындалады.

Қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) қарамастан:

  • мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні;
  • 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

Кейбір жұмыс түрлері үшін заң шығарушы демалыс күндерін берудің ерекше тәртібін көздейді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 250 бұйрығының 36-тармағына сәйкес, экипаж мүшелеріне аптасына бір демалыс күні беріледі, ол кемінде 36 (отыз алты) тізбекті демалыс сағатын құрайды және 2 (екі) түнді қамтуға тиіс, әрбір түн жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ден 08.00-ге дейінгі аралықтағы 8 (сегіз) сағаттан тұратын кезеңді білдіреді.

Демалыс күндері:

•   үздіксіз өндірістерде;

•   өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша өндірістерде;

•   халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсетумен байланысты өндірістерде;

•   вахталық әдіспен жұмыс істейтін өндірістерде кезекпен беріледі.

Демалыс күнінің кезекпен берілуі, аптаның әртүрлі күндерінде жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) ауысымдық кестелерге сәйкес (вахталар кетелеріне) демалыс күндері берілетінімен сипатталады.

Мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері.

ҚР  2001 жылдағы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» № 267-ІІ заңына сәйкес (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң),  Қазақстан Республикасында мереке күндері – ол, Қазақстан Республикасында атап өтілетін, ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер.

Ұлттық мерекелер – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік мерекелер  – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Мерекелер туралы заңның 2, 3-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасында Ұлттық мереке – 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер – мына күндері атап өтілетін мерекелер:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

9 мамыр - Жеңіс күні;

6 шілде - Астана күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Мерекелер туралы заңының 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер жұмыс емес күндер болып табылады.

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа тарту тәртібі

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа тарту жұмыскердің келісімімен және келісімінсіз де мүмкін.

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскерлердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі (ҚР ЕК 85-бабының 1-тармағы).

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:

  • ауысымдық кесте бойынша;
  • вахталық кесте бойынша вахталық әдіспен жұмыс кезінде;
  • сондай-ақ ҚР ЕК 86-бабында көзделген жағдайларда:
    • төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
    • еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;
    • тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.

Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Демалыс және мереке күндері жұмысқа ақы төлеу

ҚР ЕК сәйкес, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Демалыс және мереке күндері жұмысқа ақы төлеу, үстеме жұмыспен бірдей, еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Дереккөз: "Қазақстандағы мамандар анықтамалығы" 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться