Өндірістегі жазатайым оқиға

261
Өндірістегі жазатайым оқиға

Кәсіптік аурудан және өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккен қызметкерлердің, сонымен қатар олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау, және кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғаларды бірыңғай есепке алу мен тергеу:

  • ҚР ЕК «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу» 37-тарауымен;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесін бекіту туралы» ережелер (бұдан әрі – Ережелер).

Өндірісте қызметкермен болған жазатайым оқиғаға байланысты жұмыс беруші ҚР ЕК 37-тарауымен қарастырылған жедел әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті:

  • алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру;
  • зардап шеккен қызметкерді ауруханаға жеткізу;
  • авариялық жағдайдың алдын алу;
  • оқиға орнын сақтау бойынша шара қолдану;
  • жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру бойынша комиссия құру.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына қойылатын талаптар

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру комиссиясы жұмыс берушінің тиісті бұйрық шығару жолымен жиырма төрт сағат ішінде қалыптастырылады. Бұл бұйрықтың үлгілі нысаны заңнамамен көзделмеген, сондықтан жұмыс беруші ҚР ЕК талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес өз бетінше әзірлейді.

Ұйымда құрылған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жазатайым оқиғаларды объективті және жан-жақты тергеп-тексеруге тиіс.

 Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс (ҚР ЕК 324-бабы 6-тармағы).

Мыналар комиссия құрамына кіреді, яғни:

  • төраға – ұйым (өндірістік қызмет) басшысы немесе оның орынбасары;
  • мүшелері – ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы мен жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігі үшін тікелей жауап беретін лауазымды тұлғаларды қоспағанда, қызметкерлер өкілі.

Комиссия құрамына қойылатын ерекше талаптарды заңнама келесі жағдайларда белгілейді:

  • қатерлі улану жағдайында комиссия құрамына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері кіреді;
  • жазатайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру шартының болуы жағдайында комиссияның жұмысына тиісті сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы;
  • егер жазатайым оқиға басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкерімен болса, комиссия құрамына аумағында қызметкер жұмыстарды орындаған немесе жүргізген ұйымның өкілі кіреді;
  • егер жазатайым оқиға қоса атқарушы қызметкермен болса, онда ол аумағында немесе тапсырмасы бойынша жұмыстар жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алынады.

Егер жұмыс беруші жеке тұлға болып табылса, онда тергеп-тексеруге жұмыс берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлер өкілі, еңбекті қорғау маманы қатысады, ол шарттық негізде және жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге тартылуы мүмкін.

Жазатайым оқиғаның мән-жайларын анықтау және зерделеу

ҚР ЕК 37-тарауының талаптарына сәйкес жазатайым оқиғаның мән-жайларын анықтау және зерделеу үшін комиссия мыналарды орындауға тиіс, яғни:

  • егер бұл басқа тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер туындатпаса және апатты жағдайға әкелмейтін өндірістік процестің үздіктілігін бұзбаса, жазатайым оқиға болған орынды қарауды (жабдықтар мен механизмдер, еңбек құралдарының жағдайын);
  • жазатайым оқиға орнын және зақымданған объектілерді суретке түсіру;
  • оқиға орнын және мән-жайын тиісінше көрсетуге тиісті жоспарлар, эскизін, схемаларын жасау;
  • осы мақсаттарда сарапшы-мамандарды тарта отырып (қажетті жағдайларда) техникалық есептерді орындауды, зертханалық зерттеулер, сынақтар, басқа да сарапшы жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етуді;
  • оқиға куәгерлерін анықтауды және сұрауды, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғамен байланысты құжаттар нысанын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) 5-қосымшада айқындалған нысан бойынша оларға жүргізілген сұрақ-сауал хаттамаларын ресімдеуді;
  • егер жазатайым оқиға туралы қажетті ақпаратты алу үшін қызметкердің денсаулық жағдайы мүмкіндік зардап шеккен қызметкерден сұрақ-жауап алуды (бұл жағдайда зардап шеккен қызметкерден түсініктеме ресімделеді);
  • жұмыс берушіден келесі құжаттардың көшірмелерін талап етуге:
  1. зардап шеккен қызметкер жұмыс істеген құрылымдық бөлімше туралы ережені, еңбек тәртібі туралы ережені (оны таныстыруды растайтын қызметкердің қолтаңбасымен);
  2. қызметкерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты (оны таныстыруды растайтын қызметкердің қолтаңбасымен);
  3. қызметкердің қолтаңбасы бар нұсқама журналдарын: кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталап, жоспардан тыс, мақсатты нұсқамалардың;
  4. қызметкердің оқығанын, қызметкердің медициналық тексерілуін, жұмыс орнын аттестаттауды, қызметкерді қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етуін, қызметкерлердің арнайы киімдері мен аяқ-киімдерін беруді және жөндеуді қамтамасыз етуді, оларды профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуатын және залалсыздандыратын заттармен, медициналық дәрі қораппен, сүтпен,емдік-профилактикалық тамақпен, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарымен жабдықталуын растайтын құжаттарды;
  5. зардап шеккен қызметкерлермен еңбек шарты;
  6. зардап шеккен қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы, ұйымдағы еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі үшін жауапты адамды тағайындау туралы, объектідегі немесе белгілі бір жұмыс учаскесіндегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтар;
  7. лауазымдық нұсқаулықтар: қызметкердің (танысқанын растауы бар қызметкердің қолымен), тікелей басшының немесе жұмыс басшысының, техника қауіпсіздігі жөніндегі маманның;қызметкердің денсаулық жағдайы туралы, өндірістік жарақаттың ауырлығы туралы медициналық қорытынды (бұл қызметкердің өзіне берілетін аурухана үзіндісі еместігіне назар аударамыз);
  8. қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарты және басқа да құжаттар;
  • жұмыс берушінің өндірістік қызметімен жазатайым оқиғаның байланысын айқындауды: зардап шегушінің оқиға болған орынға өзінің еңбек міндеттерін орындаумен келуі түсіндіріле ме;
  • жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға сияқты немесе өндіріспен байланысы жоқ жазатайым оқиға сияқты бағалауды;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзған тұлғаларды айқындауды және олардың кінәлі дәрежесін белгілеуді.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу

Тергеп-тексеру нәтижесі Ереженің 2-қосымшасымен бекітілген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.

Өндіріспен байланысты, медициналық қорытындыға (ұсынымдарға) сәйкес қызметкердің (қызметкерлердің) еңбек қабілетінен айырылуға септігін тигізген қандай да болмасын жазатайым оқиға актімен ресімделеді. Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары сондай-ақ еңбек қабілетін жоғалту бар ма жоқ па бұған қарамастан жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.

Жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы актіні зардап шеккен қызметкерге немесе оның сенімді адамына тергеп-тексеру аяқталған соң үш күннен кешіктірмей береді.

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген тергеп-тексеру нәтижелерін зардап шеккен қызметкер дауға салуға құқылы. ҚР ЕК 326-бабының 5-тармағына сәйкес, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль